Дене т?рбиесі п?нінен.Гимнастика.Акробатикалы? жатты?улар.Ал?а,арт?а домалау,?аптал?а айналу


Сыныбы__________
Уақыты__________
Сабақтың тақырыбы: Алға,артқа домалау,қапталға айналу.жартылай шатқа отыру
Сабақ мақсаты. :Дене бұлшық еттерін дамыту,иілгіштік,ептілік,жылдамдыққа баулу..
Өткізілетін орны : Мектептің гимнастика залы.
Спорт құрал-жабдықтар: ысқырғыш,маты
Р/с Сабақ мазмұны Мөлшер Әдістемелік нұскаулар
I Дайындық бөлімі 15 1.Сапқа тұрғызу.
2.Рапорт қабылдау,сәлемдесу.
3.Сабақтың мақсатын түсіндіру. Спорт киіміне назар аудару.
Бір орнында саптағы бұрылыстар:
Оңға!
Солға!
Артқа бұрыл! 5’ Бас көтеріңкі,дене тік
Алаңды айнала жеңіл жүгіріс;
Үдемелі жүгіріс;
Жай жүгіріс;
Тоқта 1! 2!
Саптағы жаттығулар:
Қол желкеде аяқтың ұшымен жүру.
Қол белде өкшемен жүру.
Аяқтың сыртымен,ішімен жүру.
Жалпы жаттығулар:
Б.Қ-Қол белде,аяқ иық тұсында,басты айналдыру жаттығуы.
Б.қ-Қолды алға созу,аяқ иықтың тұсында,10 рет отырып тұру жаттығуы
Б.қ-аяқ иық тұсында белді айналдыру жаттығуы.
Б.қ.-Аяқ иық тұсында қол тізеде,аяқты ішке,сыртқа айналдыру жаттығуы. 10
Жүгіріс кезінде дұрыс тыныс алу.
Жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау.
II Негізгі бөлім
Гимнастика Акробатикалық жаттығулар.Алға,артқа домалау,қапталға айналу.
Алға домалау- жаттығу жасаушы оқушы жиырылып отырады, бас екі тізенің арасына қарай еңкейтіледі. Қауіпсіздендіруші көмекші бала бір қолының алақанын оның желкесіне қояды. Аяқты тіреп итерілу қарсаңында және домалап түсудің алдында қауіпсіздендіруші қолымн жаттығушының желкесіне басып, басын төсенішке тигізбей, екі тізесіне қарай жақындатады, сөйтіп,денені бірден аударып түсіруге көмектеседі. Алға қарай домалап түсуді өз бетінше көмекшінің көмегінсіз жасап үйрену. Артқа қарай домалау- Бүгіліп отырудан артқа домалап түсу, қолды тіреп тізерлеп отыру; домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін, жоғары секіру, аяқты бірге ұстап артқа қарай домалап асып түсу
Қапталға айналу-Аяқ иық тұсынан алшағырақ қол жоғарыда оңға сәл тербелеу арқылы сол жақ қапталмен аударылып түсу
Жартылай шатқа отыруды игеру үшін бастапқы қатыпта тізерлеп тұрып,бір аяқты бүгіп,екіншісін жазып және артқа қарай жылжытып,жамбасты артқа өкшеге тигенше серіппелі түрде қозғау.Арқаны жазып,ілгері қарау керек.Бұл жартылай жатқа отыру. 25’ Қауіпсіздік ережесін есте сақтау.
Мойынның қайырылып қалмауын қадағалау.
Домалау траекториясы кезінде төбемен түспей бас арқасымен жалғастыра жауырынға домалап кету.
Тізе,шынтақ бүгілмейді.
Қорытынды бөлімі III Сапқа тұрғызу.
Жіберілген қателіктерін айту.
Бағалау.
Үйге тапсырма. 5 Қауіпсіздік ережесін қайталау.жаттығу жасау.