?а??аны? негізгі б?лімдері. Омырт?а жотасыны? аурулары. Оларды? алдын алу.


Пәні: биология
Сыныбы: 8 «А»
Сабақ реті: 24
Сабақтың тақырыбы: Қаңқаның негізгі бөлімдері. Омыртқа жотасының аурулары. Олардың алдын алу.
№8 зертханалық жұмыс. Омыртқа жотасының иілгіштігін анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бассүйек және иық, жамбас белдеулері, қол-аяқ сүйектері түрлерін, құрылысы мен қызметтері туралы білімдерін арттыру. Адамның тік жүруіне және еңбек етуіне байланысты қаңқасында пайда болған ерекшеліктерді анықтауды үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеті мен зейін, түйсіктерін қалыптастыру, топпен, жұппен шығармашылық жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелілігі: өз ағзасын зерттеп білуге және сымбаттылыққа, партаға дұрыс отырып қалыптастыруға тәрибелеу.
Оқу нәтижелері: Оқушылар топта жұмыс жасауға қалыптасады.Оқушылар формативті бағалауды үйренеді. Оқушылар топта ынталы жұмыс жасауға бейімделеді.
Сабақтың типі: жаңа сабақты игерту
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Әдісі: сұрақ –жауап, активойд, жекелеме, топтық жұмыстар, оқытудың жаңа әдіс- тәсілдер технологиясы.
Көрнекілігі: адам қаңқасы, адам қаңқасы (плакат), слайд.
Ресурстар мен жабдықтар: плакаттар, маркерлер,стикерлер, таратпа тапсырмалар,
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, медицина, өмірмен байланыс.
Сабақтың барысы Уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Жұмыс
түрі
1.Ұйымдастыру
кезеңі 2 минут Оқушылармен сәлемдесу
Сыныпты түгендеу,
Сыныпты түстер бойынша 3 топқа бөлу. Топ басшысын сайлау. Бағалау парақшаларын тарату. Топқа ат қою.
1-топ. Ми сауыты
2-топ. Дене қаңқасы
3-топ. Иық белдеуі
Топқа бөлінеді, назарларын сабаққа аударады ұжымдық
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 3 минут І.«Зымыран сұрақтар»
1. Тірек қимыл жүйесіне не жатады?
2. Сүйек типтерін ата?
3. Сүйектің байланысу типтерін ата?
4. Сүйектің құрылысы қандай?
5. Сүйек қандай заттардан тұрады?
6. Органикалық заттар сүйекке қандай қасиет береді?
Тез қимылдап , сұраққа жауап беріп , өздеріне ұпай жинайды Жеке жұмыс
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту кезеңі 5 мин Тест жұмысы
Активойд пограммасы арқылы Әр оқушы тест жұмысын өз бетінше орындайды. Жеке жұмыс
IV. Жаңа сабаққа бастама 2 мин «Мағынаны тану»
Жоғары қарап күн көрдім
Төмен қарап жер көрдім,
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім – деген
өлең жолдарында төмен қарадық, жоғары қарадық, иілдік, бұрылдық осының барлығы ненің көмегімен жүзеге асады ?
- Әрине қаңқаның көмегімен.
Оқушылар мұғалім айтуы бойынша қайталайды.
Жаңа тақырыпты ашады. Жалпы жұмыс
V. Жаңа сабақ 7 мин
8 мин
1 мин
Мәтін бойынша әр топқа тапсырма береді.
1-топ.Тірек қимыл жүйесінің маңызы.Бас қаңқасы
2- топ. Дене қаңқасы. Кеуде қуысы.
3-топ. Иық белдеуі. Жамбас белдеуі. Қол-аяқ сүйектері
Постермен жұмыс
Стикерлер сайлау.
Әр топтың стикерлері постерлерін қорғау.
Омыртқа жотасының аурулары.
Сергіту сәті. «Қаңқа биі» Тақырыпты оқып, меңгереді.Оқулықпен жұмыс жасайды,ойларын жинақтап, өзара талдайды. Постерлерге түсіреді
Топтық жұмыс
VI. Сабақты бекіту 5 минут
3 мин
3 мин 1) «Кім білгір?»
3 топ бір- біріне сұрақ қою.
2) №8 зертханалық жұмыс. Омыртқа жотасының иілгіштігін анықтау.
Суретпен жұмыс. Мына сұрақтарға жауап беріңдер:
Омыртқа жотасы қанша иілімнен тұрады?
Олардың қандай маңызы бар?
3) Тренажор «Қаңқа»
Таратпа материалдарын беру Үш топ бір-біріне сұрақ қояды. Сұрақтарға жауап береді.
Суретпен, дәптермен жұмыс жүргізіп, сұрақтарға жауап береді.
Өзінің көршілес отырған оқушымен жұп құрып тапсырманы орындайды. Топтық жұмыс
Жеке жұмыс
Жұптық жұмыс
VII. Бағалау кезеңі 2 мин Бағалау парағымен салыстыра отырып оқушыларды бағалау. Топ басшылары бағалау парағын мұғалімге тапсыру VIII. Үйге тапсырма беру кезеңі 1 мин §23 оқу Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазу. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті,
Ү.К. Томанов атындағы №183 орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: Қаңқаның негізгі бөлімдері. Омыртқа жотасының аурулары. Олардың алдын алу.
биология пәнінің мұғалімі – Сатылганова Жадыра Нурдаулетовна
2014-2015 оқу жылы