Ашы? саба?Е?бекті? наны т?тті


2-3-4-сыныптардағы өткізген ашық сабақтар үлгілері жинағынан 11 сабақ үлгілері ұсынылып отыр.
1) Математика.(4-сынып)Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.Мақсаты: Есептерді теңдеу құра отырып шешу жолын ұғындыру.Сөзесептерге теңдеу құру арқылы шешуді үйрену,сауатты түрдешапшаң орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.Ұқыпты орындап,қатесіз жазуға,теңдеуді сауатты құра білугедағды қалыптастыру.Балаларды топпен ұйымдаса жұмыс істей білуге ,еңбекке баулу.Көрнекілігі: сызбалар,кестелер,суреттер,тесттер,оқулықСабақ түрі: араласӘдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топпен жұмыс,тест сынағы,салыстыру.Сабақ барысы.І.Ұйымдастыру кезеңі.Балаларды сабаққа дайындау,психологиялық дайындық.(жақсы тілек тілеу)ІІ.Жаңа сабақ.Есепті теңдеу құру арқылы шешу.* «Ой қозғау»Теңдеудің неше түрі бар? (күрделі,қарапайым)Салыстыру,ұқсастығы неде,айырмашылығы неде? (ұқсастығы екеуіде теңдеу,айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады,қара-пайым: тек қана бір амалмен орындалады)• «Ойлан,тап!»1кг сары май 360 теңге тұрады.Жарты кг сары май қанша тұрады?360:2=180 (жарты,немесе 500г)• х:5=18 х=18•5 х=90 90:5=18 18=18Қайсысы ыңғайлы? (әрина теңдеу құрған)Сергіту сәті: «Санамақ құра біл!»Бір дегенім – білек,Білсең,білек те керек.Екі дегенім – еңбек,Еңбек бәрін жеңбек* «Топпен жұмыс»І – топ №3-208бет,Бар еді-1706қап ұн.Қалды-1009қап ұнЖөнелтілді-? Қап ұнШ: 1706-х=1009 х=1706-1009 х=697 1706-697=1009 1009=1009Ж: 697 қап ұнІІ-топ №4-208бет,Болды-548т қызылша.Қалды-399т қызылша.Тиеп жіберді-?т қызылша.Ш: 548-х=399 х=548-399 х=149 548-149=399 399= 399Ж: 149т қызылша.ІІІ-топ №5-208бет,Әр қ.8 көшеттен-5 қатарЖиектеді-? көшетБолды-63 көшет.Ш: (8•5)+х=63 40+х=63 х=63-40 х=23 (8•5)+23=63 63=63Ж: 23 көшетпен жиектеді.ІV-топ №6-208бет,S=18км,t=2 сағ,υ1=4км/сағ,υ2=?км/сағШ: 18:2-х=4 9-х=4 х=9-4 х=5 18:2-5=4 4=4Ж: υ2=5км/сағ• «Логикалық тапсырма»Шаршының Р=64смS1=?см2S2=?см2 2есе кемв2=4сма2=?см Ш: 1) 64:4=16 (шаршының қабырғасы)2) 16см•16см=256см2 (шаршының ауданы)3) 256:2=128 (тік төртбұрыштың ауданы)4) 128:4=32 (тік төртбұрыштың қабырғасы)Ж: S1=256см2, S2=128см2, а2=32смСергіту сәті: «Ұшты-ұшты».Мақсаты: Зейінді тексеру.Ұшты-ұшты құс ұшты (қолын көтереді)Ұшты-ұшты парақ ұшты (үндемеу керек)Осылай жалғастырылады.* «Қызықты тапсырмалар»1.қосындының да мәні,көбейтіндісінің де мәні 6-ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап. (1,2,3;1+2+3=1•2•3)2.Бір жұмыртқа 4 минутта піседі,ал 8 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)3. 60 және 12 сандарының қосындысы мен көбейтіндісінің мәндерін салыс-тыр.Не байқадың? (60+12=72 60 •12=720)4.жылдамдық 20 км/сағ,уақыт 2 сағ болса қашықтық нешеге тең? (40км)5.Тырна таразы табақшасында екі аяғымен тұрғанда 6кг болды,ал бір аяғымен тұрса неше кг болады? (6кг)
Қорытынды.Бағалау.Үйге тапсырма: №8-209бет (өрнек құрастыру)
