Вирустар д?ниесі, ??рылысында?ы ерекшеліктер


Сынып: 6А
Күн: 06.04.15
Сабақтың тақырыбы: Вирустар дүниесі, құрылысындағы ерекшеліктерСабақтың мақсаты:  Вирустар дүниесімен таныса отырып, құрылысындағы ерекшеліктер туралы ақпарат алу.Сабақтың міндеті:
Білімділік: оқушыларды жасушасыз тіршілік құрамы-вирустармен таныстыру; Вирустардың құрылыс, көбею, таралу ерекшеліктерімен, олардың басқа ағзалардан айырмашылығын меңгеру.
Дамытушылық: оқушылардың өздігімен тақырыпты танып-ізденуге, топпен жұмыс істеуге; алған білімдерін іс жүзінде көрсетуге үйрету; білімге құштарлығының дүниетанымдылық көзқарастарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: санитарлық – гигиеналық білім беру; салауатты өмір салтының ұстанымдарын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың көрнекілігі: Презентация, үлестірмелі материалдар. Пәнаралық байланыс: математика,әдебиет, медицина. 
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс,кластер қорғау,ойын тәсілі, диологтік әдіс,рефлексия «Ой маржан»Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру (рефлексия « ой маржан») 2. Үй тапсырмасын текеру (телеграмма) 3. Жаңа сабақ 4. Бекіту жұмыстары 5. Қорытынды 6. Үйге тапсырма 1-кезең. Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету)
Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай?
Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді.
Ой маржан (рефлексия)«Гүлді» оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдерімен стикерге жазу арқылы толтыру.
2-кезең
Үй жұмысын тексеру. «Телеграмма» Оқушылар бір-бірін тексеріп бағасын қояды.Мұғалім дұрыс жауабын оқиды.
Жабайы өсімдік, іріктеме,Н.И.Вавилов,азық-түлікпен, шикізатпен,6,күздік бидай,дәнек,алқа
1-нұсқа «Телеграмма»
Алғашқы адамдар тек..............................бөліктерін ғана пайдаланды. Адам сұрыптау жолымен қолдан шығарылған бір түр дарақтарының жиынтығы.........................деп аталады. Мәдени өсімдіктердің сан алуан және шығу орталығын орыс ғалымы..........................зерттеді. Мәдени өсімдіктер адамдарды.............................қамтамасыз етеді.Қазақстанда бидайдың..............түрі өсіріледі .............................суық түскнге дейін түптеніп үлгереді.Бидайдың тұқымы....................деп аталды. Картоп-....................тұқымдасына жататын өсімдік.
жинаушы,селекция,Кәрім Мыңбаев.бидай.жылу сүйеді,көктемде,крахмал,айқаспалы
2-нұсқа «Телеграмма»
Өсімдіктерді қолда өсіре алмай, тек жабайы түрін ғана пайдаланған кезең..................кезең деп аталады. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін алумен шұғылданатын ғылым............................деп аталады.Қазақстанда қант қызылшасы мен кендірді биологиялық сұрыптау жағынан сипаттаған ғалым-................... Дәнді дақылдардың ішіндегі ең маңыздысы-........................Қатты бидай топырақ талғайды және........................Жаздық бидай........................егіледі.Бидай тұқымын егу әдісі тар қатарлы және......................себіледі. Картоп түйнегінде................мол болады.
3-кезең.Жаңа сабақ
Жер бетіндегі тірі ағзалар: жасушасыз тірлік құрлымдары, ядросыздар және ядролылар болып үш топқа бөлінеді.
Жасушасыз тірлік құрлымына вирустар жатады. Бұларда жасуша жоқ және тірі ағза жасушасынан тысқары өмір сүре алмайды. Жасушасы болмаған соң, ядросы да болмайды.
Сыныпты үш топқа бөлу. Кластер қорғау.
1-топ
Вирустың шығу тегі, вирусология ғылымы. Бұлар бактерияларға қарағанда анағұрлым ұсақ, құрылысы қарапайым организмдер. Жай микроскоптармен көруге болмайды.Оларды 1892 жылы орыс ғалымы Д. И. Ивановский ашқан болатын.Ол зақымдалған темекінің жапырақтарын әбден езіп, әдеттегі бактериялар өтпейтін сүзгіден өткізгенде оның сүзіндімен бірге кететінін байқады. Осы сүзіндіні сау темекіге жұқтырса, қайтадан ауруға шалдығатыны анықталды. Бұл организмдерді Д. И. Ивановский «у» деп атады. Вирус ұғымын 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9C%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B8%D0%BD_%D0%91%D0%B5%D0%B9%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%BD%D0%BA&action=edit&redlink=1" \o "Мартин Бейеринк (мұндай бет жоқ)" Мартин Бейеринк енгізді. Қазір бірнеше мың есе ұлғайтып көрсететін микроскоптардың құрастырылуы вирустарды жете зерттеуге мүмкіндік туды. Олардың 200-ден астам түрлері анықталды.Сондықтан вирустар жеке класс ретінде қарастырылады, оларды вирусология ғылымы зерттейді.
