Конференция Айбыны ас?а?,т??ыры биік ?аза?стан


« Айбыны асқақ, тұғыры биік Қазақстан »
Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті,
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Сен неткен Отан – Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім! –
Құрметті қонақтар,оқушылар, мұғалімдер .Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты «Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» атты конференциямызға қош келдіңізер!
Жоспары:1.Кіріспе
2.Оқушылар баяндамасы
3.Тәуелсіздік туралы слайд
Мақсаты: 1.Оқушыларды еліміздің Тәуелсіздігін биік ұстауға, оны мәңгілікке сақтай білуге үйрету, туған елін,тілін, салт – дәстүрін,халқын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
2.Оқушылардың сөйлеу қабілетін арттыру, өз ойын мәдени тілде еркін жеткізу.
Туым тұғырлы
Елтаңбам елеулі
Әнұраным айбатты
Әнұраным жан ұраным,
Айтар әнім , сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Жүрсем егер дүние кезіп
Бақыт, бірлік – күн талабы,
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады -
Республикам Әнұраны. ( Әнұран орындалады)
Бүгінгі конференция қонақтарымен таныс болыңыздар:
1.Мектеп директоры - Мауленова Раушан Мауленқызы
2.Ауылдық кітапхана меңгерушісі - Қарқынбаева Жамиля Ошақбайқызы
3.Мәдениет үйінің әдіскері -Данибекова Жазира Қаржаубайқызы
Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Мауленова Раушан Мауленқызына беріледі.
Тәуелсіздік күніне арналған конференциямызды мектебіміздің хор мүшелері ашады.Гүлнұр Әділбекованың жетекшілігімен сахнада «Еркеназ» әншілер тобы.
Тақпақ :Жайна, Назгүл, Нұрай,Алина
Кіріспе сөз мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шугаева Ботагул Сламкуловнаға беріледі.
Сөз кезегін баяндамашыларға береміз.
11 сынып- Тәуелсіз Қазақстан, слайд
9 сынып – Менің ауданым, слайд
10 сынып – Менің ауылым , слайд
Баяндама регламенті 5-7 минут.Регламент сақтаймыз.
Баяндамаға байланысты жарысөз. ( Баяндамаға қатысты сұрақ немесе тілек айтуға болады)
« Айбыны асқақ, тұғыры биік Тәуелсіз Қазақстан» жасай берсін, деп бүгінгі конференциямызды « Атамекен» әнімен аяқтаймыз.Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы тағыда құтты болсын!

«А.С.Макаренко атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
« Айбыны асқақ, тұғыры биік
Тәуелсіз Қазақстан»

Конференция


2016 -2017 жыл