2) Математика.(4-сынып)Тақырыбы: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер.Мақсаты: Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептердішығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарынұғындыру.Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетіндамыту.Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаңорындай білуге дағды қалыптастыру.Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, «жаттығу тапсырмалары», тест сұрақтары, фигуралар, сөздер, оқулық, тапсырмалар, оқулық.Сабақтың түрі: ойынӘдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой ашар, өздік жұмыс, тест сынағы, топтастыру, білім сайысыСабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық. « Жаттығу сұрақтары»:1.қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40әріп,2 белгі,42 әріп)2.Математикада неше цифр бар? (10)3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14)4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6)5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)ІІ. Жаңа сабақ. «Ой ашар»І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі ұтымды жауап берген бала ұтады.1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйық-талған)2. Көбейтудің заңдарын ата(ауыстырымдылық,терімділік, үлестірімділік)3. 1км-де неше метр бар? 1000м4.1дм-де неше мм бар? 100мм5.1 м-де неше мм бар? 1000мм6.1тоннада неше кг бар? 1000кг7. 1тоннада неше центнер бар? 10ц км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар)Қандай өлшем бірліктері?-км, дм, м, мм-бұлар ұзындық өлшем бірліктері-т, ц, -бұлар салмақ өлшем бірліктері.
Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер?Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым.Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс.Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш.Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт,64кг)Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өл-шем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т.б өлшемдер бар. Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептер.ІІ. «Түсіндір» («№1 кестемен жұмыс)1. Не өзгерген? Не тұрақты? (саны өзгерген, бағасы тұрақты, құны да өзгерген)2. заттың бағасы тұрақты болып, саны артса, онда құны қалай өзгереді? (құны екі есе артады)3. Ал, заттың бағасы тұрақты, саны кемісе ше, қандай өзгеріс болады екен? (құны екі есе кемиді)Сергіту сәті. Қоян шықты далаға,Жан-жағына қарады.Секірді,жүгірді,Отырды, тұрды.ІІІ. «Ойлан, тап!» (№3 сөз есеп)Дәптермен жұмысПроблемалық сұрақтар: не белгілі?(оң және сол жақтағы орындықтардың қатары, оң жақтағы сол жақтағыдан 24-і кемдігі) не белгісіз? (оң және сол жақтағы орындықтар саны, барлық орындықтар саны) нені табу керек?Сөз есепОң ж.-6 қатар орындық 24 орындық кемСол ж.-8 қатар орындық ? орындық
Ш: 1) 8-6=22) 24:2=123) 6•12=724) 8•12=965) 72+96=168Жауабы: Оң ж.-72орындық, сол ж.-96 орындық, барлығы-168 орындық.ІV. «Құрастыр!» (№5 кестемен жұмыс)Проблемалық сұрақ: Не белгілі? (бірінші көйлектің құны, саны,екінші көйлектің құны)Не белгісіз? (бірінші көйлектің бағасы, екінші көйлектің саны мен бағасы)Қалай табамыз? (бірінші көйлектің құнын санына бөлеміз, екеуінің бағасы бірдей болғандықтан екінші көйлектің құнын бағасына бөлеміз)24480:12=2040 48960:2040=24Сергіту сәті. Жаза,жаза қолымыз,Талып кетті көзіміз.1,2,3Бойға жинап күш,Жалқаулықты тастаймыз,Сабақты ұғып аламыз.V. «Теңдеу құру» Логикалық тапсырма.Х+х+х=20217Х=бірінші қосылғыш-ең кіші бес таңбалы сан (10000)х=екіншісі –ең үлкен төрт таңбалы сан (9999)х=? (үшіншіні тап)10000+9999+х=2021719999+х=20217х=20217-19999х=21810000+9999+218=2021719999+218=2021720217=20217Қандай теңдеу құрастырдық? (күрделі)Салыстыру: Күрделі мен жай теңдеудің ұқсастығы, айырмашылығы неде?