XX ғасырдың басында негізгі 3 түрлі вирус белгілі болды. Олар бактерия, өсімдіктер және жануарлар ауруының вирустары еді. Содан кейінгі жылдар тап бүгінге дейін вирусология ғылымының өте терең жаңалықтары ашылған жылдар болды. Вирусология ғылымы вирустардың табиғатын, шығу тегін, химиялық құрамын, өсіп-жетілуін, қасиеттерін зерттейді және вирустардың жасушалармен өзара байланыстарын, вирусқа қарсы иммунитетті, вирус ауруларын зертханалық тәсілдер арқылы зеріттеумен айналысады.
2-топ
Вирустардың құрылысы. Вирустар — жасушаға дейін пайда болған түзіліс. Оларды тірі ағза ретінде қарауға болмайды. Мысалы, ит — жүгіреді, үреді, тірі; құрбақа — секіреді, құрылдайды, тірі. Олардың денесі өзара байланысқан құрама қозғалыстардан тұрады. Ал жасуша ішіндегі органоидтар ағзаға жатпайды. Себебі олар өз бетімен тіршілік ете алмайды. Демек, вирустарды тірі организм деуге болмайды. Өйткені, олар өздігінен тіршілік етпейді, олардың өсіп-өнуіне басқа ағзаның жасушасы керек. Вирустарда жасуша болмайды. Мөлшері өте ұсақ болғандықтан жай көзге көрінбейді. Вирус екі түрлі нуклеин қышқылының біреуінен және сыртында липидті қабығымен нәруызды қабығынан тұрады. Пішіні: шар, сопақ, тақташа, жіп тәрізді болады.Жасушадан тыс формалары-вирион деп аталады.
Бактерия жасушасына енетін вирус фаг немесе бактериофаг деп аталады. Бактериофагтар (фагтар) – бактерия вирустарының ерекше тобы. Фагтар бактерия жасушасына енiп, оны жоя алады. Iшек таяқша фагының денесi бас бөлiмнен және ақуызбен қапталған iшi қуыс таяқшадан тұрады. Таяқша алты жiпшеден тұратын тақташамен аяқталады. Бас бөлiмiнде ДНҚ орналасқан. Бактериофаг өсiндiлерi арқылы iшек таяқшасына бекiнедi, түйiскен жерінен жасушаға кiредi. ДНҚ әсерiнен бактерия жасушасы түгел өзгерiп, ол өзiнiң емес, бактериофагтың ДНҚ синтездеудi бастайды. Бұл процесс 200 – 1000 жаңа бактериофагтың пайда болуымен және жасушаның жойылуымен аяқталады.
3-топ
Вирустардың негізгі ерекшеліктері1. Олар микробтардан да өте ұсақ болады;
2. Вирустың құрамында тек бір нуклеин қышқылы ғана бар: РНҚ немесе ДНҚ. Сондықтан да вирустар құрамында РНҚ-лы немесе ДНҚ-лы бар вирустар болып бөлінеді. 3. Вирустар тек жасуша ішінде ғана тіршілік ететін паразиттер, демек тек жасуша ішінде ғана көбейеді. Бір адамнан екінші адам денесіне тез ауысып отырады.4. Вирустардың көбеюі де ерекше. 30 минутта 1 жасушадан жүздеген жаңа вириондар пайда болады.5. Вирустар өздігінен нәруыздарды құрай алмайды.6. Вирустар жасанды орталарда өспейді. Себебі оларда тыныс алу деген жоқ, қоректенбейді, ештеңе бөлмейді. Вирустардың көбеюі үшін тек қана тірі жасуша керек, тек жасушаның ішіндегі материалдарын пайдаланып қана көбейе алады.
7. Вирустар тіршілік жағдайларына сәйкес өзгергіш келеді.
8. Төменгі температурада вирустар тіршілігін жоймайды. Ал температура +55 +60°-қа көтерілгенде олардың кейбіреулері бір сағаттың ішінде, ал көпшілігі +90 градуста қырылып бітеді. Вирустар құрғатуға да төзімді, олардың тіршілігі жойылмайды. Ультракүлгін сәулелер де бұларға күшті әсер етеді. Көптеген химиялық заттар вирустарды қырып жібереді.
