Математика Д?рыс ж?не б?рыс б?лшектер


Күні: 14.12.2015ж
Сынып: 5 «б, в»
Сабақтың тақырыбы: Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Дұрыс бөлшектер және бұрыс бөлшектер ұғымын түсіндіру.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.
3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар.
Оқытудың әдісі: Түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу,
ә) оқушыларды түгендеу,
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
в) сабақтың мақсатымен таныстыру
Үй тапсырмасын тексеру № 841, 849.
1. Жай бөлшектің негізгі қасиетін тұжырымдаңдар
2. Жай бөлшекті қысқарту деген не?
3. Жай бөлшек қалай қысқартылады?
Жаңа сабақ:
1)Егер бөлшектің алымы бөліміне кіші болса, онда бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
2) Егер бөлшектің алымы бөлімінен үлкен болса, онда бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады. Кез келген бұрыс бөлшек 1-ден үлкен немесе 1-ге тең.
Есептер шығару
№850 ауызша
№ 851-855 жазбаша тақтада орындау
Сабақты бекіту кезеңі:
Қандай бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады?
Қандай бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады?
Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде қалай жазуға болады?
Бағалау.
Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: № 856-857