Математика п?нінен ашы? саба?. Та?ырыбы: Жай б?лшекті? негізгі ?асиеті. Жай б?лшектері ?ыс?арту?а есептер шы?ару. 5-сынып.


Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшектері қысқартуға есептер шығару
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты жөні Тұңғышбаева Айзат 5 в сынып
11.12.2015 «Бекітемін»
оқу ісі жөніндегі орынбасары
Сабақтың атауы Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшектері қысқартуға есептер шығару
Сілтеме Математика 5сынып, Т.А Алдамұратова, сабақ жоспары, слайдтар
Жалпы мақсаты Жай бөлшектің негізгі қасиетін есте сақтау, жай бөлшектерді қысқарту тәсілдерін есте сақтау дағдысын қалыптастыру, теориялық білімдерін тереңдете түсу, математикалық тілде сөйлеу мәдениетін дамыту. Логикалық ойлау, есте сақтау, өз ойларын ашық, жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру, ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу
Міндеттер Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу
Тақырып бойынша есептер шығару
Күнделікті өмірде қолдана білу
Мұғалім үшін оқу нәтижелері Оқуға бағыт бағдар беру
Топта жұмыс істеу арқылы тақырыпты меңгерту
Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Жай бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып есептеу жай бөлшектерді қысқартудың тәсілдерін меңгеруге жағдай жасау
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері Білім білікті қалыптастыру сабағы, топтық ,жұптық жұмыстар , өзін бағалау сыни тұрғыдан ойлау, деңгейлеп саралап оқыту, сұрақ ­жауап, талдау, қорыту, рефлексия
Сабақтың көрнекілігі Тақырыпқа сай слайдтар, улестірме парақтар, топтық тапсырмалар жазылған плакаттар, бағалау парағы.
Күтілетін нәтиже Оқушылар жай бөлшектің негізгі қасиетін пайдаланып есептей алады, жай бөлшектерді қысқартудың тәсілдерін меңгереді. Әділ бағалай алады.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
Топтың аты жазылған тусті парақтарды таңдау арқылы үш топқа:
жасыл тус ­ үлес, сары түс­ алым, қызыл тус­ бөлім топтарына бөлінеді
Оқушыларға топтың ережесі, сабақтың мақсаты, оқушының мақсаты, сабақтан алған білімін қалай жеткізуге болатынын, бағалау критерийі түсіндіріледі
Бағалау критерийі:
Білімділігі
Ойлау жылдамдығы
Топпен жұмыс жасауы
Жекелей жұмыс жасауы
Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті
Ой қозғау.
а) үй тапсырмасын тексеру
«Мен саған, сен маған»
Слайдта есептің шешімі көрсетіледі.
ә) өткен сабақтан сұрақтар Слайд бойынша бір бірінің есептерінің жауабын тексереді.
№826
3 7 7 15 1 1
1) — 2) — 3) — 4) — 5) — 6) —
5 3 10 7 6 2
Бөлшек түрінде жазып және оқып шығыңдар:

Тапсырманы ауызша орында:

Үлес деген не?
Бөлшектің бөлімі нені білдіреді?
Алымы нені білдіреді?
Бірлік бөлшек деген не?
Жай бөлшектің негізгі қасиеті?
Бөлшектерді қысқарту деген не?
Тәсілдері қандай?
Топпен жұмыс
Топта есеп шығарып, қорғайды Үлес тобы есепті дұрыс тауып, тұсындағы әріптермен кестені толтырса, әлемдегі ең кішкентай құс атауы шығады

Алым тобы есепті дұрыс тауып, тұсындағы әріптермен кестені толтырса, мойны ұзын жануар атауы шығады
Р 1) А 2) Ж 3)

Бөлім тобы есепті дұрыс тауып, тұсындағы әріптермен кестені толтырса, суда жүзетін сүтқоректіні біледі.
2∙3 600 45 96 84
Л 1) — И 2) — Ь 3) — Д 4) — Ф5) — 2∙5 800 150 160 120
5 ∙ 27 11∙9
Н 6) —— Е 7) ——
18∙15 27∙121
Деңгейлік тапсырмалар Оқулықпен жұмыс.
Үш топ тақтада есеп шығарады. Әр оқушы өз деңгейіндегі есепті шығарады

Сергіту сәті. Оқушылар мұғалім бөлшек санның бөлімін айтқанда отырады, алымын айтқанда екі қолын екі жаққа созып орындарынан тұрады. Созылған екі қол бөлшек сызығын білдіреді.
Бекіту кезеңі
«Кім зерек» ойыны Бөлшек түрінде жазып, бөлшекті қысқарт:
Алымы
Бөлімі 5 10
30 55 25 Бағалау Жоғарыда берілген критерий бойынша бағаланады
Қорытындылау Рефлексия
Үйге тапсырма №838, 839