VІ. «Өздік жұмыс» (№9 тапсырма І-ІІнұсқаға )* І-нұсқа 4310Х 5625860+ 21550241360 (бөлумен тексереміз)*ІІ-нұсқа 4300Х 56258+215240800 (бөлумен тексереміз)• «7» саны қандай сан? (киелі сан)«7» саны туралы не білеміз? Топтастыру
7 қазына 7 ата
7 күн 7 шелпек
7 күнді ата (бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күні, қасиетті күн,соңғы күн, азына)7 күнді ата. (дүйсенбі….)7 атаны ата. (әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат) МАБ-ға дайындық. Тест сынағы.VІІ. 1. 7 ыдыста 21кг тосап болды. Сонда бір ыдысқа неше кг тосап құйылған?А)3кг В)10кг с)12кг д)13кг2. Жәшіктің саны 8, жәшіктің жалпы массасы 96кг болса, бір жәшіктің массасы қанша? А)11кг В)10кг С)12кг д)13кг3. Заттың саны 18, жалпы массасы 90 тонна болса, бір заттың массасы қанша болған? А) 2т В)5т С)3т Д)4т4. Бір жәшіктің массасы 12кг, жәшіктің жалпы массасы 48кг болса, онда неше жәшік болған? А)3 В) 1 С) 2 Д) 45. Егер бір ыдысқа 3кг тосап сыйса, 9 ыдысқа неше кг тосап сыяды?А)27кг В)25кг С) 24кг Д) 23кг6. Бір заттың массасы 5 тонна, заттың саны 2 болса, заттың жалпы массасы қанша болады? А) 20т В)10т С)30т Д)40т7. Бір заттың массасы 5тонна, жалпы массасы 30 тонна болса, заттардың саны қанша болғаны? А)9 В)8 С)6 Д)7Жауабы:
№ 1 2 3 4 5 6 7жауабы А С В Д А В С
Қорытындылау. Бағалау.Үйге тапсырма. №8-202-бет. (өрнек құру)
3) Математика (3-сынып)Тақырыбы:Көбейту және бөлу — өзара кері амалдар.Мақсаты: 1.Көбейту және бөлу- өзара кері амалдар деген түсінікті қалыптастыру.Балалармен көбейту амалының компоненттері мен нәтижесінің арасындағыбайланысқа негізделген теңдеулерді шешуді пысықтау;2.Теңдеулерді шешу кезінде амалдардың өзара кері әдісін пайдалана білуінбекіту; Байқағыштығын, жадын дамыту:3.Балалардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өз бетінше жұмысістей білуін дамытуға жағдай жасау, зерделі болуға үйрету.Көрнекілігі:интерактивті тақта, тапсырмалар, сызбалар, фигуралар, тесттапсырмаларыСабақ түрі:ойын, жаңа сабақСабақ әдісі: түсіндіру, толықтыру, құрастыру, бақылау, салыстыру, талдау, болжау.Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық (барлығы бір-біріне жақсы тілек білдіреді)ІІ. Өткенді қайталау.А)үйге тапсырманы тексеру. №10тапсырма, теңдеуді шешу. 35-бет.х:2=4 9:х=3 16:х=8х=4•2 х=9:3 х=16:8х=8 х=3 х=28:2=4 9:3=3 16:2=84=4 3=3 8=8Ә) ойын. «Кім шапшаң?»Әртүрлі фигураларды ала отырып, көбейту кестесін пысықтап алу.
