Коучинг саба?:Топты? ж?мысты ?йымдастыра отырып,сыни т?р?ыдан ойлау?а ?йрету


-118745-320040
Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы,
Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колддежінің
информатика пәні оқытушысы-Аюпова Назым Байдуллақызы
Коучинг сабақтың тақырыбы Күні:
Топтық жұмысты ұйымдастыра отырып,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Сілтеме Нұсқаулық 24 -25 бет
Жалпы мақсаты
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, бақылау мен тәжірибенің ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алыған ақпаратты бағалауға, қорытынды жасауға талдауға талдауға баулу
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері Логикалық зерттеу мен ой жүгірту әдістерін білу,ол әдістерді өмірде қолдануға тиімді жолдарын таңдай білу.
Сабақта туындаған негізгі идеялар Қазақстанда білім беруді дамытушы ең басты жаңа ең жаңа модуль екендеріне көздерін жеткізу,
түрлі жағдайда бәсекелестікке қабілеттілігін дамыту.
Тапсырмалар
1.Коучинг сөзін түсіндіру (слайд бойынша)
2. Жұптық жұмыс (түрлі түсті стикерлер арқылы топқа бөлу) «Алтын ереже » құру 3 «Қошқар мен теке» мультфильмінен үзіндіге постер дайындау
4. Сергіту сәті
5. «Мен қандай мұғаліммін?» тренингі. (Өзін-өзі жарнамалау)
6.Коучинг сабақты ақылдың
6 қалпағымен қорытындылау
7. Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)
8. Шығыс диагностикасы
Дереккөздер: ІІ деңгейдегі мұғалімдерге арналған нұсқаулық ІІ басылым (24-25 бет), ғаламтор мәліметтері
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа тақырып: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету ,слайд арқылы түсіндіру
Ой шақыру үшін берілетін тапсырма:
Жұптық жұмыс
Мұғалімдердің әрекеті:
1. «Қошқар мен теке» мультфильмінен үзінді,білім саласына келтіріп постер арқылы қорғау
2. Өздерін және өзге жұпты бағалау
Бағалау критерийлері:
- Тақырыпты ашуы;
- Пікірінің дәйектілігі;
- Сөйлеу мәдениеті;
Бағалау дискриптерлері:
0 – жоқ, 1 – нашар, 2 – сәтті
Коучердің әрекеті: Мұғалімдердің жауабын қорытындылап, ортақ тұжырым жасау

Сергіту сәті.
2 тапсырма
«Мен қандай мұғаліммін?» топтық жұмыс ( Постер дайындау)
Бағалау парағы
Кезеңдер
Тақырыпты ашуы
Эстетикалық талғамы Эмоционалдық әсері
Авторлық қолтаңба Қорытынды
Өзін-өзі бағалау Бірін-бірі бағалау Бағалау дискрипторы:
0 – мүлдем ештеңе жасалмады
1 – жұмыс жасалды, жеткіліксіз
2 - сәтті
Тақырыпты ашу мақсатында берілетін тапсырма:
Коучердің әрекеті: 1. «Мен қандай мұғаліммін?» тренингі. (Өзін-өзі жарнамалау)

Мұғалімдердің әрекеті: 1. Постер арқылы өзінің кәсіби ерекшеліктері мен артықшылықтарын мүмкіндігінше толық жеткізу.
2. Жарнама бойынша бірін-бірі бағалау.
Бағалау критерийлері:
мазмұны
дизайны
әсерлілігі
шынайылылығы.
Бұл тапсырмада білім беру мен білім алудағы формативті бағалау, зерттеушілік, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау тәсілдері қамтылады.
Коучинг сабақтың соңын ақылдың 6 қалпағымен қорытындылауды ұйғардым.
Ақ –өткізілген сабақты баяндап береді(не болды,не өтілді)
Сары – не үйрендік,не білдік
Жасыл –сын-идея
Қара – қаралайды
Қызыл – эмоциямен білдіреді
Көк – талдау жасайды

Сабақты бекіту: Саусақтар арқылы мінез анықтау (тест)
1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.

Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1».
2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.

Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса - «2».
3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?

Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса - «2».
4. Көлденең шапалақтаңыз.

Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».
Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз:
«2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады.
«2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.
«2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді.
«2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.
«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ.
«2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды.
«2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады.
«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.
«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады.
«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.
«1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді.
«1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар.
«1111» - (жүзпайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.
«1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді.
«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.
«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.
Сабақты аяқтау.

Шығыс диагнотикасы
Аты-жөні: ________________________________ Мектебі: __________________
Сізге коучинг сабақтың мақсаты түсінікті болды ма?

ИЯ ЖОҚ
Түсініктемелер:
Сіз бұл мақсаттар Сіздің қажеттілігіңізге сәйкес келетінін мойындайсыз ба?

ИЯ ЖОҚ
Түсініктемелер:
Коучинг сабағы кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе?
ИЯ ЖОҚ
Неге?
Коучинг сабақ кезінде жаңа бірдеңе үйрендіңіз ба?
ИЯ ЖОҚ
Не үйрендіңіз?
Жаңа тәсілдерді қолданғанда сіздің сеніміңіз артты ма?
ИЯ ЖОҚ
Қалай?
Коучинг сабағы Сіздің өзіңіздің оқыту мен оқу тәжірибеңізге өзгеріс енгізді ме?
ИЯ ЖОҚ
Қандай өзгерістер?