9. Олар кристалл күйіндеде де кездеседі. Мұндай қасиет тек өлі дүниеде ғана болады.
4-кезең.Бекіту
1.«Сиқырлы сандар»
Слайдта 1-12 дейін сандар тұрады. Әр санның астында сұрақ жасырылған. Әр топ мүшесі санды таңдап жауап береді,
1.Вирустарды ашқан кім? Д.И.Ивановский
2. Д.Ивановский қандай өсімдікке тәжірбие жасаған? темекі
3.Вирустарды зерттейтін ғылым? Вирусология
4.Вирус неден құралады? НҚ, нәруызды және липидті қабық
5. Бактерия жасушасындағы вирус қалай аталады? Фаг н/е бактериофаг
6.Вирустардың тіршілік ету ортасы? Жасуша
7.30 минутта 1 жасушадан қанша вирус пайда болады? 100-дей
8.Вирустарды жасанды ортада өсіруге болама? Жоқ
9.Вирустардың көбеюі үшін не керек? Тірі жасуша
10.Вирустар неше градуста тіршілігін жояды? +90
11.Қандай заттар вирустарды қырып жібереді? Химиялық
12. Вирустың жасушадан тыс формалары қалай аталады? вирион
2.«Менен-сұрақ, сенен-жауап» топтар бір-біріне сұрақ қояды.
№ Оқушының
аты-жөні Үй тапсырмасы «Кластер қорғау» «Сиқырлы сандар» «Менен-сұрақ, сенен-жауап» Баға
1 2 3 4 5-кезең
Қорытынды.
Тірі табиғатта вирустар өз алдына дербес вирустар дүниесін құрайды. Олар бактерияларданда өте кіші, жай көзге көрінбейді.Вирус-жасушасыз құрылым. Вирустар адам және өсімдік, жануарлар ағзасына еніп, олардың тіршілігін бұзады, ауру туғызады.
6-кезең. Үй жұмысы
2-параграфты оқу. «Вирустар тудыратын аурулар» мәлімет жазып келу.
Сыныптан тыс шараның тақырыбы: « Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі»
Сынып: 8А,9АМақсаты:1. Дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту.Тазалық гигиенасы туралы ережелерді қайталау.2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру;3. Дұрыс тамақтана білуге, тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу.Сабақ түрі: сайыс
Сабақтың типі: кіріктірілгенКөрнекілігі: тамақтану туралы сөздер, ережелері, презентация, қызықты тапсырмалар, А3 қағаздар, бояғыш құралдары т. б.Сабақ барысы:І Ұйымдастыру бөліміІІ Сайыс кезеңдері1. «Таныстыру»
2.«Дұрысы мен бұрысын тап»3. «Пайдалы тағам» үй жұмысы+кластер
4. «Үстелді жабдықтау»5. «Тапқыр болсаң, талас жоқ»6. «Ойлан тап» (денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдің жалғасын табу)
І. Кіріспе бөлім.Мұғалім:- Балалар, мына слайдтағы жұмбақтың шешімін тауып көріңдерші.Оны күткен адамдар,Ұзақ өмір сүреді.Қадірін білген жарандар,Байлық осы деседі. (денсаулық)Ендеше бүгінгі сайысымыз денсаулық туралы болмақ. Сайысымыздың тақырыбы «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі».
І. Сайысымыздың бірінші кезеңінде әр топ өздерін таныстырады.
Әр топ өзіне ат таңдап, ұранын ойлап табады: 5 баллМұғалім:Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.Бүгінгі шарада осылар туралы толығырақ білетін боламыз.ІІ кезең «Дұрысы мен бұрысын тап».Слайдта дұрыс тамақтану ережелері көрсетіледі, соның ішінен артығын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 балл
1.Қарныңыз ашқан кезде ғана тамақтаныңыз. +2.Тек отырған күйде тамақтаныңыз. +
3.Тамақты ыстық күйінде қабылдай беріңіз4. Асықпай әрі тамақты мұқият шайнап жеңіз. +
5. Тағамды жиі жемеңіз+
6.Шынтақты үстелдің үстіне қойыңыз
7. Бір рет тамақтану барысында 4 түрлі тағамнан артық жемеңіз. +
8.Сағат кешкі 6-дан кейін тамақ ішкен жөн
9.Салфетканы мойыныңызға орап алыңыз10.Тағамды аузыңызға толтырып салыңыз. 11.Көңіл-күйіңіз қалыпты болған кезде тамақтаныңыз. +12.Тамақтану барысында кітап, газет оқыңыз.