(екіге көбейту кестесі)(үшке көбейту кестесі)
(төртке көбейту кестесі)б) жеке тапсырмалар (3оқушы карточкамен жұмыс жасайды)1-карточка (теңдік тура болатындай сандарды қой)•2=18=6 2• :2=2=6•2=10 12:=8 2••2=14 20:2= 2•8=
2-карточка (Бос орындарға сандарды қой)
7+ 11 — 3 • 24 : 6
3-карточка (өрнекті мәнімен сәйкестендір)
5•3 510:2 93•3 1518:2 62•9 918:3 18
в) сыныпқа арналған тапсырмалар;(Ұсынылған сандарды пайдаланып, көбейту мен бөлуге байланысты үш теңдік құрау)
2,16,8 3,12,4
Тексеру: 2•8=16 8•2=16 16:2=8 16:8=23•4=12 4•3=12 12:4=3 12:3=4Сергіту сәті:Адымдаймыз, адымдаймыз,Қолды биік көтереміз,Басымызды түзу ұстап,Баяу терең демаламыз.Қарасақ алау жанында,Ұядан түскен балапан.Еппен алып, ұяғаСаламыз оны қайтадан.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.А)оқулықпен жұмыс №1 тапсырманы оқып, талдау, түсіндіру.Б.-18 ойыншық Б.қ-2сБ.қ-2сөреге Әр.қ-9ойыншықтан ? ойыншықӘ с-?ойыншықтанШ: 18:2=9 Ш: 2•9=18Ж: 9 ойыншық Ж: Б. 18ойыншық
(жұмыс нәтижелерін ұжым болып талқылау)№2тапсырма (сызбаны көріп, түсіндіру): 2
18 9 Түсіндіру: 18:2=9 9•2=18 2•9=18 18:9=2
•2№3тапсырманы да түсіндіру (сызбаны)Түсіндіру: 15:3=5 5•3=15 15:5=3 5•3=15№4 тапсырма (жұптық жұмыс)
•2= 6•4=24 7•2==:=7 : 24:4=
Сөз есеп (өткен материалды бекіту)Ү.-12Б.-? 2есе кем ? адам
Ш: 1) 12:2=6 (балалар) 2) 12+6=18 Ж: Барлығы 18 адам келген.Сергіту сәті. Бас бармағым-алғашқы,Балаң үйрек-жалғасы,Ортан терек-ағасы,Шылдыр шүмек-нағашы,Кішкентай бөбек-балақан,Бәріне ортақ алақан.ІV. Қорытындылау. (рефлексия)А) Сұрақ-жауапӘ) тест тапсырмалары
1. х:2=6 Белгісіз сан нешеге тең? А. 3 Б. 4 С.5
2. 6•8=? А 18 Б. 48 С.8
3. Бөлінгіш 12, бөлгіш 3, бөліндінің мәнін тап.
А. 2 Б.3 С.4
V.Үйге тапсырма. №7-тапсырма (сөз есепті шешу) -37-бет.
4)Математика (2-сынып)Тақырыбы: 5 санын қосу және азайту.Мақсаты: 1)Екі амалдан тұратын өрнектермен және басқадай тапсырма-лармен байланысты есептеулерде 5санын кестелік қосу меназайтуды қолдану; Ондықтан аттайтын жағдайларда 5санынқосу және азайту ерекшеліктері туралы қорытынды жасау;Топта 1,2,3,4,5 сандарын кестелік қосу мен азайту дағдыларынбекіту.2)Ойындар мен түрлі 5 санына байланысты ізденіс жұмыстарыарқылы ойлау қабілеттерін дамыту.3)Топтық жұмыстар, шығармашылық тапсырмаларды орындауда,бір-бірімен татулықта, достықта жұмыс істеу білуге, бір-бірінекөмектесе білуге баулу, шапшаңдыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі және жабдығы: суреттер, тапсырмалар, гүлдер, сызбалар, оқулық, гном (мыртық бала), қағаздар, қарындаштарСабақ түрі: (жаңа сабақ)араласСабақта қолданылатын әдістер:түсіндіру, салыстыру, болжау, іздену, сұрақ-жауап, толықтыруСабақ барысы.І. ұйымдастыру кезеңі. «психологиялық дайындық»***Қағаз бен кнопканы салыстыр. Олар неге қажет? (бала пікірін тыңдау)1.Қағазды бүктеу арқылы біргелікте «гном (мыртық бала)» жасау.Қандай фигурадан жасадық? (шаршы) Шаршының неше бұрышы бар? (төрт бұрышы бар) Қандай фигура шықты?(бесбұрыш)2.Сан қатары берілген:5 10 15 20 25 30…………Неге назар аударылған?