«?о?амда?ы н?лдік сабырлы?, т?зімділік» атты ???ы?б?зушылы? пен т?ртіпсіздікті алдын алу ма?сатында ?ткізіліп жат?ан акция аясында?ы кеш


«Қоғамдағы нөлдік сабырлық, төзімділік»
атты құқықбұзушылық пен тәртіпсіздікті алдын алу мақсатында өткізіліп жатқан акция аясындағы кешіміздің сценарийі
Өтілетін жері: акт залы
Өтілетін уақыты: 10 қазан, сағат 11.00-де
Бағдарламасы:
Видео ролик (ҚР Президентінің сөзі)
Хор «Ұлы Отан» (5-7 сынып оқушылары)
«Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық корының үйлестірушісі Қуаныш Серікұлына сөз беру
Ән (11 сынып оқушысы Қалдыбай Тоғжан)
ҮНДЕУ (Мектеп оқушыларының президенті Қойбағар Мөлдір)
Эссенің үздігін оқыту (Жайдаркүл)
Ән (7 сынып оқушысы Жақсылықова Назерке)
«Жас Ұлан» ұйымы (баптар)
КВН (8 «а» сынып оқушылары)
Ән (ТРИО «Туған жер»)
Сауалнамалардың анализдерін айту (мектеп психологы Әбиева Б.)
Көрініс (9 «ә» сынып оқушылары)
Флешмоб (орыс сыныптарының оқушылары)
Видео ролик (Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050 стратегиясы» құрылған мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын жүзеге асыру мақсатында, «нөлдік төзімділік» принципін ұстануға байланысты сөзі).
Фанфар ойнатылады.
Жүргізуші (Ақмарал):
Өмірің болсын десең сенің сәнді Ойланып, айналаңа қара мәнді. Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды. Салауатты мақсатың - өмір сүру, Өмірдің мағынасын керек білу. Ішімдік, нашақорлық сенің жауың Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру. 
Армысыздар, құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары, ұстаздар және оқушылар! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында қоғамдағы құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке “нөлдік төзімділік” қағидатын енгізу мақсатында «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық корының ұйымдастыруымен «Қоғамдағы нөлдік сабырлық, төзімділік» атты акцияны ашық деп жариялаймыз.
Хор (оқушылар) (хабарланбайды)
Жүргізуші (Ақмарал): Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев 2013 жылғы 30  қаңтарда құқық қорғау органдары басшыларымен өткен жиында тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыру керектігі және елеусіз құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты жандандыру жөнінде атап өткен болатын.
Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап, тиісу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін басқа да іс-әрекеттер, қазіргі таңда азаматтар көше бойында темекі шегіп, тұқылын жәшікке тастамай, көше бойына қоқыс ретінде тастаулары орын алуда.Құқық бұзушылықты қарау сот құзырында, жауапкершілігі «айлық есептік» көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады».Сондықтан   азаматтар  жоғары сана-сезіммен құқық бұзушылыққа жол бермесе, Елбасымыз айтқан жетістіктерге бірге қол жеткізетін боламыз.
Бүгінгі кешіміздің ашылу сөзі Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық корының үйлестірушісі Қуаныш Серікұлына беріледі.
Жүргізуші (Ақмарал): Акцияның негізгі мақсаты – қоғам белсенділігінің рөлін арттыру. Яғни, әр азамат кез келген құқық бұзушылықты көріп, селқос болып қалмай, арнайы органдарға хабарлай отырып, қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қалыптастыру арқылы кез келген қылмыс, оның ішінде ең ұсақ құқық бұзушылықпен және мемлекеттің заңдарын бұзу үшін жазаның қолданылмай қалмайтындығы мен әділдігі жөнінде ешкімнің күмәнданбауын қалыптастыру»
Ортаға 11 сынып оқушысы Қалдыбай Тоғжанның орындауында « Туған жер»әнімен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші (Ақмарал): Акция аясында кеше біздің мектептің белсенділері Тасбөгет кентінің Орталық алаңында «Үндеу» парағын таратты.Келесі сөз мектебіміздің оқушылар президенті 11 «ә» сынып оқушысы Қойбағар Мөлдірге беріледі.
ҮНДЕУ!
