Ашы? саба? Тазалы?ты? досы


Білім беру саласы: «Коммуникация».
Ұйымдастырылған оқу қызыметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Тазалықтың досы».
Мақсаты:  Балаларды тазалыққа баулу, тазалық ерекшеліктерімен таныстыру.
Білімділігі: Сүлгі, сабын сөздерін үйрету арқылы сөздік қорын дамыту.
Дамытушылығы: Тазалық бұйымдарымен таныстыру.
Тәрбиелілігі: Балаларды таза жүруге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: тазалық заттарының үлестірмелі суреттері (сабын, тарақ, сүлгі, айна, су). 
Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап
Сөздік жұмыс: тарақ,сүлгі. 
Әдіс кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Балаларды жартылай шеңберге тырғызып, С.Қалиұлының «Үлгі» өлеңін оқып береді: -Кім жеккөрер мысықты, «Ылғи бетін жуады», - Деп тәтеміз мысықты Бізге үлгі қылады. -Балалар, мысық ылғи бетін жуады, тазалықты сақтайды. -Таңертең жуынасыңдар ма-Таза болғыларың келеді ме? -Дұрыс, таза болуымыз, тазалықты сүюіміз керек. Таза жүрсек ауырмаймыз. Өлеңді қызыға тыңдайды.  Үлгі сөзіне сөздік жұмыс жасайды. Ү –ү – үлгі. 
Ұйымдастырушылық- ізденуҒажайып сәт. Қолында сөмкесі бар Қыз қонаққа келеді. Қыз өзін Әйгерім деп таныстырады.
Әйгерім балалармен амандамсады. Тәрбиешібалаларды қыздың сөмкесінде не бар екен деп қызықтырады. Тазалық заттары: сабын, сүлгі тарақ, айна бар екен деп олардың аттарын, түсін, құрылысын, не үшін керек екенін сипаттауды тапсырады.
Сабынмен жуынамыз, тарақпен шашымызды тараймыз, сүлгімен сүртінеміз т.б. айтып түсіндіреді.Ал балалар менің кетуім керек сендерге мына заттарды тарту етемін. Балалар сендер маған ылғи таза жүрулерің керек. Әйгерім балалармен қоштасады
Ал балалар олай болса бойымызды сергітіп алайықСергіту сәті: Таңертең тұрамын, Бетімді жуамын, Тісімді тазалаймын, Шашымды тараймын, Тап-таза боламын.
Суреттерді көрсетіп, атын қайталайды.    Сабын.- Сүлгі. - Тарақ. - Айна. - Су.  Балалар барлығы аң таң болып есікке қарайды.
Амандасады.
Балалар өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.  
Сөздерді қайталайды
Рефлексивті түзету
Ойынды қызыға ойнайды. Рефлексивті қорытындылау кезеңі
Балалардың өлеңді тыңдап, түсініп суретті дұрыс көтеруге талпынғандарына баға береді, және дұрыс түсінуге көмектеседі.  Тарақ, сүлгі сөздерін дұрыс айтқызып қайталатады. Балалар өлеңді мұқият тыңдауға, түсінуге үйренеді. Сөздерді дұрыс айтуға үйренеді. 
Күтілетін нәтиже: Біледі: тазалық заттарын; Игереді: тазалық туралы түсінікті; Меңгереді: таза жүруді.