?зін-?зі тану п?ні.Саба? жоспары.Е?бекті? наны т?тті


Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мектеп Мерзімі №1Тақырып: Еңбектің наны тәтті
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер:Адалдық,адамгершілік, мейірімділік.
Мұғалім: Сынып – 3 сынып Оқушылар саны

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды еңбекқорлыққа,еңбекке баулып, ішкі тыныштықтың мәнін ашу.
Міндеттері:
• Оқушыларды еңбек етуге баулу.
• Оқушыларды өз еңбектерінің жемістерін көруге баулу.
• Оқушыларды еңбектің наны тәтті екенін түсіндіру.
Ресурстар: ( белсенді тақта, кітап, дәптер, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.
Жайлы,баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....
Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
1.Үй тапсырмасын тексеру.
«Маңдай тердің жемісі»өлеңді оқып, мазмұнына сәйкес сурет салыңдар.
2.Дәйексөз
Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.
Халық даналығы
Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.
Жаңа тақырыпқа дайындық.
«Маңдай тер» шығармасын оқып, талдау.Сұрақтарға жауап беру.
1. Атасы Хамитке «маңдай тер» дегенді қалай түсінесіңдер ?
2.Өз еңбектерінің жемісін көрген көздерің болды ма?

3.Әңгімелеу
Туған жер туы.
Біз ауылда тұрамыз.Атам,әжем, анам, әкем, кішкетай інім – Ербол және мен Асылзат – бәріміз бір отбасымыз.
Биыл наурыз айының соңғы күндері көп тал көшеттері әкелініп, бүкіл ауыл адамдары бірде – бірі сырт қалмай жексенбілік жасады.Сол күні атам, анам, әкем ,Ербол ертелетіп қалаға базарлап кетіп, үйде әжем екеуіміз ғана қалғанбыз.Әжем белін орамалмен белін буып алып, қолына күрек ұстап, аулаға шықты. Көп кісілердің: «Әже, қайтесіз, сіздің көшеттеріңізді өзіміз – ақ отырғызамыз ғой», дегендеріне: «Қарақтарым, туған жерге туынды тік» деген және тағы «Еңбек түбі – береке , көптің түбі – мереке» дегенде бар. Мерекеден немерем екеуміз қалай қалыс қалмақпыз, - деп көнбеді.
Әжем көшетке арналған шұқанақты тереңірек қазды. «Саяз қазып, талымыз желге ұшып кетіп масқара боламыз», - деп қояды.Әжем қазған шұқанақ тіпті өзгелердікінен тереңірек көрінді маған. Жан – жаққа тамыры жайылған жіңішке тал көшетін шұқанаққа түсіріп:
Асылзат, ұста, түзу ұста, -деді. Мен талды титтей де қисайтпай ұстауға тырысып – ақ тұрмын.Сөйтіп, біздің де көшетіміз егілді.
1.Асылзат өз туған жеріне қандай еңбек сіңірді?
2.Сендер қандай еңбек сіңірдің?
4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Өз еңбегінің жемісі неліктен тәтті?» шығарма жазу.
5.Топпен ән айту
Өз елім
с.Қ.Мырза Әли
ә.Н.Тілендиев
1.Келгенде көктемі,
Көңілін гүл басқан.
Шырағы көктегі,
Жұлдызбен сырласқан.
Өз елім менің –
Өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін,
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.
Қайырмасы:
Түлегі сендер,
Тілегі сендер.
Тірегі сендер сол елдің.
Назары сендер,
Базары сендер,
Ажары сендер сол елдің!
2.Ақ күмбез астығы,
Асқар боп өрілген.
Жалынды жастығы,
Жүлдені бермеген.
Өз елім менің –
Өзегім менің,
Жырыма қосып жүремін,
Төрім деп менің,
Жерім деп менің,
Соғады мәңгі жүрегім.
6.Үй тапсырмасы.
«Еңбек» туралы бір мақалға ребус жасап әкеліңдер. 7.Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет.