?аза? тілі п?нінен саба? Ж?рна?


Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылы
М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы
білім беретін мектеп балабақша кешені
бастауыш класс мұғалімі
Актоты Ержановна Кажалаева
Пәні: қазақ тілі 2-сыныпТақырыбы: Жұрнақ
Мақсаты: Жұрнақ сөздің мағынасын өзгертетін қосымша екенін үйрену.
Күтілетін нәтиже: А) Жұрнақ сөздің мағынасын өзгертетін қосымша екенін біліп түсінеді.
В) Сөздерге жұрнақты дұрыс жалғай біледі.
С) Сөздерді сөз құрамына талдайды, қорытынды жасай алады
Керекті жабдықтар: Оқулық, компьютер, ресурстар
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Ұйымдастыру бөлімі
Шаттық шеңбері.
Күлім қағып қолымды
Бір, екі, үш деп соғайын.
Қарап тұрған көршіме
Қолымды мен бұлғайын.
Жылы-жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен
Қолыңды бер қысайын
Амандасып өзіңмен
Құшақтасып бір қысайын.
Жұптарын табу.
«Жұбыңды тап» ойыны
Оқушыларға түбір сөздер мен қосымшалар таратылып беріледі.
Үй тапсырмасы
«Стикердегі диалог» әдісі бойынша сұрақ-жауап
Оқушыларға смайлик беру арқылы бағалау Оқушылар шеңберге тұрып қимылмен көрсетеді.
Оқушылар жұптасып отырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Тұсаукесер Қызығушылықты ояту
Бейне сұрақ.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Берікқалиева Л.Қ тапсырма береді.
Суретті жұмбақ.
Шешуі: Жұрнақ Суретті жұмбақты шеше отырып жаңа сабақтың тақырыбын табады.
Негізгі бөлім Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу. Ауызша орындалады
Сөздерді салыстырып оқы. Мағыналарында айырмашылық бар ма?
2-жаттығу. Өзіндік жұмыс.
Жұмбақтардың шешуін тауып, көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен жұрнақтарын тауып, белгіле.
Семантикалық картамен жұмыс.
3-жаттығу. Тақтамен жұмыс
Сөздерге –шы, -ші, -лы, -лі, -ды, -ді жұрнақтарының тиістісін жалғап жаз. Өзің қалаған екі-үш сөзге сөйлем құрастыр.
Суретті жұмбақ.
Дәрі + гер – дәрігер
Жылқы + шы – жылқышы
Келесі жаттығу кімдер туралы екен?
4-жаттығу.
Өлеңді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын белгіле.
Сөздерді оқып, салыстырады. Мағыналарын түсіндіреді.
Жұмбақтарды көшіріп, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен жұрнақтарын табады.
Оқушылар тақтада орындайды.
Оқушылар бәрі көшіріп жазады, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын белгілейді.
Қорытынды «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойын.
...-шы, ... -ші,... -гер, ...-шік, ...-лы, ... -лі
...-ты, ...-ті, ...-хана, ...-паз, ...-қор, ...-кер
...-ды, ...-ді, ...-шық, ...-тық
Тақырыптық түйінді сөздер. Екі шеңбер сызып, біреуіне оқушыны шатастыру үшін тақырыпқа қатысы бар сөздер мен тақырыпқа қатысы жоқ сөздерді араластырып жазады. Оқушы екінші шеңберге негізгі сөздерді тауып жазу керек.
Кері байланыс: «Құмырадағы гүл»
Оқушыларға қызыл және сары гүлдер таратылады. Оқушылар берілген жұрнақтарды қосып туынды сөздер ойлап табады.
Оқушылар екінші шеңберге негізгі сөздерді тауып жазады.
Сабақ ұнаса қызыл, ұнамаса сары гүлді құмыраға салады.
Үйге тапсырма 5-жаттығу. Көп нүктенің орнына жұрнақтардың тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Бағалау Жинаған смайликтер санына, топ мүшелерінің ауызша мадақтамаларына негіздеп өзіндік түсініктеме бере отырып, бағалау. Оқушылар сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап, мадақтайды.