БАЯНДАМА ТЕЗ ДАЙЫНДАЛАТЫН ТАГАМДАР


Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен санитарлық шараларын сақтауымызға бағытталған, денсаулықты нығайту үшін жастарды салауатты өмір салтына насихаттап, ақпараттық іс-шаралар жүргізілу керек деген.
Жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, жүйке психикасын дұрыс қалыптастырып, ширақ, жігерлі, сымбатты өсіру әрбір ата-ана мен педагогтырдің алдында тұрған үлкен міндет.
Жастары, болашақ мамандары әлсіз, денсаулығы нашар, білімсіз, зиянды әдеттерге әуес, жалқау, тәрбиесіз болса, ол мемлекет қашан да әлсіз, қорғансыз. Ендеше, келер күннің айнасы - жастар денсаулығында, салауатты өмір салтында.
Салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастыра алмау (режимнің дұрыс сақталмауы, қимыл-қозғалыстың аз болуы, дұрыс тамақтанбау, жағымсыз жағдайлардың көп болуы, зиянды әдеттерге үйір болу) қоғамымыздағы келеңсіз жағдайлардың таралуының басты факторлары.
Соңғы жылдарда әлемдік жаһандану үрдісінде табиғатта тепе-теңдік жағдайында сақталып тұрған кейбір химиялық элементтердің адам ағзасында бірден көбейе түсуі және ағза үшін маңызы бар элементтер мөлшерінің кеміп кетуі байқалуда. Химиялық элементтердің барлығыда тиісті мөлшерден артық болса немесе азайып кетсе адам ағзасына кері әсер ететіні анықталған. Химиялық элементтердің табиғатта таралу жағдайларына жасалған зерттеулер бойынша жердің массасының шамамен 50%-ын оттек, 25%-дан астамын кремний құрайды. Он сегіз элемент - оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, калий, натрий, магний, сутек, титан, көміртек, хлор, фосфор, күкірт, азот, марганец, фтор, барий - жер массасының 99,8%-ын құраса, ал қалған 0,2%-ы барлық басқа элементтердің үлесіне тиеді.
Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы – кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро- және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады.  Химиялық элементтердің адам ағзасындағы биологиялық орны әр түрлі болып келеді. Макроэлементтер - ұлпаның құрылысын, осмос қысымының тұрақтылығын, иондық және қышқыл– негіздік құрамын реттеушілер. Микроэлементтер қан жасалу, тотығу – тотықсыздану, тамырлар мен ұлпалардың өткізгіштігіне белсенді әсер етушілер. Макро – және микроэлементтер – кальций, фосфор, фтор, йод, алюминий және кремний, сүйек және тіс ұлпаларының түзілуін қамтамасыз етушілер. Микроэлементер ферменттер, гормондар, дәрумендер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде кіреді де зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алу, улы заттарды залалсыздандыру үрдістеріне қатысады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды.
Сонымен, біздің елімізде азық-түлік кәсіпорындарының шикізат базалары анағұрлым артып, халқымыздың өскелең мұқтажын толық өтеу үшін тамаша сапалы миллиондаған центнер азықтық өнімдер береді. Азық-түлік фабрикалары мен заводтардың техникалық қарулануы және құрал-жабдықтардың жетілдірілуі еңбек өнімділігін анағұрлым арттыруды, өндірілетін өнімнің сапасын үздіксіз жақсартуды қамтамасыз етеді. Демек, бізде дастарқанға қояр тағамдардың алуан түрлерін пісіруге толық мүмкіндік бар. Тағамдар құрамындағы минерал тұздары, витаминдер, басқа да заттар мөлшер жағынан бірдей бола бермейді. Мысалы, ет пен балықта, жұмыртқа мен сүтте белок пен май көп болғанмен, бұларда көмірсутегі аз болады. Ал жеміс-жидек пен көкөністе, жарма мен нанда көмірсутегі мол да, белок пен май жағы кеміс. Бұл элементтерден органикалық және органикалық емес құрамдар түзіледі. Сондықтан нәрлі, дәмді тағам пісіргенде осы жағдайды ескеріп, ұштастырып отыру керек.
Денсаулық – әрбір адам бақытының негізгі компоненті.
«Ас – адамның арқауы» дейді қазақ мақалында. Демек, асты тиісті мөлшерде мезгілімен дұрыс ішіп-жеу организмнің жан-жақты өсіп, дамуына, денсаулықты сақтауға пайдалы әсер етеді: жұмыс қабілеті артады, өмірге құштарлығы күшейеді, қартаю құбылысы тежеледі. Олай болса, адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды.