Рационал сандарды? периодты онды? б?лшек т?рінде жазылуы 5 сынып


Рационал сандардың перодты ондық бөлшек түрінде жазылуы Жарияланды 16-08-2013, 18:32 Категориясы: Математика
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандардың периодты ондық бөлшек түрінде жазылуы.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Рационал сандарды периодты ондық бөлшекпен жазуды, қандай жай бөлшектің шектеусіз ондық бөлшекпен жазылатын, таза периодты ондық бөлшекті, аралас периодты ондық бөлшектерді жазуды, оқуды үйрету.
2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттері мен дағдыларын жетілдіру,
белсенділіктерін арттыру, сабаққа қызығушылықты қалыптастыру, ұзақ есте сақтауына дағдыландыру.
4. Тәрбиелілік: Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетімен еңбектенуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: жаңа сабақСабақтың әдісі: түсіндіру сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, формулалар, тест.
Сабақтың барысы: І. ұйымдастыруІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тақтаға шектеусіз ондық бөлшектердің схемасын сызып, түсіндіруЕсептер шығару (жұмбақтар жасыру.)
1. Қорбаң – қорбаң етеді.
Балды жақсы көреді.
Онда аюдың есебін шешейік2. Өзінше ноян,
Қорқақ не?
Ендеше қоянның тапсырмасын орындайық.
3. Туғаннан жаңғақ жеп жетілген.
Бұтақтан - бұтаққа секірген?
Онда тиіннің әзірлеген есебін орындайық.
4. Айлакер қу, ұзын тұрқы,
жүрген жері күлкі.
Бұл не?_____________
Онда түлкінің әзірлеген есебін орындайық.
5. Үсті толған ине, түрпі.
Бұл не кірпі.
Онда кірпінің әзірлеген есебін орындайық.
6. Күжірейген жалы бар,
Ақырғаны естіледі алыстан.
Бұл не? АрыстанОлай болса арыстанның әзірлеген есебін орындайық.
7. Бақылдайды көлде оның мекені,
Осыдан - ақ көрініп тұр не екені.
Онда бақаның әзірлеген есебін орындайық.
8. Желбезекті қанатты,
Суда жүретіні анық,
Бұл не балықОлай болса балықтың әзірлеген есебін орындайық.
9. Көгімізде самғаған.
Қалықтаған зымыран.
Бұл не қыран.
Онда қыранның әзірлеген есебін орындайық.
10. Ала жолақ тоны мен,
Мұрты бар бір қарыс,
Бұл не? жолбарысЕнді жолбарыстың әзірлеген есебін орындайық.
3. Кітаппен жұмыс.
4. Логикалық есептер.
5. Сабақты бекіту. (сұрақтар арқылы)
6. Үйге тапсырма7. Сөзжұмбақ шешу.