Ашы? ?йымдастырыл?ан ертегі терапиясы


«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің білім беру бөлімінің Ақсай қаласының №8 «Өркен» бөбекжайы»

Ашық ұйымдастырылған ертегі терапиясы
Тақырыбы: "Ертегілер еліндегі шалқан"
/ Ортаңғы топ /

Өткізген психолог: Купешева Г.С.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі шалқан»
Мақсаты: Балаларды ертегі терапия түрлерімен таныстыру, тиімділерін тәжірибеде пайдаланып, психологиялық қөмек көрсету. Балаларды сөйлете отырып, тілдік қорларын, ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оларды достық қарым-қатынасқа, еңбекқорлыққа, кішіпейілдікке, мейірімділікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Балаларға кейіпкерлердің рөлін ойнауды үйрету, сөздерін жаттату, дауыс ырғағын келтіріп, қимыл-қозғалыстарын көрсету.
Көрнекілік: Интерактивті тақтадан слайд, шалқан ертегісінің макеттері (ертегі кейіпкерлерінің бетперделері)
Билингвизм: Шалқан-репка, ата-дедушка, әже-бабушка, немере қызы-внучка, ит-собака, мысық-кошка, тышқан-мышка.
Әдіс-тәсілдер: Ертегіні ролдерге бөліп ойнау, жұмбақ жасыру, ойын.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар әуенмен залға кіріп, қонақтармен амандасады.
Балалар сендер ертегіні тыңдап, оны тамашалап көргенді ұнатасыңдарма?
Қандай ертегі түрлерін білесіңдер?
Слайдтан ертегі суреттерін көрсетіп, оларды атау.
/Шалқан, Бауырсақ, Жеті лақ, Қызыл телпек, Шұбар тауық, Мақта қыз бен мысық, Маша мен аю, Қоянның үйшігі т.б./
Балалардан "Шалқан" ертегісіндегі кейіпкерлерді екі тілде сұрау: Ата-Дедушка, Әже-Бабушка , немере қызы-внучка, ит-собака, мысық-кошка, тышқан-мышка.
Балалар ендеше келген қонақтарымызға осы "Шалқан" ертегісін сахналап берейік.
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бау-бақшалары бар екен. Бірде шал бақшасына шалқан отырғызбақшы болады. Ол отырғызған шалқанына: - Өс шалқаным, тәтті де мықты боп өс! - деп күнде су құйып, түбін қопсытып баптап өсіреді екен.
Күндердің күнінде ол шалқан тым үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден жұлмақ боп, әрі тартқылайды, бері тартқылайды. Бірақ шал шалқанды өз күшімен шығара алмады.
Шал көмекке кемпірін шақырады.
Кемпір шалдан,
шал шалқаннан ұстап,
әрі тартады, бері тартады. Бірақ жұла алмайды.
 Кемпір көмекке немере қызын шақырады.
Немересі кемпірден,
кемпір шалдан,
шал шалқаннан ұстап, әрі тартады, бері тартады.
Тарта-тарта тағы да суырып шығара алмайды.
Немере қызы итін шақырады.
Ит қыздың етегінен,
немересі кемпірден,
кемпір шалдан,
шал шалқаннан ұстап, әрі жұлқиды, бері жұлқиды.
Шалқанды тіпті де суыра алмайды.
Енді ит көмекке досы мысықты шақырады.
Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, әрі жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.
Мысық болса, тышқанды шақырады.
Тышқан келіп мысықтың құйрығынан,
мысық иттен,
ит немересінің етегінен,
немере қызы кемпірден,
кемпір шалдан,
шал шалқаннан ұстап, тарта-тарта ақыры шалқанды жерден суырып шығарады. Бәрі мәз мәйрам болып қуанып, шалқанды тәттілеп пісіріп тойып жейді.
Ертегідегі ойнаған кейіпкерлерді ортаға шақырып таныстырып жіберу.

Ертегіні балалармен талдау:
Балалар сіздерге ертегі ұнады ма?
Ертегіміздің аты қалай аталады? Шалқан-Репка
Балалар шалқан жеміс пе әлде көкөніс пе?
Көкөністер яғни, шалқан қай жылдың мезгілінде піседі екен?
Шалқанның пішіні, түсі қандай болады?
Ойын: "Суретті ретімен орналастыр"

Балаларға жұмбақ жасыру:
Шықпайды үйден,
Тоны - жібектен.
Күндіз ұйықтайды,
Түнде дамыл таппайды.
Аңға барады,
Сол аңды үйден табады. /Мысық/
Тікірейіп құлағы
Меннен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады. /Мысық/
Қарны тоқ,
Қайғысы жоқ.
Мысық қуса, жетпейді. /Тышқан/
Қимыл-қозғалыс ойыны: "Тышқан мен мысық"
Балалар бетперделер /смайлик/ арқылы өздерінің көңіл-күйлерін білдіреді.
Балалар қонақтармен қоштасады.
Осымен ертегіміз аяқталды. Назар көріп тыңдағандарыңызға рахмет!