13. Тамақтанудың арасы 4 сағаттан кем болмауы тиіс. +14. Тамақтанып бола сала су мен сусын ішпеңіз. +ІІІ кезең. Үй жұмысы. «Пайдалы тағам». Әр топтан бір оқушы үйден салат дайындап әкеледі. Онының құрамын 1 қыз, ал пайдасын 1 ұл бала кластер жасап қорғайды. Алдарына қосымша мәліметтер беріледі. Жасалған салатқа-5 балл, қорғағаны үшін- 5 балл
ІV-кезең «Үстелді жабдықтау». Әр топтан бір оқушы шығып ыдыстарды дұрыс қою керек.
V кезең. «Тапқып болсаң, талас жоқ» Экранда бір жемістің не көкеністің сипаттамасы беріледі. Сол сипаттамасына байланысты жасырған жемісті не көкөністі табу керек. Әр топқа 1 тапсырмадан-5 балл
Қияр— асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы. Жарық, ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі – жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды, пішіні - сопақ.Құрамында 95—96% су. Мәдениетке 6000 жыл бұрын енген. Оның Отаны –  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D2%AE%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D2%A3_%D1%82%D1%80%D0%BE%D0%BF%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D0%B0%D0%B9%D0%BC%D0%B0%D2%93%D1%8B_%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D2%9A%D1%8B%D1%82%D0%B0%D0%B9&action=edit&redlink=1" \o "Үндістанның тропикалық аймағы және Қытай (мұндай бет жоқ)" Үндістанның тропикалық аймағы және Қытай. Тағамға жас піскен көкеніс ретінде, тұздалған түрінде қолданады.
Картоп- түйнекті алқа, ақтүйнек — алқа тұқымдасына жататын көп жылдық дақыл. Отаны – Оңтүстік Америка. . Гүлі ақ, қызғылт не көкшіл күлгін түсті. Жемісі екі ұялы, көп тұқымды. Жер астындағы өркен сабағының ұшы түйнекке айналады. Тұқымынан және түйнектен көбейеді. түйнегінде 17,5% крахмал болады. Тағамға қуырылған, пісірілген, қайнатылған күйінде қолданады.
Сәбіз-Барлық жерде өседі. Азықтық және асханалық сұрыптары бар. Әсіресе балаларға өте пайдалы. Құрамында қант, ақуыз, пектин заттары, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9C%D0%B8%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%BB_%D1%82%D2%B1%D0%B7%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Минерал тұздары (мұндай бет жоқ)" минерал тұздары (калий, натрий, фосфор) және организмге қажетті басқа да заттар бар.Тамыры-жемтамыр. Түсі ақ, ақшыл сары, қызыл - сары болып келеді. Ең алғаш Ауғанстанда өсірілген. Тағамға шикі, пісірілген, қайнатылған, қуырылған күйінде қолданады. Қыста көбіне құмның ішінде сақтайды.
Қызанақ  — алқа тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D1%81%D1%96%D0%BC%D0%B4%D1%96%D0%BA" \o "Өсімдік" өсімдіктер.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D2%A3%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D0%90%D0%BC%D0%B5%D1%80%D0%B8%D0%BA%D0%B0" \o "Оңтүстік Америка" Оңтүстік Америкадан таралған. Жапырағы қауырсын тәрізді. Гүлінің түсі сары, жемісі — екі не көп ұялы жидек, пішіні домалақ, сопақ, майда, ірі болады . Жылу сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 20 — 25С, температура 15С-қа дейін төмендегенде гүлдеуін, ал 10С-та өсуін тоқтатады. 1 — 2С-та үсікке шалдығадыЖемісін тамаққа пайдаланады, тұздайды, шырын алады. 
VІ -кезең «Жалғасын тап» деп аталады. Бұл кезеңде денсаулыққа қатысты мақалдардың жалғасын табу.1.Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама.2.Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.3.Өзі тоймастың көзі тоймас.4.Өле жегенше бөле же.5.Тәні саудың жаны сау.6.Көзің ауырса, қолыңды тый.Ішің ауырса, аузыңды тый.7.Таспен ұрғанды аспен ұр.8.Дәнді шашпа, нанды баспа.9.Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жолда қалады.10.Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен.
11.Ат адамның қанаты,
Ас адамның қуаты.
12.Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.Әділқазылдардың қорытындысы
Қосымша мәлімет. Видеоролик