Жай б?лшектер мен онды? б?лшектерді ?осу ж?не азайту.


lefttop00Семей қаласы
№47 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Мусралимова Сайрамгул Майтұрсынқызы
Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу және азайтуды меңгерту және жүйелеу. Ондық бөлшектердің жай бөлшектермен, жай бөлшектердің ондық бөлшектермен жазылуын және оқылуын үйрету. Біліктерін логикалық оймен іске асыра білу.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін, өз беттерімен жұмыс жасауын дамыту, математикаға деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.
Сабақ типі: жаңа материалды игерту
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ жабдығы: интерактивті тақта, презентация, оқулық, тапсырмалар жазылған топтамалар.
Сабақ әдісі: сұрақ –жауап, баяндау ,әңгімелесе отырып түсіндіру,есептер шығару.
Сабақтың өту жоспары:
Ұйымдастыру бөлімі.
а) оқушылармен сәлемдесу;
ә) оқушыларды түгендеу;
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй жұмысын тексеру. Өтілген тақырыптарға шолу есептері.
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Жаттығу жұмыстары. А , В деңгейінің тапсырмалары.
Сергіту сәті.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Үй жұмысын тексеру.
№957
2) 4,2х+5,3у+2,6у+1,8х=(4,2+1,8)х+(5,3+2,6)у= 6х+7,9у
4) 12,75а+1,85в+9,55а+3,5в= (12,75+9,55)а + (1,85+ 3,5)в = 22,3а+5,35в
№978
2) у-8,3=8,07+11
4) m -5,3= 21,7+0,613
6) k-6,7=0,333+0,965 у=27,37 m=27,613 k=7,998
№995 Берілгені: Бассейннің 0,75 бөлігі су. Бассейннің қандай бөлігі бос?
1-0,75=0,25
Ж:Бассейннің 0, 25 бөлігі бос.
Өтілген тақырыптарға шолу есептері
«Оқылуына сәйкес санды тап»
(сандарды дұрыс тапса, сандардың астындағы әріптерден ең кішкентай құстың атын оқиды)
Екі бүтін оннан бес 2,05 Т 2,5 К 2,005 П
Ноль бүтін мыңнан екі 0,002 О 0,02 Е 0,2 У
Үш бүтін мыңнан елу бес 3,55 Д 30,55 В 3,055 Л
Он алты бүтін жүзден жеті 16,007 А 16,7 Е 16,07 И
Он сегіз бүтін жүзден тоғыз 18,9 Ш 18,09 Б 18,009 В
Бес бүтін онмыңнан қырық бес 5,0045 Р 5,045 У 5,45 И
Отыз төрт бүтін мыңнан жүз бес 34,0105 В 34,105 И 34,15 М
Колибри – әлемдегі ең кішкентай құс. Оның көлемі түкті арамен бірдей, ал салмағы 1,5 -2 грамм.
«Кім қырағы?»
(тақтада көрсетілген амалдардағы өшіріліп қалған үтірлерді қою қажет) 48+22 7 945-545 4 11+3308 4408 53-117 413 12+92 212
Жаңа тақырып мазмұны.
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу немесе азайту үшін жай бөлшектерді ондық бөлшекке келтіріп жазып ондағы аттас разрядтарды бірінің астында бірі тұратындай ( үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп, баған түрінде жазып, разрядтары бойынша қосу немесе азайту керек; Мысалы: 25,7-10 3/20+35=25,7-10,15+35=50,55
Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу немесе азайту үшін ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазып жай бөлшектерді қосу немесе азайту ережесін пайдаланып есептеуге болады.
Мысалы: 7 5/12+32,5-31/3=75/12+321/2-31/3=(7+32-3)+((5+6-4)/12)=367/12
«Сен білесің бе?» (блок - схемадағы есепті шешу)
Кенгурудің неше метр биіктікке секіретінін білгілерің келе ме?
Ендеше мына блок-схема көмегімен есептеуді дұрыс орындасаң, жауабын білетін боласыңдар.
(жауабы: 8 метрден 10 метрге дейін )
Жаттығулар орындау. №966 тақтары
1/10+3,4=0,1+3,4=3,5
1/4+0,17=1,25+0,17=1,42
№967
№969
№993
Сергіту сәті.
(математикалық жаттығу жасау) Қолдарыңызды белге қойыңыздар.
Жауабы дұрыс болса оңға бұрыласыңдар,қате болса- солға бұрыласыңдар.
«Ең жүйрік жануар» (теңдеуді шешу)
Бұл теңдеуді ең бірінші болып шешкен оқушы ең жүйрік жануарды жариялайтын болады.
Гепард – ең жылдам сүтқоректі жануар. Өз жемін аулағанда ол 120 км/сағ жылдамдыққа дейін жүгіре алады.
Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма: №967,969,993 есептердің жұптары.
Оқушыларды бағалау.