Математика п?нінен cаба?ты? та?ырыбы: Математика – тарих тол?ынында (5.6-сынып)


Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: Математика – тарих толқынында
Күні: 24.11.2016ж.
Қатысушылар: 5-6 сынып оқушылары.
Түрі: сыныптан тыс сайыс-сабақ
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Мультимедиялық құралдар,корточкалар, бейне баян, сайыс бойынша дайындалған слайдтар, ДК.
Сайыстың жоспары:
1-кезең. Таныстыру
2-кезең. Бейне баян
3-кезең. Математикалық сарқыт
4-кезең. Ұяшық танда
5-кезең. МатеМагиялық фокустар
6-кезең. Ойнайықта, ойлайық
7-кезең. Марапаттау
Сайыстың барысы:
1-кезең. Таныстыру.
Мұғалім:
Өмірде құстай ұшып самғаймыз,
Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.
Технология дамып жатыр күнбе-күн,
Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!
Осылайша сайысымызды бастаймыз!
Армысыздар, бүгінгі сайысқа жиналған математиканы сүюші қауым, ұстаздар мен оқушылар, және қонақтар! Бүгінгі біздің Математика – тарихтолқынында атты сайысымызға қош келдіңіздер! Олай болса сайысымызды бастаймыз, сіздерді бүгінгі сайыскерлермен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
1-ші топ « Ахмес », 2-ші топ « Евклит », 3-ші топ « Эйлер ».
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Шабыт тасып шалқысып,
Көңілді кеш жасайық
1-кезең. Таныстыру.
Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, бірінші кезең таныстыруды бастаймыз. Ортаға 3-топты шақырамыз қарсы алыңыздар!
Ахмес тобы Евклид тобы Эйлер тобы

2-кезең Бейне баян

Экранға назар аударамыз. «Слайд 9 – 10 »
3-кезең. Математикалық сарқыт
Эйлер(Кемелхан командасы: );
Менде 5 литірлік және 3 литірлік банка бар. Егер басқа ыдысым болмаса, су ағатын шүмектен 4 литір суды қалай дәл өлшеп алуыма болады?
Жауабы: (3 литірлік банканы суға толтырып, содан кейін суды 5 литірлік банкаға құй. Банка толмайды, 2 литірлік орын бос қалады,3 литірлік банканы суға қайта толтырып , 5 литірлік банкаға сыйғанынша су құй. Енді 3 литірлік ыдыста 1 литір су қалды. 5 литірлік ыдыстағы барлық суды төгініз де,оған 3 литірлік ыдыстағы1 литр суды құйыныз.содан кейін 3 литірлік ыдысты қайта суға толтырып, осы 3 литір суды 5 литірлік ыдысқа құйыныз.)

Евклит (Әділхан командасы:);
Ерсінде 500 теңге ақшасы бар. Ол осы ақшаға 100 бас құс алуы керек.
Қораз-50 теңге,
Тауық- 10 теңге,
Балапан-1 теңге.
Жауабы: (қораз-1, тауық-39, балапан-60)

