Прокариотты? жасушаны? ??рылысы мен ?ызметі. (10 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Прокариоттық жасушаның құрылысы мен қызметі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға микробиология ғылымының даму кезеңдері және осы ғылымның дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен танысады, прокариот жасушаларының эукариот жасушаларынан айырмашылығын салыстырып, сипаттама беруді үйренеді.
Күтілетін нәтиже: Оқушыларға оқудың жаңа әдіс – тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, дамыту. Топтық жұмыста түрлі технологияларды пайдаланып, критерийлер бойынша өзін – өзі және жиынтық бағалау.
Рефлексия.
Ойлау құралдары: Оқулық, интерактивті тақта, флипчарт, ғаламтор материалдары.
Сабақтың барысы:
Рефлексия
І кезең. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топқа бөлу, топ басшысын сайлау, бағалау парақшаларын беру.
«Көпір» тапсырмалары. Өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге болатын сұрақтар:
1.Жасуша құрамындағы органикалық заттарды ата?
2.Жасушадағы нәруыздың рөлі?
3.Нуклейн қышқылдарының құрылысы?
4.ДНК мен РНК –ның айырмашылығы қандай?
5.ДНК –ның жасушадағы рөлі қандай?
ІІ кезең. (топтық жұмыс)
Жаңа сабақты оқушылардың өз беттерімен меңгерулеріне жағдай жасау.
І қадам. Теория бойынша «Білу»
Кім? Не? Кімнің? Кімді? Кімде? Кімнен? Кіммен? Қашан? Қандай? деген сұрақтар төңірегінде мәтінді оқып танысады, басты ақпарат іріктеліп алынады.
-Табиғатағы организмдер алуан түрлі болып келеді.Олардың ішінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінен басқа жай көзге көрінбейтін тірі организмдер-микроорганизмдер бар.
-Ғаламшарымызда тіршілік ететін ағзалар жасушаларының барлығы бір аса маңызды қағида бойынша екі топқа бөлінеді.Бұл-жасушада қалыптасқан қосжарғақшалы ядроның болуы. Ядросыз жасушалар прокариоттар (латынша карио-ядро, про-алдында, дейін.Сөзбе-сөз аударғанда-ядроға дейінгі, ядро алдындағы).Ядросы бар жасушалардың барлығы эукариоттар, яғни ядролылар деп аталады.
-Прокариот жоғарғы дүниесіне тек қана бактериялар жатқызылады, олардың бір тобының атауы:цианобактериялар немесе көк жасыл балдырлар.
ІІ қадам. Теорияны «Түсіну»
Неге? Неліктен? Не үшін? Дәлелдеу, түсіндіру төңірегіндегі сұрақтарға жауап беру мақсатында жұмыстанады.
І –топ. Микроорганизмдердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызына тоқталады.
ІІ –топ. Микроорганизмдердің табиғаттағы, адам өміріндегі зияндылығына тоқталады.
ІІІ қадам.Теорияны «Талдау».
1.Салыстыру. Ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Тақырыптың басты идеясын жаз.
І-топ. Прокариоттар мен эукариоттарды салыстыру кестесін құрады.
Прокариоттар Белгісі Эукариоттар
1.Ядро
2.Тұқым қуалау материалы
3.Жасуша қабықшасы
4.Органоидтар
5.Көбею жолы
6.жасуша мөлшері
7.Энергия алу жолы ІІ –топ. Тақырыптың басты идеясын жазады.
ІҮ-қадам.Практика жүзінде «Қолдану». Оқулықпен жұмыстанады.
І-топ. А,В,С тапсырмаларын орындайды.
ІІ –топ. Бактериялардың көбею сапасын есептер шығарыңдар. Егер барлық ұрпақтары өмір сүре алса, 6 сағатта бір бактерия қанша дарақ бере алады.
Ү-қадам. «Жинақтау». Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле деген тапсырмалар төңірегінде жұмыстанады.
Видеоролик қарау «Бактериялардың тіршілігі». «Екі жақты күнделік».
Бейнебаянда мен мынаған назар аудардым Менің бейнебаянға деген пікірім
ҮІ –қадам. «Баға беру». Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген сұрақтарға жоғарыдағы алған білімдері бойынша жағдаяттарды шешуге бағытталады.
Шығармашылық тапсырма:
І –топ. Бактерияларды өндірістік қалдықтармен күреске қолдану.
а)дүниежүзілік мұхитты мұнай қалдықтарынан тазарту.
б)полиэтилен бұйымдарын ыдырату үшін пайдалану.
ІІ –топ.Қазақстанда бұл бағыт қалай дамуда?
а)Батыс Қазақстан облысында мұнай қалдықтарын тазарту жұмыстары.
б)Топырақ құнарлылығын арттырудағы маңызы.
Кері байланыс:
Сізге ұнаған мәліметтер мен жұмыс формалары.
Сізге ұнамаған, түсініксіз, сізге жағымсыз болған сәттер.
Әлі де білгіңіз келетін проблемалар.
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Үйге тапсырма алады. §11.
Кесте толтыру.