О?ЫТУ ?ШІН БА?АЛАУ Ж?НЕ О?УДЫ БА?АЛАУ


Кудербаева Жулдыз Сеилкановна
ДБА МФИМ
Педагогикалық кеңес отырысы
14 сәуір 2014 жылОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚУДЫ БАҒАЛАУ
Егер балалар бірдеңені түсінбейтін болса,
онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес,
оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлауға тиіс.
Ол балалармен сөйлескенде, шыдамдылық
етуі керек...
(Ы. Алтынсарин)
Мектепте оқушының тәрбиесі мен дамуы және оқу жұмысындағы мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы, ізгіліктендіру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған қазіргі кезеңде бағалаудың рөлі өте жоғары.
Нәтижеге бағдарланған білім беруді енгізу жағдайында білім беру үдерісі оған қатысушылар арасындағы субъект – субъект негізінде жүзеге асады. Білім алушы оқу - тәрбие үрдісіндегі субъект ретінде оқуда белгілі бір табыстарға жету үшін өз іс - әрекетін мақсатты ұйымдастырады.
Бағалауға білім алушылардың пәндік білім, білік, дағдыларын және адамгершілік нормалары бағдарлы, жалпы адами және ұлттық құндылықтар тұрғысындағы іс - әрекет тәсілдерін меңгеру бойынша олардың жетістіктерін көрсететін нақты нәтижелері бағалана алады.
Бағалау терминін естігенде тек қана бір курстың аяқталуы, сынақ, бақылау жұмыстары және диктант елестейді. Яғни оқушы берілген тақырыпты қаншалықты меңгергені немесе игермегендігі көрсетіледі.
Неге бағалау, оқу мақсаты және әдіс-тәсілдер бірге болуы керек?
Егер біз сабағымызда бағалау, оқу мақсаты және әдіс-тәсілдерін бірге ықпалдастырып қолдансақ, олар бір-бірін нығайтып, жетілдіріп отырады.
Сабақ мақсаты: мен оқушылар нені білгенін қалаймын және сабақтан шыққанда олар үйренгендерін ары қарай қалай қолданады.
Оқудағы әдіс-тәсіл: қандай сыныптағы немесе сыныптан тыс іс-әрекет менің мақсатымды нығайтады және оқушыларды бағалауға дайындайды.
Бағалау: мен белгілеген мақсатқа жеткендігімді қандай тапсырмалар ашып көрсетеді.
Сабақ мақсаты, оқудағы әдіс-тәсіл, бағалау бірге қолданылғанда оқушыларға өздігінен білімді меңгеріп, өз көзқарастарын зейін қойып, зерделей берген білім аясында жүзеге асырады.
«Қандай мәселе болса да, шәкірттің пікірін, ойын біліп барып, оны оған түсіндіріп, содан соң қорытынды айту керек»,- деп Ы. Алтынсарин айтқандай әр сабақта оқушылардын білімін қолпаштап отыруымыз керек деп ойлаймын.
Әлемдегі соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда формативті бағалау үдерісінің едәуір дамуы мен білім беру мен білім алуда қолдану мүмкіндіктеріне серпін берді. Оқыту үшін бағалауды түсіну үшін оны дәстүрлі бағалауға қарама-қарсы қойған дұрыс.
Оқыту үшін бағалау Оқуды бағалау
Оқыту үшін (формативті) бағалау мақсаты кері байланысты қамтамасыз ету үшін мұғалім және оқушы жүргізеді. Бұл оқушы үшін төмен бағанды бағалау болады. Жиынтық бағалаудың мақсаты оқушының бір тақырып немесе тоқсан аяғында жеткен жетістігі немесе белгілі бір стандартты меңгеруі.
Оқыту үшін бағалауда оқушы не білетінін көрсетеді, өзін-өзі бағалайды және жетілдіреді. Формативті бағалаудың дәстүрлі бағалаудан айырмашылығы
•Күнделікті сабақтағы іс-әрекетке килікпейді;
•Бағдарламаны меңгеру кезінде оқушы білімін дамыту үшін қойылады;
•Оқу жоспарының сыныпта орындалуын көрсетеді;
•Әрбір жеке тұлғаның әлсіз немесе күшті жақтары туралы хабарлама береді;
•Оқушының үлгерімі туралы бірнеше көрсеткіш көрсетеді;
•Ең бастысы әрқашан кері байланыс болады;
Сабақ кезіндегі тәжірибе бірлескен кезде, Оқыту үшін бағалау үдерісі -болып жаткан іс әрекеттегі оқыту мен оқуда қажет ақпаратты өздеріне лайықты және ыңғайлы етіп өзгертуді қамтамасыз етеді. Сабақтағы іс-әрекет оқушы үшін жаттығу және түсініктерін тексеру болады. Мұғалім үшін оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады.