Ахмес (Әлібек командасы:);
Бір шаруаның қасқыры, орамжапырағы және ешкісі бар еді. Ол көпірдің арғы жағына қалай отер еді, егер қайықпен бір-бірден апаратын болса? Бірінші қасқырды алып кетсе, ешкісі орамжапырақты жеп қояр еді. Егер орамжапырақты алып кетсе, онда қасқыр ешкіні жеп қояды. Шаруа барлығын қалай аман есен көпірдін арғы жағына өткізер еді.
Жауабы: (Шаруа ең алдымен ешкіні апарып тастайды, содан қайтып кеп орамжапырақты алып кетеді, қайтарында ешкіні алып кетеді. Енді ешкіні тастап қасқырды алып көпірдің ар жағына шығарады, содан сон тастап кеткен ешкіні алып келеді.
4-кезең Ұяшық таңда
50 қандай санды екіге тең бөледі??? (Жауабы:100)
Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал қазір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. Әрқайсының жасы нешеде??? (Әкесі 36 жаста, баласы 12 жаста)
Әдетте адамның қанша туған күні бар? (Біреу, ең біріншісі)Үсен атаның 6 ұлы бар, олардың әрқайсысының 6 ұлы бар. Ал Үсен атаның әрбір немересінің 2 қызы бар. Атаның неше шөбере қызы бар??? (6*6=36 немересі бар, олардың 36*2= 72 шөбере қызы бар).
Үстелде үш тоқаш жатыр, сен солардың екеуін алдың. Сонда сенің қолыңда қанша тоқаш қалды? ( Екі.Дәл өзін алған екеуі)
,,,, жұрттың тілін біл,,,, түрлі білім біл (7)
Музыкалық сұрақ(Қанша қала аталды)
Жаңа үй салып жатқан Бобер Бобтың 6 метр бөренесі бар. Оларды 6-ға бөлу қажет.ол өзінің өткір тістерімен бөренені бір жерден кесу үшін 5 мин уақыт жібереді. Барлық жұмысқа оның қанша уақыты кетеді? (Бөренені 6-ға бөлу үшін 5 рет кесу керек. 1 бөренеге 5 мин қажет. 5*5=25 мин Қажет)
Математикаға үлес қосқан ғалымдарды атандар: (Эйлер, Паскаль, Эростофен, Фиббоначи, Ньютон, Галелей)
5-кезең. МатеМагиялық фокустар
1 Кез келген сан ойланыз. Сол санды 2-ге көбейтіңіз. Шыққан санға 8-ді қосыныз, және 2-*ге бөліңіз, нәтижеден ойлаған санды алып тастаныз.Жауабы:4
2.Туған күнді табу
---туған жылынның соңғы екі цифрін 20000- ға көбейт;
--- туған айынды 200-ге көбейт;
--- туған күнінді 2- ге көбейт;
---- көбейтінділердің нәтижесін қосып, шыққан санды 2-ге бөл .
Жауабы: (алған жауабынның алдыңғы 2 цифры туған жылдың, соңғы 2 цифрын береді. Ортасындағы 2 цифр туған айды көрсетеді, соңғы 2 цифр туған күнді береді).
3.Досына үш мәнді санды жасыруын және оны қағазға жазып қоюын сұра. Досыннан осы санды кері аударуын сұра және үлкен саннан кішісін азайт. Шыққан нәтижеге сол сонды керісінше жазып қосуын сұра. Нәтиже 1089 борлды ма?
Жауабы: (досын енді жауаптың алғашқы екі цифрын – беттің нөмірі ретінде пайдалануын сұра. Жауаптың үшінші саның – жолдың нөмірі , ал соңғы санды осы жолдағы сөздің нөмірі ретінде пайдалансын. Сөзді дауыстап оқуын сұра, ең соңында досын конвертті ашсын.).
4. Ғажайып колькулятор. Досына колькулятор беріп , алты мәнді сан шығуы үшін одан үш мәнді санды қатарынан екі рет енгізуін сұра. Кездейсоқ санның 7-ге қалдықсыз бөлінуі мүмкіндігі 7-ден 1-ге болатының айт. Досын осыны жасасын. Қалдық бар ма? Жоқ. Экрандағы санды 11-ге бөлуін сұра 11- ден 1-ге тең. Қалдық бар ма? Жоқ тамаша. Енді осы санда ол 13-ке бөлсін қалдық бар ма? Жоқ ғажап ә??? Фокусты аяқтау алдында экранда қандай санның қалғаның біл. Ол бастапқы үш мәнді сан болып шығады!!! Неге??
6-кезең. Ойнайықта, ойлайық
30- ға дейінгі сандарды атап, 3- ке бөлінетін сандардың орнына «мен білемін» деген сөзді айт.
30- ға дейінгі сандарды атап, 4- ке бөлінетін сандардың орнына «мен білемін» деген сөзді айт.
30- ға дейінгі сандарды атап, 2- ге бөлінетін сандардың орнына «мен білемін» деген сөзді айт.
7-кезең. Марапаттау.

Мақпал негізгі мектебі
2171700-7620000
Сыныптан тыс жұмыс

(сыныптан тыс іс-шара)
Сынып: 5, 6-сынып оқушылары
Математика пәнінің мұғалімі: Мухамеджанов Қ.Ж
2016-2017 оқу жыл