М?дениет негізгі мектебіні? пікірі ?аза?стан Республикасыны? Президенті Н.?. Назарбаевты? ?аза?стан хал?ына Жолдауы. 31 ?а?тар 2017ж. «?аза?станны? ?шінші жа??ыруы : Жа?анды? б?секеге ?абілеттілік»


Мәдениет негізгі мектебінің пікірі
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. 31 қаңтар 2017ж.
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы : Жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
31 қаңтар 2017 жылы «Мәдениет негізгі мектебі»КММ –нің педагогикалық ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы : Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауымен танысты.
Жолдауда атап өтілді, әлемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды деп. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік.
Жолдауда бес басымдықтыры айтылды:
Бірінші басымдық – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.
Жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек. Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар.
Бірінші. Еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыру керек.
Екінші. Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек.
Үшінші. Экономикалық өсімнің тұрақтылығы үшін елдің тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзінің стратегиялық маңызын сақтауға тиіс.
Төртінші. Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы керек.
Бесінші. Жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі.
Алтыншы. Урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға тартып отыр.
Екінші басымдық – бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту.
Бірінші. Үкімет биылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісіп кетті.
Екінші. Үкімет «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (ҰКП) бірлесіп, бизнестің барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет.
Үшінші. Мемлекеттің экономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімнің 15%-ына дейін, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері деңгейіне дейін төмендету экономикалық өсімге тың серпін беруге тиіс.
Төртінші. Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеңейту зор мүмкіндік береді.
Бесінші. Баға мен тариф бойынша ымыраласуға жол бермеу қажет.
Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық.
Бірінші. Бүгінде Ұлттық банк алдында инфляциялық таргеттеу режімін дамыту жөніндегі маңызды міндет тұр.
Екінші. Еліміздің қаржы секторын «қайта жаңғырту» қажет.
Үшінші. Қор нарығын одан әрі дамыту.
Келесі шешуші міндет – салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу.
Бірінші. Бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру қажет.
Екінші. Ұлттық қор қаражатын пайдалануға ұтымдылық тұрғысынан қараған жөн
Үшінші. Үкімет квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу мен бақылау жасау жүйесін қалыптастырып, онда тәртіп орнату керек.
Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.
Бірінші. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс.
Екінші. Білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруге тиіс.
Үшінші. Әлеуметтік қамтамасыз ету саласына қатысты.
Бесінші басымдық – институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.
Бірінші. Үкімет үшінші жаңғырту аясында ЭЫДҰ-ның озық тәжірибелері мен ұсынымдарын имплементациялау жұмысын қамтамасыз етуге тиіс.
Екінші. Біз жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізудеміз
Үшінші. Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келеді.
Төртінші. Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық.
Бізге, яғни ұстаздар қауымына, төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту дегені қатты ұнады. Осы Жолдаудың бөлімде білім саласының айтылған өзекті мәселелерін шешу жолдары туралы .Оның әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу мәселесі,  ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет.
Айта кетсек, өз Жолдауымен Президент әр адамға бір күш-қуат жандарына еңгізді. Біздің басты күшіміз – бірлікте.
«Мәдениет негізгі мектебі»КММ педагогикалық ұжымы
01.02.2017 жыл