*Айырмасының мәні 10-ға тең болатын.15-5 20-10 25-15 30-20Қандай заңдылыққа сүйеніп айтылды? Сандарды жалғастырыңдар.(35,40,45) Енді сандар жұбын атаңдар (35-25 40-30 45-35)Сергіту сәті. «Он саусақ»*Ауызша есептеулер.1.Көлден ұшты жеті қаз, 2.Жаңа ғана шалғында,Қайтып қонды екі қаз, Алты бұзау жүр еді.Қонбады оның нешеуі? Әлде шаршап қалды ма,Кәне, кім тез шешеді? (7-2=5) Жатып қапты біреуі.Нешеуі енді жайылып,Айт, жүргенін айырып? (6-1=5)Қазіргі есептеулер де 5 саны туралы екен. Ендеше 5 саны жөнінде не білеміз?Қауымдастық құрайық.5 баға бесбұрыш 5тең 5 алып 5тұлпар 5арыс
5қару 5бақыт
5жігіт 5жетім 5тас 5саусақ 5дұшпан 5асыл бес саусақБалалар өз ізденістерін ортаға салады, әр 5 санына байланысты тамаша сөздерді мәнерлеп айтады. Иә балалар, қазақ халқында киелі сандар өте көп. 3,4,5,7,9,12,30,тб Ендеше сөз кезегі өздеріңе.5 алып1.Балуан Шолақ (шын аты Нұрмағамбет Баймурзин) -палуан,әнші-сазгер.2.Қажымұқан палуан (Қажымұқан Мұңайтпасов) қазақ халқындүние жүзіне танытқан палуан. 3.Бұланбай палуан4.Қазақбай қажы палуан5.Қасымхан палуан5 тұлпар(ер қанаты болған бес тұлпар)1.Қара ат 2.Керкекіл 3.Тайбурыл 4.Көкдөнен 5.Ардакүрең5 тең1.Әкеден алған ақылыңДаңғыл қара жолмен тең.2.Ағайының көп болса,Сапта тұрған қолмен тең.3.Жақсы болса ағаңыз,Асқар асу белмен тең.4.Елгезек болса ініңіз,Ерттеулі атпен тең.5.Көпті көрген қартыңыз,Жазылған шежіре хатпен тең.
5 қару: мылтық,садақ, найза, қылыш, айбалта.5 бақыт1.Астыңдағы атың жүрдек болса,Жалғанның пырағы.2.Алған жарың жақсы болса,Үй-ішің мен достарыңның тұрағы.3.Әкең асқар тау.4.Шешең қайнар бұлақ.5.Балаң жақсы болса,Екі көзіңнің шырағы.5 жігіт1.данышпан жігіт 2.арыстан жігіт 3.түз жігіт 4.қыз жігіт5.айналып соғар із жігіт5 жетім1.Иен қалған жер жетім,2.Басшысыз қалған ел жетім.3.Аққу-қазсыз көл жетім.4.Тыңдалмаған сөз жетім.5.Іздемесе қыз жетім.5 дұшпанӨсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ5 асылТалап, еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау5 саусақБасбармақ, балалы үйрек, ортан терек, шылдыршүмек, кішкене бөбекБес тасБестас-көбінесе қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол үшін домалақ, ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып ойнауға ыңғайлы тегіс жер керек. Ойын бірнеше сатыдан тұрады. «Бірлік», «екілік», «үштік», «төрт-тік», «алақан», «төртбұрыш», «арттан тастау» -деген сатылары бар.Ойын сатыларын ойнай алмаған ойыншы сол сатысында тоқтайды. Ойынды келесі кезектегі ойыншы жалғастырады.
«Бес саусақ» (санамақ)Бас бармағым, Сұқ саусағым,Бақташы бол! Сауыншы бол!Қырағы көз, ӨнеріңеСақ малшы бол! Табынсын ел!Ортаң қолым, Аты жоғым,Орманшы бол! Аспазшы бол!Күллі орманға Өз қолыңнанҚорғаншы бол! Дәм татсын ел!Шынашағым,Бақшашы бол!ЖемісіңдіМақтасын ел.Сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады. Сынып 5 топқа бөлінеді.