Құрметті қала тұрғыны! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан - 2050» Стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында қоғамдағы құқық бұзушылық пен тәртіпсізікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыру мақсатында, біз қала жастарды Сіздерді,қоғамдық орындарда былапыт сөйлемеуге,тұрғын жайларды қорламауға,ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластамауға шақырамыз. Белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзбауға, төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін басқа да іс-әрекеттер жасамауды сұраймыз.
Қазіргі таңда азаматтар көше бойында темекі шегіп, тұқылын жәшікке тастауға және көше бойына қоқыс ретінде тастауларын азайтуға шақырамыз.

Жүргізуші (Ақмарал):
Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл — заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіреміз. Қазіргі кезде жас өспірімдер мен мектеп оқушылары арасындағы қылмыстың түрлері көбейюде Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жасөспірімдердің және жастардың қылмысы туралы мәселе құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар басқа да мемлекеттік ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының үнемі қадағалауын талап ететін басты мәселенің бірі. Осыған орай осы аптада акция төңірегінде оқушылар арасында «ЭССЕ» байқауы өткен болатын. Ол эссені тексеруге тіл мамандарынан құрылған арнайы комиссия құралды. Қазір сіздердің алдарыңызға өзінің туындысымен сол байқаудың жеңімпазы шығады. Ол үшін ортаға комиссия құрамының төрайымы Таңсықбаева Жайдаркүл Сағымбайқызын шақырамыз.
Ән « Қазақ елі ». Орындайтын 7 «А» сынып оқушысы Жақсылықова Назерке

Жүргізуші (Ақмарал): 1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді: табиғи құқық, азаматтық құқық, экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық.Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған. Ал енді «Мүлдем төзбеушілік» қағидатымен анықталған құқықбұзушылықтарды Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің баптарына қысқаша тоқтала кетейік. Онымен бізді «Жас ұлан» ұйымының оқушылары таныстырады:
1 оқушы:
 387-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру
      1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру, -       ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -       жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 
2 оқушы:
    336-4-бап. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы
      1. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуы -заңды өкiлдерiне ескертуге әкеп соғады.      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -заңды өкiлдерiне бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3 оқушы:
      336-1-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу
      1. Қазақстан Республикасының заңдарында темекi шегуге тыйым салу белгiленген жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегу, -       бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -       айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.       3. Жұмыс берушiнiң темекi шегу үшiн арнаулы орындар бөлудi көздейтiн Қазақстан Республикасының заңдарынбұзуы, сондай-ақ бұл үшiн арнаулы белгiленбеген орындарда темекi шегушiлерге шаралар қолданбауы, - лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4 оқушы:
 336-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға мас күйiнде келу
      1. Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiне әрi қоғамдық имандылыққа нұқсан келтiретiндей мас күйiнде келу, - екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.      1-1. Жасы он сегізге толмаған адамдардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуі, сондай-ақ олардың қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішуі –ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5 оқушы:
      2. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.       3. Осы баптың бірінші және 1-1-бөліктерінде көзделген, алкогольдік ішімдіктерді iшкенi немесе қоғамдық орынға мас күйiнде келгенi үшiн бiр жыл iшiнде екi рет әкiмшiлiк жаза қолданылған адамның жасаған iс-әрекеттерi, - он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өздеріне қатысты әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер –бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6 оқушы:
333-бап. Тыныштықты бұзу
      1. Жеке тұлғалардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн, түнгi уақытта (сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн) тыныштықты бұзу, оның iшiнде тұрғын үй-жайларда және олардың сыртында шұғыл қажеттiлiкпен байланыссыз шу шығаратын жұмыстарды жүргiзу -ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - екі, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған осындай iс-әрекет -жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға
сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7 оқушы:
330-бап. Ұсақ бұзақылық
      1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиiсу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңiрегiндегiлердi сыйламаушылықты бiлдiретiн басқа да осындай iс-әрекеттер, - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза  қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, - он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, осы Кодекстің 55-бабының үшінші бөлігіне сәйкес өздеріне қатысты әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдар жасаған іс-әрекеттер –айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8 оқушы:
 311-бап. Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу
      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген, қалаларда және басқа да елдi мекендерде иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу - ескерту жасауға немесе үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.      2. Жеке тұлғалардың денсаулығына немесе мүлкiне залал келтiруге әкеп соққан нақ сол әрекеттер – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.9 оқушы:
112-1-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру
      1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру, - ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.       3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, - ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - отыз, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 
Жүргізуші (Ақмарал):
Ал енді мен біздің мектептің мақтаныштары, оқу озаттары, белсенділері мектеп оқушыларынан құрылған «Жеті күлше» атты КВН командасын шақырамын.
Жүргізуші (Ақмарал):
ТРИО «Туған жер» ән –шашуымен қабыл алыңыздар!
Жүргізуші (Ақмарал):
Қандай да тәртіп бұзушылық болмасын, оны жасаған адам, оған итермелеген факторлар болады. Бірі заңды абайсызда бұзса, басқасы «ойыма келгенді жасаймын» деп бірнеше заңды белшесінен басып, кінәсін мойындамай жататыны бар. Бұл орайда «адам теріс қылықты не себепті жасады?», «Бұл әрекеттердің психологиялық астары неде?»,  деген сияқты сауалдар туындайды. Қалай дегенмен, миллиондаған азаматтары бар елде сан алуан тәрбие, білім алып, әрқалай дамыған адамдар тұрады. Ал оғаш әрекеттерімен қоғамға қауіп төндіріп жүрген азаматтармен күресуді қалай жүргізбекпіз. Осыған байланысты мектеп психологы Әбиева Бағдагүл 5-7 сынып аралығында «Филипс» және 8-11 сынып аралығында «Басса-Дарки» эмоциялық тестілерін алған болатын. Енді соның қорытындысын ортаға мектеп психологы Әбиева Бағдагүл апайларыңды ортаға шақырып зер салып тыңдайық
Жүргізуші (Ақмарал):
Тәртіпті бала сүйініш,Төбең бір көкке жетеді.Тәртіпсіз бала күйініш,Төмендеп басың кетеді – дегендей аудан көшелеріндегі тыныштық пен тәртіп – бұл күнбе-күнге полиция қызметкерлерінің еңбегі. Сонымен қатар, әр азамат «Ал біздің қайсымыз бұзақылық, мәдениетсіздік, қылмыс деген сияқты қоғамның жағымсыз жақтарамен күресу үшін көмек көрсеттік?» деп ойлануы керек. Біз сіздерді құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға және өздеріңіздің азаматтық сана-сезіміңізді белсенді көрсетуге шақырамыз. 9 «ә» оқушыларының дайындаған Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» романының желісі бойынша түсірілген фильмнен үзіндісін тамашалаңыздар.
Көрініс
Жүргізуші (Ақмарал):
Мұғалім: А. С. Макаренконың түсінігінде тәртіп – бұл тек қана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу белсенділік, жауапкершілік тәртібі. Тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез – құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырады. Тәртіп ұйымшыл ұжымда дамиды және бекиді. «Тәртіп – бұл ұжымның бет - әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі» - деген.
Дәл осы уақытта өздеріңіз байқағандай, аулада 7-ші сыныптар арасында футболдан жарыс өтіп жатыр.Мектептің спорт залында 5-ші сыныптар арасында «Дені саудың жаны сау» тақырыбында эстафета өткізіліп жатыр. Сол сияқты кіші фойеде бос уақыттарыңызды тиісді пайдалану мақсатында шашка,шахмат, тоғызқұмалақ ойындарын ойнауға мүмкіндік туып отыр. Тағы да айтып кететін жайт, осы акцияға байланысты 5-10 сыныптар аралығында құқық бұзушылық «нөлдік төзімділік» тақырыбында плакаттар жарысын ұйымдастырғанбыз. Ең үздік плакатты салған сыныпқа «Самұрық» қорынан арнайы марапаты бар.
Ал қазір орыс сыныптарының дайындаған оқушылардың флешмобын тамашалаңыздар.
Жүргізуші (Ақмарал):
Жасөспірімдер мен бойжеткендердің санасында мемлекет –жастардың демеушісі емес, олардың өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасайтын серіктесі деген  ұғым бекітілуі тиіс. 
Мен жігіт 15-30 арасында,Бұл шақта көп бересі, аларымда.Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,Алайын анасын ба, мынасын ба,— деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
№176 орта мектеп
атты құқықбұзушылық пен тәртіпсіздікті алдын алу мақсатында өткізіліп жатқан акция аясындағы кешіміздің сценарийі
Қызылорда қаласы,
10 қазан 2015жыл