Дарынды балалармен жеке ж?мысты ?йымдастыру ар?ылы жеке т?л?а?а ба?ыттал?ан білім беру траекториясын ?лгілеуді? педагогикалы? жолдары


Дарынды балалармен жеке жұмысты ұйымдастыру арқылы жеке тұлғаға бағытталған білім беру траекториясын үлгілеудің педагогикалық жолдарыҚазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады. Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен тығыз байланысты. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. 
«Дарындылық» термині «дарын сөзінен шыққан» дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғышарттары дегенді білдіреді. Баланың оқуға деген жоғары зеректігі, анық байқалатын ерекше шығармашылық қабілеті бар бала «дарынды бала» саналады.
Балалар дарындылығын дамытуда оның байқау жиілігі, сонымен бірге өсу кезеңі өте қиын мәселе болып табылады. Дарындылықтың байқалуына екі түрлі көзқарас бар: «барлық балалар дарынды» және «дарынды балаларға өту сирек кездеседі». Іс-әрекеттің әр алуан түрлеріне байланысты әлеуетті дарындылық көптеген балаларға тән. Ал, асқан дарындылықты балалардың аз бөлігі ғана көрсете алады. Кез келген дарындылық түрінің байқалмау себептері мынадай болуы мүмкін: қажетті білімнің, шеберліктің, дағдының жетіспеушілігі, бала дамуындағы кейбір қиындықтар, мысалы: тұтығу, жоғары әсерленгіштік, тіл табысу өзгешелігі, т.б.
Дарынды балаларды айрықша оқшауландыратын ерекшеліктер – ақыл-ой еңбегіне бейімділік, жоғары зерттеушілік қабілеті мен танымдық мотивация, білімді, жаңа хабарды ұдайы қабылдауға ұмтылыс, яғни, танымдық қажеттілік.
Дарындылық белгілерінің ең белгілісі – оқу бағдарламасын табысты меңгеру және шығармашылық қабілет.
Дарындылықты анықтағанда төмендегі факторларды ескеру керек:
Жас ерекшелігі
Тұлғалық ерекшелігі.
Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігі.
Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы     жұмыс жоспары:
1.Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу
2.Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптап) оқыту
3.Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу
4.Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, эссе жазу, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту.
5. Мектепішілік және аудандық пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру.
6.Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқыту.
Адамзат баласының бар мұраты – білім. Қазіргі қоғамда дарынды балалармен жұмыс мәселесі өте өзекті болып табылуда. Әр ата-ана өз баласының жақсы мектепте білім алғанын қалайды. Қоғам мен ата-аналар үшін «жақсы мектеп» деп оқушыларды барлық пәндер бойынша терең біліммен қаруландырып, мектепті аяқтаған соң өзі қалаған жоғары оқу орындарына оңай түс алуы, жоғары білікті педагогтардың қызмет атқаруы, заман талабына сай білім беру құралдарымен жабдықталған, оқушымен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас орнатып, тек сабақ берумен ғана шектелмей, қосымша білім беру жүйесінің орнауы, оқушының үш тілде еркін сөйлеуі. Сондықтан, осы аталған талаптарға сай болудың негізгі шарты – «дарынды балалармен» жұмыстың негізгі бағыттарын анықтау, жұмысты жүйелі жүргізу.
Дарынды балалармен жұмыс жасау мұғалімнен үлкен ізденісті, көп еңбектенуді талап етеді. Барлық баланың ерекше қабілетін ашуда психолог мамандардың да зерттеулері маңызды. Ұлы ойшыл Плутарх: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді» деген екен. Осы сөзді ескере отырып, балаларды шығармашылыққа баулуда қажымай-талмай еңбек ету әрбір мұғалімнің міндеті.
Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің жеке басының қасиеттері:
- Мейірімді, сезімтал.
-Дарынды балалар психологиясы, ерекшелігін біледі, олардың қызығушылығы мен қажеттілігін сезеді.
-Интеллектуалды даму деңгейі жоғары.
-Қызығушылығы мен икемі кең.
-Педагогикалық мамандығынан өзге де білімі бар.
-Дарынды балаларды оқытумен байланысты түрлі міндеттерді орындауға әзір.
-Белсенді.
-Өзінің көзқарасын өзгертуге, үнемі өзін жетілдіруге дайын.
-Өзіндік жеке әлемтану.
-Өмірге төзімді, дені сау.
-Жоғары оқу орнынан кейін дарынды балалармен жұмыс жөнінде арнайы дайындығы болып, әлі де арнайы білімді ашуға дайын болу.