І-топ «УАҚЫТ»ІІ-топ «ӨРНЕК»ІІІ-топ «ФИГУРА»ІV-топ «ТАҢБА»V-топ «САНДАР» әр топтың басшысы болады, жауап парағына өз тобының сабаққа қатысқан балаларын белгілеп отырады.5 санын қосу мен азайту.5 ±5, қандай санмен 5-тің қосынды-сы бірсанын қосу кестесін есімізге түсіреміз. таңбалы сан болады? (0+5, 1+5, 2+5, 3+5, 4+5),ал қандай санмен қосындысы ең кіші екі таңбалы сан болады? (5+5)Ал, ондықтан аттайтын жағдайларда не істейміз?6+5=(6+4)+1=11 11-5=(11-1)-4=6 әрі қарай өздері түсіндіре отырып шешеді. Дәптерге осы тапсырмаларды жазып отырады.7+5=(… 12-5=(….8+5=(…… 13-5=(….9+5=(… 14-5=(….5+6=(… 11-6=(…5+7=(… 12-7=(…Сергіту сәті. «Табиғат»Күндей болып күлеміз,Гүлдей болып өсеміз.Құстай болып ұшамыз.Көбелектей қонамыз.Кітаппен жұмыс. Сөз есепті оқимыз. Не белгілі, не белгісіз? Талдап болып, қысқа шартын түземіз.Әңгіме -6күнЖыр-? 5күн ұзақШ: 6+5=11 (күн)Ж: Жырды 11күн оқыған.Қыз бала -24? бала келгенҰл бала-? 4-еуі кемШ: 24+(24-4) = 44 (бала)Ж: 44 бала келген.**Логикалық тапсырма7+4= 11-4=17+4= 21-4=27+4= 31-4=Қандай заңдылыққа сүйеніп жазылған? (ондықтары әртүрлі, бірліктері бірдей, 7 –ден құралған)Өздеріне құрастырту. Яғни, өздік жұмыс.7+5= 12-5=17+5= 22-5=27+5= 32-5=Өздері жұппен тесереді.Сергіту сәті. Мына менің жүрегім,Бәрі осыдан басталған.Мынау менің басым,Бәрін осы басқарған.Мынау менің оң қолым,Мынау менің сол қолым,Барлық істі атқарған.Ойын: «Гүлдерді әшекейле!!»
Ортасына жазылған сан, қандай екі санның қосындысынан тұрады, санның құрамын тауып, әр топ балалары бір-бір өрнек құрап әр гүл күлтешесіне жазады.Қорытындылау. ***Бақылау тесті1.Машина-24-?Комбайн-20
А) 4 С)34
В)44 Д )14
2.Қосындының мәні 15-ке тең өрнекті тап.
А)8+4 В)9+5
С)11-2 Д)7+8
3.х=5 мәніне сәйкес келетін теңдеуді тап.
А)12-х=6 С)х-9=5
В)х+7=12 Д)8+х=14
4.Қай екі таңбалы саннан мәні 4 болу үшін 8-ді азайтуға болады?
А)4 С)14В)10 Д)12
5. 1 тәулікте неше сағат бар?
А)24сағ С)20сағ
В)21сағ Д)22сағ
Жауаптары:№ 1 2 3 4 5АВ
С
Д
Әр топ басшылары өз тобының жетістігі туралы әңгімелейді.БағалауҮйге тапсырма: №3тапсырма. (жақшалы өрнек құрау) 78-бет
5) Дүниетану (2-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Халықтар достығы.
Мақсаты: А)Қазақстан Республикасындағы халықтар достастығы менпринциптерін білу. Көпұлтты ел екендігін жете білу және ұғыну.Ә) Қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралымәліметтерді іздену жұмыстары арқылы өзгелермен ойбөлісу.Танымдық тапсырмалары арқылы балалардың ойлау қабілет-терін дамыту.Б)Барлық ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынас пен келісімдеөмір сүре білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, оқулық,интерактивті тақта, тест тапсырмалары, скрепки, ақ қағаз,Сабақ әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, кластер, іздену,бес жол өлең,топпен жұмыс, морфология анализ, эмпотия әдісі
Сабақ барысы. І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.А)-Қазір кімнің көңіл-күйі өте тамаша, қол көтерсін!Кімнің досы осы сыныпта отыр, қолын шапалақтасын!-Кім өз-өзіне сенімді, қол көтерсін!-Бүгін біздер сабақта не істейтінімізді білетін бала қолын шапалақтасын!-Қазір не істейтінімізді білмейтін бала қол көтерсін!Б)Қазір қандай мезгіл? (көктем мезгілі) Оның ерекшелігі неде? (күн жылына бастап, құстар ұшып келеді)Біздер де құстар тезірек ұшып келуіне көмектесейік.