«Мұғалім балаға сенімді көзбен қарап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді көріп, соны үнемі арқау етіп, «сенен жақсы оқушы шығады, сен оны түсіндің, ертең жаттап келіп, жақсы баға аласың»,- деген жылы сөздер айтып отырса, сонда жауапкершілігі артады»,-деп ағартушы, ғалым, тұңғыш педагог Ы. Алтынсарин сөзі жиырма бірінші ғасырдағы қолданысқа еніп келе жатқан оқыту үшін бағалау емес пе.
Сыныптағы оқушылардың білім алғандығын анықтау үшін қолданылатын Оқыту үшін бағалау түрлері:
Бақылау (бақылау парақтары, түртіп алу парағы)
Сұрау (диалогтік тәсіл)
Талдау
Кіру/шығу қағаздары (кері байланыс қағазы)
Графикалық ұйымдастырушы (миға шабуыл, Т-таблицасы, оқиға тізбнгі, мәселе шешу, тозған үлгі (Frayer Model), кейіпкер картасы)
Өзін-өзі және құрдастарының бағалауы (екі жұлдыз, бір тілек, айна, белгілер)
Жауап журналы
Таныстырылым
Ойлан. Жұптас. Бөліс.
Портфолио
Осындай оқыту үшін бағалаудың әдіс-тәсілінен кейін оқушылар сабаққа белсенді қатысады. Мұғалім оқушыларға бағалау парақтарын таныстыра отырып, бақылау парағы, рубикатор, өзін-өзі және құрдастарын бағалау, топтық бағалау парақтары арқылы жиынтық баға қоюға болады. Олар
•Қадағалау (бақылау) парағы
•Рубикатор
Қадағалау парағы оқушының алға жылжуын, қол жеткізген жетістігін анықтау үшін қолданылады. Қадағалау парағы қарапайым тәсілмен жол көрсетсе, ал рубикатор белгіленген өлшем бойынша сапаны өлшейтін құрал. Бұл жоғары бағанды өлшем. Рубикатордың төрт түрі бар (Holistic rubrics-жалаң рубикатор, analytic rubrics-талдау, жіктеу рубикаторы, primary-trait rubrics-бастапқы рубикатор, multi-trait rubrics-көп ерекшелікті рубикатор). Егер оқушы бағалаудың түрлерімен күнделікті сабақта танысып, дағдыланса бірте-бірте олар өз білімдерін ғана емес сонымен қатар құрдастарының да білімін бағалап, қорытынды жасай алады.
«Шәкірттің ойлау қабілетіне еркіндік беріп, шектемей, жетелеп, адастырмай бақылап, керек кезінде жолын көрсетіп отыру дұрыс», деген Ы. Алтынсариннің сөзі бағалаудың мәніне сай келмей ме. Яғни біз ұстаздар қауымы бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтауымыз қажет.
Ұшып келе жатқан әрбір тырна алдыңғы тырнаның ауа толқынын сезіп отырады. Артында ұшып келе жатқан құс ауаны қалыпты жағдайына келгенше қырындап отырады. Алдында ересек құс, соңында жастары ұшып отырады. Ересек ауаны жарып отырады. Яғни осы Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің деңгейлі бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтаған мұғалімдер бірігіп, желелік қоғамдастық арқылы тырналардай тізбектеліп, ынтымақтаса жұмыс жасасақ Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатын білімді ұрпақты тәрбиелеп шығатынымызға кәміл сенемін.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.https://blackboard.uoregon.edu/webapps/portal/frameset
2.Мұғалімге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі деңгей) [55-60 б]
3.Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы /Құраст.: С.Қалиев, К.Аюбай.-Алматы,2008.-Т.5.-Қазақстанның Ресейге бағыну кезіндегі тәлімдік ойлар және оқу ағарту ісінің жайы. [448 б]