?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік р?міздері т?рбие са?аты


Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Мақсаты:1. Еліміздің Мемлекеттік нышандары туралы түсінік беру
2. Мемлекеттік нышандарды құрметтеуге , сүюге ,қастерлеуге тәрбиелеу.
3.Ұлтжандылыққа , елін, жерін сүйетін патриот азамат тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Оқыту әдісі: түсіндіру, көрсету,
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Білімдерін жан-жақты тексеру:
-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы не білесіңдер?
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
«Мен елімді қорғаймын» тақырыбында шығармаларын оқу.
Қайрат Рысқұлбеков туралы мәліметпен таныстыру.
ІІІ. Мақсат қою: жаңа сабақтың мақсатымен таныстыруІҮ. Жаңа сабақ:
Мұғалім:
Мемлекеттік Әнұран –Отанға арнап айтылатын салтанатты дәріптеу ән. Әнұран –Елтаңба, ТУ сияқты мемлекеттік рәміз. Бірақ Елтаңба мен Тудан өзгешелігі оны (мәтіні мен нотасы) көресің әрі ести де аласың немесе өзіңнің айтуыңа да болады.
Мұғалім: Балалар, Мемлекеттік әнұран қай кезде орындалады ?
Оқушы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік маңызы бар оқиғалар кезінде орындалады:
1Парламент сессияларында
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық мерекесі мен басқа да мерекелік күндерге арналған салтанатты жиналыстар мен отырыстарды ашу мен жабу кезінде
3. Ел өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларды атап өту құрметіне ескерткіштер, монументтер, құлпытастар мен өзге де құрылыстарды ашу кезінде
4.Салтанатты іс-шаралар кезінде мемлекеттік ту көтерілгенде орындалады.
Әнұран ресми сапармен келген шет мемлекеттердің басшыларын, парламенттері мен үкіметтерінің басшыларын қарсы алу және шығарып салу кезінде халықаралық этикет бойынша шет мемлекеттің әнұраны орындалғаннан кейін ойналады.
Әнұран мектептерде жаңа оқу жылының басталуы және аяқталуына арналған рәсімдерде пайдаланылады. Мемлекеттік радиодан күн сайын бағдарлама басталар және аяқталар кезінде орындалады.
Негізгі бөлім: Әнұран тарихына тоқталу.
Адамзат тарихында әнұрандар мемлекеттік рәміз ретінде салыстырмалы түрде елтаңбалар мен туларға қарағанда беріде пайда болған. «Гимн –грек сөзі. Оның мағынасы салтанатты ән дегенді білдіреді. Тарихшылардың дәлелдеуінше мемлекет пен халыққа арнап әнұран айтуды алғаш голландықтар бастаған. Осындай ән қазақ халқында да бар. Ол18ғасырда дүниеге келген, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі қазақ халқының ауыр тауқыметін көрсететін, халықтың әнұранына айналған «Елім-ай» әні. 1945жылы қабылданған Қазақ КСР-нің әнұраны «Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған» деген жолдардан басталады. Ал дербес мемлекет болғаннан кейін Қазақстан Республикасының шынайы рухы мен қуатын, мақсат-мүддесін танытатын әнұран қажет болды.
Мұғалім: Балалар, Мемлекеттік Әнұранның авторлары туралы не білеміз?
Оқушы: Оның мәтініне арнайы бәйге жарияланып, ақындар М. Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Ж .Дәрібаева жазған сөз үздік деп табылып, қабылданды. Музыкасының авторлары: М. Төлебаев, Л.Хамиди, Е.Брусиловский. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңа әнұраны 1992 жылдың 4маусымында бекітілді. Ол «Қаһарман халықпыз жаралған намыстан» деп басталды. Бұл әнұрандарда ел өміріндегі, халық тағдырындағы рухани өзгерістердің өз ізі бар.
Оқушы2006 жылғы 6қаңтардағы Қазақстан Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Мемлекеттік нышандар туралы» Жарлыққа түзетулер енгізілді. Еліміздің жаңа әнұраны болып халық ішіне кең тараған ән-«Менің Қазақстаным» қабылданды. Әуенін Шәмші Қалдыаяқов, сөзін Жұмекен Нәжімеденов жазған халыққа танымал патриоттық ән әнұранға айналды. Қазақстан әнұранының сөзін уақыт өлшемімен үндестірген бірлескен автор –еліміздің Президенті.
Парламент палаталарының депутаттары бірауыздан осы идеяны қолдады. Бұдан кейін жаңа әнұран 2006 жылғы 7 қаңтардағы «Конституциялық заң күшіне ие «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Елбасы қол қойған №112-3 ҚРЗ Қазақстан Респубикасының конституциялық заңмен бекітілді. 2006 жылдың 10 қаңтары –ресми жариялау күні-тарихқа еліміздің жаңа әнұранының туған күні ретінде жазылып отыр. Мемлекеттік әнұран тек мемлекеттік тілде орындалады.
Ү. Оқушы білімін тексеру: Сұрақ-жауап.
Бір-бірлеріне сұрақтар қою.
ҮІ. Бекіту кезеңі: Сұрақ-жауап.
ҮІІ. Қорытындылау:
Еліміздің ұлттық Рәміздер құрметтеу, оны бағалау біздің азаматтық борышымыз. Әрбір Қазақстанда тұратын азамат еліміздің әнұранын білуі тиіс.
Үйге тапсырма. Бүктеме жасау.