?осмекенділерді? к?пт?рлілігі. ??йры?сыз ж?не ??йры?ты ?осмекенділер отряды.


Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы: Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықсыз және құйрықты қосмекенділер отряды.
Сабақтың мақсаты:
БІЛІМДІЛІК: Оқушыларды құйрықсыз және құйрықты қосмекенділер отряды мен таныстыру.
ДАМЫТУШЫЛЫҚ: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізуге қабілеттерін арттыру.
ТӘРБИЕЛІК: Жан-жақтылыққа,ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың әдісі: Суреттер арқылы топқа бөлу. Суреттерде орналасқан сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын сұрау. Слайд және бейнетаспа арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Сабақтың түрі: Өзгерген сабақ.
Уақыты Сабақты ұйымдастыру
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс әрекеті
2мин Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу,оқушыларды түгендеу.
Оқушылар орындарына отырады.
6 мин
Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылар арасынан көмекші тағайындап, оған суреттердің кескіндері беріледі. Таратып шығады. Кескін сурет артында сұрақтар орналасқан. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы суретті құрастырады. Осы тәсіл арқылы үйге берілген тапсырманы бекітемін.
Оқушылар берілген сұрақ бойынша жауап береді. Суретті құрастырады да тақтады тұрады.
7 мин Жаңа тақырыпты ашу. 1. Оқушылар қазір біз тақтада қандай жануарлардың суретін құрастырдық?
2. Балалар олардың арасында қандай айырмашылық бар?
3. Екеуіне ортақ қандай қасиеті бар?
Жарайсыңдар балалар! Олай болса бүгінгі сабағымыздын тақырыбы: Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықсыз және құйрықты қосмекенділер отряды.
Ендеше балалар біздің топтарымыздың атаулары: құйрықсыз қосмекенділер отряды және құйрықты қосмекенділер отряды.
Интербелсенді тақтадан бейне жазба көрсете отырып,жаңа тақырыпты ашу.
Оқушылар тақтада сұрақтарға жауап беріп, топтарына бөлініп отырады. Бейне жазбаны көре отырып,түсініктерін айтады.
7 мин Ой толғау Оқушыларға тапсырма беру. Оқулықты пайдалана отырып құйрықсыз және құйрықты қосмекенділер отрядтары туралы постер қорғау.
Оқушылар постер арқылы тақырыпты қорғайды.
3 мин Сергіту сәті. Тақтадан сергіту сәтіне сергіту сұрақтары беріледі.
Екі топтан оқушы шығарып, ол оқушыларға суреттер беріледі сол суреттерді бір-бірінің маңдайына орналастырады да сол суреттегі жануардын даусын қимылын салады. Қарсы тұрған оқушы оны табып, өзінің суретін бейнелеуге кіріседі. Оқушылар бойларын сергітеді.Қимыл қозғалысқа келеді.
4 мин Қызықты деректер Қосмекенділерге арналған ескерткіштер. Оқушылар интер белсенді тақтадан искеркіштердің суреттерін көреді.
5 мин Кесте толтыру Құйрықсыз қосмекенділер отряды Құйрықты қосмекенділер отряды Аяқсыз қосмекенділер отряды
Оқушылар дәптерге кесте толтырады. Жауаптарын тауып,жазады да түсіндіріп айтады.
3 мин "Кім шапшаң?" Қосмекенділер отряды Өкілдері
Қосмекенділердің отрядтарын ата және
өкілдерін отрядтарға бөл.
1. Тритон 2. Шөп бақа 3.Жасыл құрбақа 4.Жетісулық бақатіс 5. Саламандра .6.Сақиналы құртпошым
7.Көл бақа 8.Даната құрбақасы.9. Қызылаяқ бақа
Оқушылар "кім шапшаң?"
ойынына қатысып шапшаңдық білдіреді.
