?аза? тілі орыс тілінде о?итын сыныптар ?шін. Сергіту с?тін тиімді пайдалану



Қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айту үшін сергіту сәтін тиімді пайдалану
Орыс тілінде оқитын оқушыларда қазақ тіліне тән төл дыбыстары бар сөздерді дұрыс айта алмауы жиі кездеседі. Оларға дыбысты айту қиындығы ыңғайсыздық тудырмас үшін, сергіту жаттығуларын тиімді пайдаланған дұрыс деп есептеймін.Себебі, сергіту жаттығуларын бірге айтып, бірге қимылмен орындаған кезде оқушылар дыбысты айта алмау кедергісін бірге жеңіп үйренеді. Өздерінде бар кемшілікті бірге түзейді. Сондықтан сергіту сәтіне қажетті тақпақты, жаңылтпашты, жұмбақты,санамақты қазақ тіліне тән дыбыстар жиі кездесетін дыбыстармен таңдап алған жөн. Қ, ғ дыбыстарын дұрыс айту үшін мына тақпақты сергіту сәтіне пайдаланған тиімді. Мысалы:
Қарға,қарға, қарғалар (қанат қағу қимылы),
Қар үстінде жорғалар (жорғалау қимылы) .
Боран соқса бүрсиіп (бүрсию қимылы) ,
Бұтаға кеп қорғалар (орынға қайта отыру) .
Бұл тақпақтағы қимылдарды мағынаны түсінгенше мұғалімнің өзі үлгі көрсете отырып орындайды. Бірнеше сабақ бойы қайталағанда оқушылар оны жаттап та алады. Үнемі бірге айтқанда осы тақпақтағы қ, ғ, ү, і дыбыстарын дұрыс айтып үйренеді. Онымен қоса тақпақтың мағынасын да түсінеді.
Оңға түзу тұр,
Солға түзу тұр.
Алға бір адым,
Артқа бір адым.
Оңға бұрылып,
Солға үңіліп,
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Бұл сергіту жаттығуын жасағанда балалар ңғ, ү, ұ, і, қ дыбыстарын қайталап, бірге айта отырып орындайды. Айта алмау ыңғайсыздығын бәрі бірге орындағандықтан, сезінбейді.
Сол сияқты қызықты жаңылтпаштарды да қимылмен көрсете отырып,кейбір сөздердің мағынасын слайд арқылы суретімен қоса көрсетіп қимылмен үйретуге болады.(слайдтан түту қимылы бар сурет көрсетіледі). Мұғалімнің өзі түту үлгісін көрсетеді.
Мысалы:
Үміт түбіт түтті (түту қимылы),
Түбітті түтіп бітті (біту қимылы).
Бұл жаңылтпашты да өз тәжірибемде қолдандым. Оқушылардың көңіл-күйлерінің жоғары болуына да әсер етті. Түту қимылын бірге орындай отырып,оқушылар бірнеше сергіту сәтін қайталағанда, жаңылтпашты жаттап және ү, і дыбыстарын дұрыс айтып үйренді. Және біраз болса да тоқыма өнерінің ерекшелігімен танысты.
Қазақ тіліне тән дыбыс, ң-ды айта алмау, қазіргі кезде өте жиі кездеседі.Сондықтан ң дыбысы бар сергіту жаттығуларын да көп пайдаланған дұрыс. Мысалы:
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Бұл сергіту жаттығуының әрбір жолын қимылмен орындайды және қимыл арқылы сөздердің мағынасын түсінеді.
Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады),
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды).
Көктен төмен әдемi (төмен иіледі)
Кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды).
 
Тәулiк бойы тынбайтын,
Болайықшы ақ жаңбыр (ақырын жауған жауын тырсылын жасайды).
Астан-кестен жауатын
Өткiншi ендi бiз жаңбыр (тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi).
Қазақ тілін үйрену үшін мағынаны қимылмен үйлестіру тиімді тәсіл болып есептеледі.Сондықтан өз тәжірибеме сүйене отырып,сабақтың әрбір сәтін қазақ тілін үйренуге тиімді пайдалану керек деп есептеймін. Бұны өз сабақтарыңызға әрі қарай дамытып,щығармашылықпен пайдалануларыңызға болатынына сенімдімін.Тағы бірнеше тақпақты ұсынамын.
 
Аққу болып ұшамыз(ұшу қимылы),
Көлге келiп қонамыз(қону қимылы).
Көлдiң бетiн құшамыз(құшақтау қимылы),
Қайта самғап ұшамыз.(ұшу қимылы).
Иiлiп оңға бiр (оңға иілу),
Иiлiп солға бiр.(солға иілу).
Денемiздi дұрыстап (денені түзулеу)
Тұрамыз тік ұстап.(денені тік ұстау).
Қорыта келе айтарым,сабақтағы оқушылардың денсаулығын, көңіл-күйін жоғары деңгейде ұстау үшін, сергіту сәтін тиімді пайдалану,сабақ сапасының артуына, оқушылардың қызығушылығының жоғарылауына жақсы көмектеседі.
Астана қаласындағы Халықаралық мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі:Алипбаева Кульжан Кабденовна
Менің ұялы телефоным:87779874663
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.М. Әлімбаев, "Бөбектерге тарту"
2.Е.Дүйсенбай, "Санамақ"
3."Балдырған" журналы , 2007 №9
4. https://blogustaz.wordpress.com
5. http://bilimdiler.kz/bastaush/3798-sergitu-zhattygu.html