Та?ырыбы: Е?бекті? наны т?тті


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп: №2 Қазанбасы орта мектебі
Мерзiмі: 20.02.17
№ 23
Тақырып: Еңбектің наны тәтті Құндылық : Сүйіспеншілік
Қасиеттер: достық, бәрін жақсы көру, татулық.
Мұғалiм : Абузара Гульнур Сагинбековна
Класс: 3 «А»
Оқушылар саны: 7
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «еңбек» ұғымын кеңейту арқылы «сүйіспеншілік» құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Білімділік:
-оқушаларға «достық» туралы түсінік беру;
Дамытушылық:
- оқушылар бойындағы «жақсы көру» қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік:
- еңбек ету барысында оқушыларды «татулыққа» тәрбиелеу: Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Тыныштық сәті Нұрға бөлену
Денелеріңізді түзу ұстап, ыңғайланып отырыңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге:кең байтақ туған елімізге, барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
Тыныштық сәтінен алған әсерлерің?
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларға Б.Досымовтың «Маңдай тер» мәтінін оқып келу тапсырылады. 98-99 бет.
Маңдай тер
Б.Досымов
Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады. Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені. Ешқашан шаршамайды.
Ата «маңдай тер» деген не?-деп сұрады бірде Хамит.атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді. Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшеталып жүрген тоғайға келді. Қолына күрек ұстатты:
-Қане, екі-үш рет қазып ал!
Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты. Хамит пора-пора боп терледі. Үйге келген соң да, атасы жақ ашады.
..... Жылдар өтіп жатты. Көшеттер үлкен ағашқа айналады. Алма мен жүзім мол жеміс салды. Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп бақ ішіне келді. Қып-қызыл алманың біреуін үзіп қолына ұстатты. Сондай дәмді!.....
-Маңдай тер деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі!
Хамтит атасын құшақтай алды.
Талқылау сұрақтары:
Әңгімеде не туралы айтылған?
Атасы Хамитке «маңдай тер» дегенді қалай түсіндірді?
Хамит қандай бала?
Балалар, өз еңбектеріңнің жемісін көрген кездерің болды ма? Сабақ барысын талдау:
Дәйексөз.
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді.»
Л.Н.Толстой
(мұғалім бір рет, ұлдар бір рет, қыздар бір рет, барлығы бірге қайталау) Әңгiмелеу
Мұғалім сыйы
Еңбексіз өмір-сүреңсіз
( Аңыз әңгіме)
Б.Әбділов
Қара пышақ дүкеннен шығып, ас үйге келген соң тыным таппады. Нан турады, пияз аршыды, әйтеуір тамақ дайындалып , ас қамдалса , қолдан түспейтін болды. Ол жалқау еді. Бала кезіндегі «шалқайып жатсам» деген арманы есіне түсіп, жылап та алатын.
Бір күні Қара пышақ ауыр еңбектен құтылудың оңай жолын тапты. Иесінің көзін ала беріп , еденнің жырығына қойды да кетті. «Болды»,- деді ол қуанып. Енді еңбекті желкемнің шұқыры көрсін!....
-Ай өтті, жыл өтті. Қара пышақ орынынан қозғалған жоқ. Оның қайда жатқанын ешкім білмейтін еді.
Бір күні:
Әй, туысқан,-деген дауысқа елең етіп қараса , еденнің жарығынан жылтылдаған көз сығалап қарап тұр екен. Бірден таныды баяғы өзімен бірге жасалған Сары пышақ, өзі өте көңілді, жүзі жарқ –жұрқ етеді. Сұлуланып кетіпті.
Төмен секір,-деді Қара пышақ. –бірге жатайық. Бізді ешкім білмейді.
Ол жерде не бар?
Жатамыз, ұйықтаймыз,демаламыз. Ой, қандай рақат!
Ал жұмысты кім істейді?
Жұмыс бізсіз де істеледі.
Рақмет!-деді Сары пышақ. Еңбектен қашқанша , тер төгіп өлгенім артық. Еңбексіз өмір –сүреңсіз.Өзің-ақ жата бер, рақатыңа бата бер.
Қара пышақ орнынан тұрайын деп еді, тұра алмады. Өне бойын тот басқан. Барлық жері сынып бара жатқандай сезінді.
Талқылау сұрақтары:
Әңгімеде не туралы айтылған?
Қара пышақ пен Сары пышақтың бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Өздерің өмірде қандаймын деп ойлайсыңдар? «Еңбексіз өмір –сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Еңбек - бақыт бастауы» тақырыбыңда эссе жазу Топпен ән айту.
Болайықшы осындай Сөзі мен әнін жазған: А.Меңжанова Жақсы бала еңбекшіл Ер азамат болады Қиындықты женіп кіл, Құшағы гүл толады. Қайырмасы: Еңбекшіл осындай Болайықшы досым-ай. Таза бала мұнтаздай, Сүйсінеді қараған. Ұқыпты деп бұл қандай, Жақсы көрер бар адам. Қайырмасы: Еңбекшіл осындай Болайықшы досым-ай. Үй тапсырмасы.
Оқушыларға И.Хасенұлының «Алтын мүйіз» ертегісі. 101-102 бет. Соңғы тыныштық сәтi. (Баяу музыка арқылы)
Оқушылар денемізді тік ұстаймыз, аяғымызды айқастырмаймыз, қолымызды партаның үстіне немесе тіземізге қоямыз және көзімізді жұмамыз. Бүгінгі сабақта естіген барлық дұрыс әрекеттерді бойымызға жинақтаймыз,әрқашанда дұрыс әрекет етіп , кешірімммен қарауға үйренейік.