?ан?аны? негізгі б?лімдері. Омырт?а жотасыны? б?лімдері. Адам ?ан?асыны? ерекшеліктері.


Өтілу мерзімі: 30.11.2015 жыл.
Сыныбы: 8 «А»
Пәні: Биология
Сабақ № 24
Тақырыбы: Қаңқаның негізгі бөлімдері: бассүйек, тұлға қаңқасы, иық және жамбас белдеулерінің қаңқасы, қол-аяқ қаңқасы. Омыртқа жотасының бөлімдері. Адам қаңқасының ерекшеліктері
Мақсаты: Қаңқаны құрайтын сүйектер, олардың құрылысы мен маңызы, адам қаңқасының ерекшеліктерін түсіндіру
Міндеттері: Білімділік: тірек – қимыл жүйесінің құрылысы мен қызметтері туралы жаңа анатомиялық-физиологиялық түсініктерді қалыптастыру, қаңқаның құрылысы мен қызметтері туралы білімдерін арттыру
Дамытушылық: білім алушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау және ойлау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: оқушыларды өз денсаулығына жауапкершілікпен және мұқият қарауды тәрбиелеу, адам өміріндегі және іс- әрекетіндегі денсаулығының рөлін түсіндіру
Нәтижесі: Қосымша әдістемелік материалдарды қолдана алады
Пәнаралық байланыс: Химия, медицина
Көрнекілік құралдары: Интербелсенді тақта, кеңсе заттары (түрлі-түсті маркерлер, ватман, стикерлер).
Түйінді идеялар Қаңқа сүйектерін, олардың ағзадағы қызметі мен маңызын білуі
Сілтемелер Биология (8 сынып), 99-106 оқулық беті
Сабақтың типі Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі интерактивті
Сабақтың барысы
Оқыту әдістері
Тапсырмалар
Оқушылардың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті Нәтижесі
І. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут 1. Амандасу, психологиялық ахуал тудыру 1 минут
1.Топқа бөлу, (әріптер арқылы) 1 мин Топқа бөлу
Мұғалім бағыт береді Бірлесіп, ақылдаса отырып топтасуды үйренеді.
ІІ. Білу
Үй тапсырмасын сұрау 5 минут Конверттегі сұрақ
Әр топ таңдап алынған конверттегі сұрақтарға жауап береді.
1-топ: Сүйекқап дегеніміз не, оның маңызы неде? Сүйек құрамындағы ағзалық заттар сүйекке қандай қасиет береді? Сүйек қалай ұзарып өседі?
2-топ: Сүйектің құрамында қандай заттар болады? Оссеиннің сүйекте қызметі қандай? Қарт адамдардың сүйегі неге морт сынғыш келеді?
3-топ: Қаңқаны құрайтын сүйектер қандай байланыстар түзеді? Сүйек сынғанда неге қанайды, ол ет емес қой? Буын дегеніміз не, құрылысы қандай?
4-топ: Қозғалмайтын байланыстағы сүйектерді ата. Буын неше бөліктен тұрады? Сүйектің ақ түсті және мықты, қатты болуы неге байланысты? Мұғалім бақылаушы Оқушылар конверттегі сұрақтарды тобымен ақылдасып, жауап береді.Оқушылар жылдамдыққа үйренеді, нақты жауап береді
3. Ой қозғау
1 минут Топқа бөлінудегі әріптердің қандай мағынасы бар екенін айтады Мұғалім бағыттаушы, кеңесші Пікірлерін ортаға салып, бірлесе жауап береді, табыс критериин қоя алады
4. Түсіну: Топтық жұмыс
5-минут Оқушылар суреттегі адам мен жануар қаңқасын салыстырады, төмендегі сұрақтарға жауап береді:
1.Қаңқаның қандай ерекшеліктері адамды сүткоректі жануарлардан ажыратады?
2.Жануарлар қаңқасының негізгі бөлімдерін, сүйектерін, олардың құрамдас бөліктерін атаңдар Мұғалім бағыттаушы, кеңесші Оқушы өз ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйренеді, бірін-бірі оқытады,қорытынды шығарады.
5. Қолдану: топтық жұмыс
10 минут Әр топ өздеріне берілген тапсырманы тобымен талқылап, түсіндіреді, ортада қорғайды
1-топ: бас сүйегі
2-топ: тұлға сүйегі
3-топ: қол сүйегі
4-топ: аяқ сүйегі Мұғалім бағыттаушы. кеңесші Өзара оқыту үдерісі жүреді
6.Талдау: топтық, жеке жұмыс
10 минут АКТ-ны (интернет желісі: ұялы телефон, планшет) пайдалана отырып, омыртқа жотасы, оның құрылысы мен маңызы туралы тапсырманы орындайды Уақытын тиімді қолдана алады, өз ойын ашық айта алады
7. Жинақтау: топтық, жеке жұмыс
8 минут Кластер әдісі
Бүгінгі тақырып бойынша не білгендерін, нені үйренгендерін постерге түсіріп қорғайды
Мұғалім бақылаушы Сабақты пысықтауды үйренеді
8. Бағалау:
3 минут Топты бағалайды
Өзін-өзі бағалайды. 2 мин
Стикерлерге өздерінің сабақтан алған әсерлерін білдіреді. 1 мин Мұғалім бағыттаушы
Стикер таратып береді
Топты бағалау, өзін-өзі бағалауды үйренеді.
Сабақтан алған әсерлерін білдіруді үйренеді
9. Үйге тапсырма
1 минут Тақырыпты оқу, «Денің сау болсын десең-жүгір. Сұлу болғың келсе –жүгір. Ақылды болғың келсе-жүгір» деген физиологиялық қанатты сөздің  мәнін ашу
Тапсырма береді Қосымша ізденеді, қызығушылығы артады