Сергіту сәті. Мейірімді торғай, қараторғай,Тезірек бізге келе ғой ұшып,Сендер үшін жатырмыз үйшік салып,Кішкентай емес ол үп-үлкен сарай.Осы көктем мезгілінің және бір ерекшелігін атаңдаршы.(мерекелер көп, наурыз мерекесін қарсы аламыз, көктемгі демалысқа шығамыз)В) үй жұмысына шолу жасау.Қазақ халқының дәстүрі мен бір ұлттық тағамы туралы аналарымыздан сұхбат алу.(бірнеше оқушыны тыңдау)БауырсақБауырсақ халықтың тым ерте келе жатқан кәделі ұлттық тағамы. Бидай ұнынан ашытып барып ұзынша немесе домалақ үлгіде дайындап алып, майға пісіреді.
ҚұймақҚұймақ-ұнға жұмыртқа, қант, май, сүт қосып, су араластырып сұйық күйінде қазан сияқты ыдысқа майға пісіреді.
Наурыз көжеНаурыз көжеге жеті түрлі дәм салынып пісіріледі.Тұз, май, ет, бидай, тары, сүт, қамыр сияқты жеті дәмнен құралуы тиіс. Наурыз көжеге арнап, соғымның жамбасы мен жая, қазы-қарта сақталады. Оған құрт езіліп, уыз да құяды.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері1.Отау көтеру дәстүрі2.Тәрбие дәстүрлері:Ат қою (ғұрып)Бесікке салу (салт)Тұсау кесу (салт)3.Отбасы, тұрмыс дәстүрлері:Бата (дәстүр)Көрімдік (салт)Шашу(ғұрып)4.Еңбек дәстүрлері:Асар (салт)Көген той(дәстүр)Сабан той (дәстүр)5.Наурыз дәстүрлері:Наурыз көжеНаурыз батаНаурыз тілек
В) Наурыз тілектері:1.Төрт түлік ақты болсын!Өрісің малға, үйің жанға толсын!Көк тәңірі нұрыңды аяма,Жер тәңірі ырысыңды аяма,Әділ жанды тағынан тайдырма,Әз халықты бағынан айырма!Басыма бас қос,Жасыма жас қос,Асыма ас қос!
2.Ала биең құлындап,Алатауға сыймасын!Қара биең құлындап,Қаратауға сыймасын!Үйіңнің алды той болсын,Қораң толы қой болсын.Қазаныңда қайнағанКілкілдеген май болсын.Айың тусын оңыңнан,Күнің тусын солыңнан.Мал менен басың тең өсіп,Кетпесін дәулет қолыңнан!
Наурыз баталар.1.Өркенің өссін!Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!Ұлың-оңға, қызың-қырға қонсын!Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!Айың тусын оңыңнан,Жұлдызың тусын солыңнан,Бақ берсін, Қыдыр дарысын!2.Уа, құдайым оңдасын,Жаманшылық болмасын.Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын!Қыдыр баба қолдасын,Аман сақтап мал басын,Еккен егін солмасын.Барлық тілектерің мен баталарың қабыл болсын!
Г)Сонымен біз ҚР-сында тұрамыз. Ұлтымыз қазақ. Біздің елімізде осы қазақ ұлтынан басқа тағы қандай ұлт өкілдері тұрадынын білесіңдер ме?
қазақ қырғызазербайжан татар орыс
тәжік өзбек
Украиндүнгенкорейұйғыр
башқұрт грузин армян
Ғ)Ал біз сол ҚР-ның кішкентай қаласы Рудныйда тұрамыз. Жалпы Рудный қаласының тұрғындарының саны (01.01.2007жыл статистикалық мәлімет бойынша) 122827 адам екен.Бұлар әртүрлі ұлт өкілдерінен құралған. Осы ұлт өкілдерінен өзімізге таныс, бірқатар есімі атайық, оларды жадымыздан шықпайтын тамаша жандар деп айтуға болады.Олай болса, маған көмектесе отырып есімізге түсірейік.Белгілі өнер адамы Валерий Иванович Запорожкин.«Мрия» украина әндері халық хоры.«Калина» орыс әндері хоры.«Байрам» татар-башқұрт ансамблі.«Жадыра» қазақ әндері ансамблі.«Родник» халық әндерінің хоры.«Айгүл» би ансамблі.«Арман» би тобы (біздің мектептегі)«Айналайын» кішкентай балалар би тобы жетекшісі:Тамара Михайловна Запорожкина.***Бұлардың барлығы өнер адамдары. Скрепкиді неге пайдалануға болады? Өнертапқыш болуға тырысып көрейік!Скрепкиді……..
