Не т?тті?


№43 Ж.Махамбетов атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбдуайтова Айгүл Оңдасынқызы
Сабақ тақырыбы: «Не тәтті?»
Сабақ мақсаты:
Білімдік: Оқушыларды сауатты жазу мен жүргізіп,түсініп оқуға үйрету.Шешендік
сөздер жайлы түсіндіру.
Мәнерлі сөйлеу мен толық жауап беруге дағдыландыру.Топпен
істеу арқылы білімдерін шыңдау.
Дамытушылық:Оқушының ойлау қабілетін дамыту,өз ойын ашық айта білуге
үйрету,сөздікқорын молайту.
Тәрбиелік:Әже мен анаға деген сүйіспеншілігін арттыру,мейірімділік пен адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыру.
Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау,жинақтау.
Пәнаралық байланыс: музыка,математика
Көрнекілігі:Ана мен бала,әже жөнінде слайд,
Түрі: топтық жұмыс
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар тыныштығын сақтап назарын өзіме аударамын.Төрт топқа бөлемін.Топ басшыларынсайлау.
«Құлыншақ»
«Ботақан»
«Қошақан»
«Бұзауқан»
Топ ережесін еске түсіру.
Бағалау-«бармақ» арқылы бағалаймыз.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.Топ басшылары ұнаған сандарын таңдайды.Қай топқа қандай сан келеді,сол санға сәйкес сұраққа жауап береді.1,2,3,4,5,6
Сұрақтар қою:,
-Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Дыбыстың неше түрі бар?
-Дауысты дыбыстың неше түрі бар?
-Жуан дауысты дыбыстарды ата
-Жіңішке дауысты дыбыстарды ата .Сұраққа жауап берген соң бағаланып отырады.(бармақ арқылы)
«Әже мен немере» өлеңін жатқа сұрау,топ бағалауы.
ІІІ. Жаңа тақырып;
1.Топ басшылары үстел үстінен сөздер алып,топ бойынша жуан,жіңішке айтылатындығын дәлелдеу.Неге? Не себепті? Деген сұрақтарға жауап алу.
«ата», «әже», «ана», «әке»
Осыдан мынандай ереже шығады:
-Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан айтылады.Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке айтылса ,сөз жіңішке айтылады.Сабақ мақсаты да жуан,жіңішке айтылатын сөздерді табу,мәтінді түсініп оқу.
43-жаттығу.Мәнерлеп оқып,көшіріп жазыңдар.
Адамда не қасиет болса,бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. Ғ.Мүсірепов
(Жуан және жіңішке айтылатын сөздерді табу.)
Ғ .Мүсірепов өмірі мен шығармалары жайлы айту.Сөйлем мәнін түсіндіру.Тақтаға бір оқушы шығып жазады.
Сергіту сәті:
«Ақ мамам» әні
«Не тәтті?» мәтінімен танысу,мәтінді оқу, талдау
1.Іштей оқу
2.Мұғалімнің оқуы
3.Тізбектей оқу.(Әр топ екі сөйлемнен оқиды.)Бағалау.
4.Тауып оқу
5.Мазмұндау.
Сергіту сәті (қимыл жасау)
Сұрақ:
-Қай баланың жауабы ұнады?
-Неге?
ІҮ.Сабақты бекіту.Топ басшылары тапсырма алады. Тапсырмалар:
І топ Аналарың қалай еркелетеді?
ІІ топ Анаға тілек
ІІІтоп
Не тәтті?----
Не жұмсақ?----
ІҮ топ Жуан айтылатын бір сөз,жіңішке айтылатын бір сөз жазу.
Ү Үйге тапсырма Мәтінді түсініп оқу,мазмұндау.
ҮІ Бағалау.
1.Формативті бағалау
2.Жиынтық бағалау.