А.Савенков дарынды балаларды анықтаудың принциптерін ұсынды:1. Кешенді бағалау принципі. Баланың интеллектуалдық қабілеттілігінің даму деңгейінен Зерттеу үшін баланың шығармашылық қабілеттілігінің дәрежесін, психо-әлеуметтік және физикалық даму деңгейін зерттеу маңызды бола бастайды.2. Ұзақ мерзімдік принцип.Балалар дарындылығының деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін диагностикалық жұмыстар.3. Тренингтік әдістер мен тапсырмаларды қолдану принципі.Тренингтік әдістемелер диагностиканың мақсатын өзгертуге, яғни оларды ең әуелі бала қабілеттілігін коррекциялау мен дамытуға бағыттауға мүмкіндік жасайды. 4. Баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескеру принципі.Баланың сол сәттегі істегені емес, одан болашақта не күтуге болады сол маңыздырақ болады.5. Диагностикалық экологиялық әдістерді тірек ету принципі.Экологиялық әдістерді баланың жасанды, зетханалық жағдайда емес кәдімгі жағдайдағы мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау әдістері жатады. 6. Әр түрлі мамандардың қатысу принципі.7. Балалардың өз дарындылығын бағалауға қатысу принципі.Баланың өз мүмкіндіктерін өзі бағалауын ескерудің маңызы өте зор болмақ. Дарындылықтың дамуындада жанұя өте маңызды жағдай болып келеді, соның ішінде:• жанұя құрылымы мен оның эмоционалды климаты;• бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас стильдері;• ата-аналардың бала дарындылығына қатынасы.Жанұя құрылымы мәселесіне жүгіне отырып, балалардың көбі (87%), толық жанұяларда тәрбиеленген деп айтуымызға болады. Жиі, 70% жағдайында жанұяда балалармен және ата-аналармен қатар, туыстарының ішінен біреулер: әжелер, апалар және ағалар, жиендері тұрады. Мектепке дейінгі шақта, олардың жүргізуші іс-әрекеті — рольдік ойындар. Балаларға құрбыларымен жеткілікті түрде айқын және түрақты көрінетін қарым-қатынасқа деген қажеттілік туылады. Бала қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту керек екенін ұмытпау қажет. Оларды тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға үйрету керек.
Қабілетті шәкірттердің бейімділігі одан әрі дамыту, оның шығармашылық қызметін, іс-әрекетін жетілдірудің бір түрі, оларды олимпиадаларға дайындау жұмыстарын ұйымдастыру мектеп бойынша, сондай-ақ пән мұғалімдерінің арнайы жасалынған жеке жоспары негізінде жүргізіледі. Мектепішілік пән олимпиадасының жүлдегерлері, олимпиадаға қатысатын үміткер оқушылар арнайы сауалнама негізінде іріктеліп мұғалімдерге бекітіліп беріледі. Бұл оқушылармен дайындық барысы, жоспарланған жұмыстың орындау сапасы мектеп басшылары тарапынан апта сайын тексеріледі, қорытындыланып отырылады. Тексеру кезінде тапсырмалардың талапқа сай іріктеп алынуы, оның орындалу сапасы, пайдаланып жүрген әдебиеттер, оның дұрыс іріктелуі, шәкірт дайындығының деңгейі, т.с.с. егжей-тегжейлі тексеріледі.
Ол бірнеше кезеңнен тұрады.І кезең – наурыз, сәуір- тақырып таңдау;ІІ кезең- мамыр- қыркүйек- тақырып бойынша зерттеу жұмысы;ІІІ кезең- қыркүйек-қазан- ғылыми жоба жарыстарының мектепішілік кезеңі;ІҮкезең – қазан-қараша- жұмыстарды сайыстың келесі кезеңіне ұсыну;Ү кезең – қаңтар-ақпан- ғылыми жоба жарыстарын қорытындылау, талдау, бағалау, ұсыныстар беру.Шәкірттерді ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлінеді:1. Тақырыптың ғылыми құндылығы;2. Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке үлесі;3. Шешендік шеберлігі, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды, жағымды жеткізе алуы, өзін ұстауы, аудиторияны тартуы;4. Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;5. Жұмыстың көркем безендірілуі;
Осындай жұмыстарды жүйелі жүргізудің нәтижесінде оқушыларымыз аудандық, облыстық, республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтсақ халықаралық қашықтан оқыту олимпиадаға 32 оқушы қатыстырып оның 24 оқушы ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарға ие болды. Халықаралық «Инфознайка -2014» конкурсына 30 оқушы қатыстырып дипломдармен марапатталды. Халықаралық «Өмір және ғылым» ғылыми- практикалық конференцияға 2 оқушы қатыстырып І дәрежелі дипломдармен марапатталды. «Дарын», «Зерде» ғылыми жоба байқауларына оқушылар қатыстырылып І және ІІ орындармен марапатталса облыстық байқауда ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, ал 4 сынып оқушысы Сайдин Меруерт Х Республикалық «Зерде» байқауында 2014-2015 оқу жылында аудандық
І дәрежелі диплом, облыстық І дәрежелі диплом, республика ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Мұғалімдердің негізгі міндеті талантты да дарынды оқушыларды ұштау, оқыту мен тәрбиелеуді әрі қарай дамыту.