Қиялдарың өте тамаша! Ал өнер адамдары әр түрлі ұлт өкілдері. Олай болса, одан әрі тағы да үлкен болып қиялдап көрмейміз бе?
Д)Топпен жұмыс.****Достық пен келісімде өмір сүру үшін, барлық ұлт өкілдері орындауға тиісті заңдар мен ережелер ойлап айту.(әр қатардан бірнешеуінің пікірін тыңдау)
Е)**Суретпен жұмыс.Оқулықтың 116-бетіндегі ұлт өкілдерінің киімдеріне қарап айту.Қазақ,украин,орыс,өзбек, қырғыз,тәжік.
Ж) **оқулықтың 116-117-бетіндегі мәтінді оқу, әр азат жолдан бастап оқу, мазмұнын ұғындыру.1-азат жол…..2.азат жол….
**Мақалдың мәнін мағынасын ашу.Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады.Аңызды оқу, мазмұнын ұғындыру.****Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса төбедегі келеді.(мағынасын ашу)
Иә,балалар, теледидар көріп жаңалық тыңдамайтындарың жоқ деп ойлаймын. Жаңалықтың өзін екі тілде береді. Қазақ тілі өз ана тілің болса, орыс тілі ұлттардың қатынас тілі. Орыс тіліндегі көз ге арналған жаттығуды жасайық! «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөз бар ғой.
Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығу «БҰЛТТАР»
З) Ой-қиял***Достық туралы бес жол өлең құрастыру.1. ДостықАдал дос ,ардақтыШаттандырады, қолдайды, көмектеседіЕгер досыңмен бірге қыдырсаң,жол қызықты болады.Дос2.ДостықҰзақ, көп ұлттыҚанаттандырады, сыйлайды.Біз бәріміздің достығымызбен күштіміз!Көмек.3.ДостықМейірімді, әдепті,көңілді.Жарасымды, емдейді, көмегін аямайды.Достығымыз әрқашан берік!Жолдас.И)***Поэзия минуты.«Достық» туралы өлең оқу.1.Енді бүгін қарасам,Айналам бақыт кең жатыр.Бірімен-бірі туысқан,Қол ұстасқан ел жатыр.2.Ортақ мекен жер шары,Төбемізде бір аспан.Барлық ұлттың баласы,Достығымыз жарасқан.3.Ортақ бізге бір Отан,Ортақ жердің байлығы.Еңбек ортақ, жер ортақ,Ортақ бізге барлығы.4.Туыспыз біз бәріміз,Біз Отанды сүйеміз.Бақытты елде туған соң,Бақытты өмір сүреміз.ІІІ.Қорытындылау.Тест
№ тапсырмалар А В С
1Біз қандай мемлекетпіз?Көп ұлтты байкең
2Халықтар-дың негізгі мақсаты не?
киім
ойын
Бақыт, бейбітшілік, тыныштық өмір3Аңыздағы қарияның негізгі ойы не?
Ойын
Бірлік, достықта өмір сүрутабиғат
4Қазақтың ұлттық тағамын ата.
бауырсақ
күріш
қант
5Қазақ халық дәстүрін тап.
бата
өлең
тамақ
Жауабын тексереміз….Тест№ тапсырмалар А В С
1Біз қандай мемлекетпіз?Көп ұлтты байкең
2Халықтар-дың негізгі мақсаты не?
киім
ойын
Бақыт, бейбітшілік, тыныштық өмір3Аңыздағы қарияның негізгі ойы не?
Ойын
Бірлік, достықта өмір сүрутабиғат
4Қазақтың ұлттық тағамын ата.
бауырсақ
күріш
қант
5Қазақ халық дәстүрін тап.
бата
өлең
тамақ
ІV. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу.116-беттегі ұлттардың киімдерінің біреуінің суретін салу.Немесе қыз балалар өз қуыршақтарына осы киімнің біреуіндайындау.***** Қосымша тапсырмалар.«Мақал-мәтел айтысы»1.Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан…..(көзіңе мақтар)2.Досыңа күлме- келер….(басыңа)3.Досқа күлкі қылма, дұшпанға…(таба қылма)4.Досы көпті жау алмайды,Ақылы көпті…..(дау алмайды)5.Дос сүйінсін, дұшпан…(күйінсін)V. «Достарым» әні. Мадина