Жас?спірімдерді? ???ы? б?зушылы?ыны? алдын-алу?а арнал?ан «?лкен ?адам» тренингі


МАЗМҰНЫ Кіріспе бөлімі 4
1 Негізгі бөлім.
13
2 Көңіл – күй және сезім.
16
3 «Келісемін», «Қарсымын»
21
4 Қауіптіліктің себеп – салдары.
25
5 Кикілжің.
29
6 Құқық қорғау органдары.
35
7 Құқық бұзушылық.
42
8 Бос уақыттарын ұйымдастыру.
49
Пайдаланылған әдебиеттер 51
Кіріспе
Кейінгі жылдары кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы тез өсуде. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық көрсеткіші әдетте жасөспірімдердің арасындағы ара қатынас деңгейі болып саналады.
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, демалыс мезгілі дұрыс ойластырылмаған, өздеріне- өздері бас болып жүрген балалар жатады.
Сондықтан кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы қылмыс жылдан – жылға өсу үстінде. Бүгінгі күні әлемде әрбір оныншы қылмысты жасөспірімдер жасаса, ал бірқатар аймақтарда әрбір төртінші жасайды.
Кейінгі жылдары 14 жасқа толған жасөспірімдер арасында қылмыстың саны айтарлықтай өскендігі байқауға болады. Кездейсоқ жағдайда 11 – 12 жастағы жасөспірімдердің қалтаға түсу, автокөліктерді айдап кету және ұрлау секілді үлкен тәжірибесі кездеседі. Бұндай жасөспірімдер тұрмыс төмен, ата – аналық құқығынан айырылған отбасында тәрбиеленуі мүмкін. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр. Жасөспірімдердің ата – аналарымен арасындағы келіспеушілік, тұрмыстық қаржының жетіспеушілігінен далаға үйір бола бастайды.
Қоршаған ортада өзін жеке тұлға ретінде көрсету үшін, өзін – өзі таныту және қабілеттілік мүмкінділігі іске асыру үшін кейбір жасөспірімдер даладағы жаман топқа қосылады.
Жасөспірімдер қылмыс жасағанда жеке ерекшелігінде мыналар анықталады:
ұстамсыз және мінез – құлқындағы өрескел қылықтары, жек тұлғалар арасындағы кикілжіңге бейімділігі;
бірбеткейлік, өркөкірек, жалпы қабылданған тәртіп ережесіне бағынғысы келмейді;
әлеуметтік бейімделуіндегі қиыншылықтар, психолгиялық қорғаныстар: өзінің жеке жағдайы, сезімі, өзін қоршағандардың көңіл – күйін қарамайтын өрескел тәртіпке бейімділігі.
Әдістеме құқық бұзушылықтың салдары мен себептерін, әлеуметтік жалған құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оның ішінде әлеуметтік-қолайлы мінез-құлық формаларын оңалтуға және ортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұруға ынталандыруға оң уәж қалыптастыру, қатысушылардың өз құқықтарын және азаматтық міндеттерін ұғынуға бағытталған.
1.Тренингтің мақсаты мен міндеттері:
«Үлкен қадам»– әлеуметтік тренингі, кәмелетке жасқа толмағандар үшін,құқық бұзушылық жасауға бейім жасөспірімдермен жұмыс жүргізуге арналған.
Бұл әдістемелік құрал өмірде қиын жағдайға немесе құқықтық кикілжіңге тап болған жасөспірімдер үшін топтық жұмыс жүргізуге арналған.
Құқық бұзушылық — қоғамдық қауіпті (зиянды) сипаты бар, өз істеріне өз бетінше жауап беруге қабілетті тұлға жасаған кінәлі құқыққа қайшы іс-әрекет екендігін жеткіншектерге түсіндіру.
"Үлкен қадамдар» әдістемесіндегі әлеуметтік тренинг жасы 14 жастан 17 жасқа дейін, оның ішінде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандар мен полиция және қылмыстық-атқару инспекцияларында заңға қарсы келген кәмелетке толмағандар есебінде тұрған жасөспірімдер мен жеткіншіктерге арналған топтық жаттығуларды құқық бұзушылықтың алдын - алу мақсатында пайдалануға болады.
Тренингтің негізгі мақсаты:
Әлеуметтік жалған және құқық бұзушылықтың алдын- алу, сондай-ақ
жасөспірімдердің әлеуметтік қолайлы мінез-құлық нысандарын қалыптастыру.

Тренингтің негізгі міндеттері:
Тренингке қатысушы жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың себептері мен салдарын талдау саласына, сондай – ақ ортадағы жігерлі көңіл – күйлерінің ерікті бөлігін дамытуда, олардың құқықтары, міндеттері туралы білім деңгейін көтеру;
Тренингке қатысушы жасөспірімдердің өзін-өзі бақылауының және бағалауының дағдылары мен эмоциялық жай-күйі үшін тиімді дұрыс шешімдер қабылдауға әзірлеу;
Адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну; 
Өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
Ортаның жағымсыз әсеріне қарсы тұруға дұрыс бағытталған оң уәжді жасау және қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:
Ортаның жағымсыз әсеріне қауіпсіз мінез-құлқынқа әр түрлі жағдайларда өздерінің қарсы тұру қабілеттерінің сенімділігін сезіну;
Қауіптіліктің жоғарғы ерекше жағдайларда айналасындағы адамдармен тиімді қарым – қатынас жасай білу керек;
Құрбы – құрдастарының тарапынан қысым көрген жағдайда не істеу керектігін білу.
2 . Тренингтің әдіснамалық негізгідері.
Топпен жұмыс істеу технологиясы.
Тренинг - бұл шағын топпен жұмыс жүргізудің белсенді түрі, қатысушылар пікір алмасады, өз көзқарасын қалыптастыруға, жеткізуге, сұрақты дұрыс жүйелеуге, өз білімін тәжірибеде қолдануға дағдыланады. Жасөспірімдерді саналы жұмыс түріне баулиды, оларды дер кезінде ойлану мен шешім қабылдауға үйретеді.

Тренингтің белсенді жұмыс түрін пайдаланғанда – шеберлік пен машықты қалыптастыратын жаттығулар жиынтығына көңіл бөлу керек. Тренингтің табысты болуын қамтамасыз ету тек оның мазмұнына байланысты емес, жүргізушінің топпен жұмыс жүргізе білуінде.
Сондықтан тренинг жүргізуші мынаны есте сақтау керек:
Тренинг тақырыбының дағдылары мен білімін меңгеру қажет; / кәмлетке толмағандардың құқық бұзуының себептерін, кикілжіңді шешудің жолын құрастыру/
Тренингтің өткізілетін барлық жаттығуларының міндеттері, мақсаттары жазылып, алдын – ала әзірленген болу керек (сипаттамасы, жаттығулар жоспарын талдау, мазмұнын, ақпараттық блоктарды, нұсқалары және т. б.);
Топпен жұмыс істеу үшін білім мен дағдыны меңгеру қажетті (бәрінен бұрын – коммуникациялық дағдылары, топтық заңдардың динамикасын білу және топтық үрдісті басқара білу дағдыларын бақылау), сондай – ақ тренингте әңгіме осы топтағы жасөпірімдер мен жеткіншектердің жас ерекшелігіне байланысты болу керек.
Мынаны есте сақтау керек: тренинг – жүйелілігі жаттығулар ғана емес, теориялық блоктардан және сергітуден тұрады.