3 мин "Білгір достар" Қазақстанда кездесетін бақаның 5 түрінің аттарын ата. Интер белсенді тақтаға суреттер беріледі. Интер белсенді тақтада берілген суреттерге қарап жауап береді.
4 мин Бекіту. "Сандар сөйлейді" әдісін пайдаланып өтілген сабақты бекіту.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бетшеге жазып береді.
2 мин Бағалау Таратылып берілген бағалау бетшелері жиналып алынады.
Әрбір топ өздерінің бір-бірін қалай бағалағандарын айтып түсіндіреді.
1мин Үй жұмысы. Өтілген тақырыпты қайталау. Аяқсыз қосмекенділер отряды туралы мәліметтер жинақтау.
Оқушылар ізденіс жұмыстарын жүргізеді.
-10344151188085
-13392151127125


р/с Оқушы аты-жөні Үй тапсырмасы Постер дайындау, қорғау Сергіту сәті Кесте толтыру "Кім шапшаң" "Білгір достар" "Сандар сөйлейді" Барлық ұпай саны Бағасы
1 2 3 4 5 6 р/с Оқушы аты-жөні Үй тапсырмасы Постер дайындау, қорғау Сергіту сәті Кесте толтыру "Кім шапшаң" "Білгір достар" "Сандар сөйлейді" Барлық ұпай саны Бағасы
1 2 3 4 5 6 р/с Оқушы аты-жөні Үй тапсырмасы Постер дайындау, қорғау Сергіту сәті Кесте толтыру "Кім шапшаң" "Білгір достар" "Сандар сөйлейді" Барлық ұпай саны Бағасы
1 2 3 4 5 6 Ғалымдар бақа терісінен дәрі дайындайды
Біріккен Араб Әмірлігі университетінің ғалымдары бақа жабын терісінің ерекше қасиеттерін анықтады.
Осының негізінде олар стафилакоккпен күресетін жаңа күшті антибиотик жасап шығарды Бақа терісі антибактериальды заттармен қорғалғандықтан оларға ауру туғызатын микроағзалар әсер етпейді. Бірақ ғалымдар олардың жағымсыз әсерлерін кетіретін модификациялау жолын тапты. Нәтижесінде зерттеушілер 100 жаңа антибиотик алды, олар клиникалық сынаққа әзір және алдағы 5 жылда қолданысқа еңбек.
Қызықты деректер
- Саламандра 18, тритон 13, бақылдауық бақа 10, құрбақа 36 жыл өмір сүреді екен.
Ең кіші бақа – Кубаның қортық бақасы. Ұзындығы 1 см шамасында.
Ең суыққа төзімді – Сібір бұрыштісі, Сібір бақасы, үшкіртұмсықты бақа
Ең улы – Оңтүстік Америкада кездесетін ағашқа өрмелейтін бақа
Ең ірі бақа – Африкада кездесетін голиаф. Салмағы 3,5 кг, ұзындығы 50 см.
Саламандраның ең ірісі – Жапонның алып саламандрасы. Ұзындығы 1,5-1,8 метр, салмағы 70 кг.
Ең ірі бақа – Оңтүстік Африкада кездесетін ага құрбақасы
Қазақстанда ғана кездесетін түр – Жетісу бақатісі
Өкпесі мүлде болмайтын түрлер өкпесіз саламандра мен өкпесіз тритон
Зор дауысты-Америка Құрама Штатында мекендейтін дене тұрқы 20 см.Өзбекбақа
Көп ұрпақ беретін –Солтүстік Америкада тіршілік ететін ага-құрбақасы,өгізбақа. Аналықтары 20000-ғ дейін уылдырық шашады.
Аз ұрпақ беретінқосмекенділерге –альпі саламандрасы мен сары саламандыра
Өмір бойы дернәсіл күйінде қалатын-европалық және америка протейлері
Дүние жүзіндегі ең ірі бақа -голиаф деп аталады.салиағы 3,5кг ,аяғын созғандағы денсінің ұзындығы жарты метрден асады.