-Қазіргі қоғамның түрлі салаларының әлемдік даму деңгейіне жасалынып жатқан талпыныстары тек қана шығармашылық іс-әрекеттер арқылы ғана жүзеге асатындығын дәлелдейді.
-Оқушылардың шығармашылық дарындылығы – жеке тұлғаның қалыптасуының маңызды көрсеткіші және шығармашылық дарындылығын қалыптастыруда: мотивациялық-еріктік, танымдық-интеллектуалдық, рефлексиялық бағалау компоненттерін бір арнаға біріктіру қажеттілігі дәлелденді.
-Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының оң нәтижелері оқушылардың шығармашылық дарындылығын дамытуға байланысты ұсынылған болжамның дұрыстығын дәлелдейді.
-415290664845Информатика пәні бойынша дарынды оқушылар мониторингісі 2013-2014 оқу жылы
0Информатика пәні бойынша дарынды оқушылар мониторингісі 2013-2014 оқу жылы
Қорыта келгенде, дарындылықты және ерекше қабілеттілікті балалық шақтан таңдап, ата-аналармен мұғалімдер бірлесе жасайтын педагогикалық-психологиялық мазмұндағы көптеген жұмыс түрлерін ұйымдастыруымыз қажет. Сонда ғана  дарынды ұрпақтың меңгерген білімі мен іскерлік дәрежесі қоғамның дамуына үлесін қосады.
 
8001004191000
Оқушылардың шығармашылық дарындылығының
құрылымдық- мазмұндық моделі
1724025197485Интеллектуалдық
00Интеллектуалдық
3902075191770Рефлексиялық
00Рефлексиялық
-325755140970Мотивациялық00Мотивациялық
Шығармашылық ой-өрісінің тереңдігі және танымдық-интелектуалдық дербестігінің болуы
Шығарма-шылық іс-әрекетке құндылық бағдарының болуы
Шығармашылық дарындылығын дамытуда рефлексиялық іс-әрекеттің үйлесімділігі мен өзін-өзі реттеу, бағалау жүйесін меңгеруі
1)шығармашылық іс-әрекетке тұрақты танымдық қызығушылығы;
2)дербес шығармашылық іс-әрекетке тұрақты қажетсіну;
3)шығармашылық нәтижеге ұмтылу.
1)танымдық және интеллектуалдық біліктілігінің деңгейі.
2)шығармашылық дарындылыққа тән психологиялық сапалары мен шығармашылық іс-әрекет туралы білімінің деңгейі;
3)интеллектуалдық тапсырмаларды шешу мүмкіндіктері.
1)шығармашылық ой-өрісінің рефлексиялық сипаты;
2)танымдық ізденімпаздығының жоғары деңгейі;
3)ұжымдық шығармашылыққа бастамашылдық идеясын көрсету.
Шығармашылық ой-өрісінің тереңдігі және танымдық-интелектуалдық дербестігінің болуы
Шығарма-шылық іс-әрекетке құндылық бағдарының болуы
Шығармашылық дарындылығын дамытуда рефлексиялық іс-әрекеттің үйлесімділігі мен өзін-өзі реттеу, бағалау жүйесін меңгеруі
1)шығармашылық іс-әрекетке тұрақты танымдық қызығушылығы;
2)дербес шығармашылық іс-әрекетке тұрақты қажетсіну;
3)шығармашылық нәтижеге ұмтылу.
1)танымдық және интеллектуалдық біліктілігінің деңгейі.
2)шығармашылық дарындылыққа тән психологиялық сапалары мен шығармашылық іс-әрекет туралы білімінің деңгейі;
3)интеллектуалдық тапсырмаларды шешу мүмкіндіктері.
1)шығармашылық ой-өрісінің рефлексиялық сипаты;
2)танымдық ізденімпаздығының жоғары деңгейі;
3)ұжымдық шығармашылыққа бастамашылдық идеясын көрсету.

Сонымен, дарындылықты дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі оқушылардың танымдық және тұлғалық дамуы мен олардың даралық ерекшеліктерін, айқын қабілеттерін, креативтілігін арттырып, шығармашыл дарынды тұлғаның қалыптасуына негіз болады деп есептейміз.