Ж?ндеу ж?мыстары: Ауыл шаруашылы?ы машиналарын ж?не комбайндарды ж?ндеу


Өндірістік оқудың сабақ жоспары.
Мамандығы: "Фермер шаруашылығы"
Топ: №2. ІІ - курс.
Пән атауы: "Жөндеу жұмыстары"
ІІ-бөлім. Ауыл шаруашылығы машиналарын және комбайндарды жөндеу. ІІ-цикл.Күні: 20.10.2013 жыл.
Тапсырмалар: Сабақтың түрі: Сағат саны Оқыту әдісі:
Шөп шабу және жинау машиналарын жөндеу.
Тапсырма:
6.КС-2,1 шөп шапқыш косилкасын жөндеу, реттеу.
7.КДП-4,0 шөп шапқыш косилкасын жөндеу, реттеу.
8.ГП-14; ГВК-6 шөп тырмасын жөндеу.
9.ПРП-1,6 пішен тайлауыш машинасын жөндеу.
10.Сабан, шөп жинауға, тасуға, маялауға арналған ВНХ-3,0; КУН-10; ПФ-0,5 машиналарын жөндеу. Практикалық- зертханалық сабақ 30 Звено студенттері бірге және жеке жөдеу жұмыстарын жасайды
Сабақтың мақсаты: Пән аралық байланыс Көрнекілік:
Біліктілік Дамытушылық Тәрбиелік "Ауыл шаруашылығы машиналары" пәні Мультимедья, схемалар, оқулықтар: Ю.И. Воронов, Л. Н. Ковалев "Ауыл шаруашылығы машиналары" 401-440 бет.
Студенттерге шөп шабу және жинау машиналарының құрылысын оқып, шінара агрегаттарын бұзып, детальдарын дефектілеп, ауыстырып, кері жинап,реттеулерін жасап үйрену. Студенттерге шөп шабу және жинау машиналарын жөндеу ережесін және техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып бұзып, құрылысын оқып, детальдарын дефектілеп, ауыстырып, кері жинап,реттеулерін жасап үйрену. Студенттерді шөп шабу және жинау машиналарын жөндеу ережесін және техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу. Материалдар мен жабдықтар
КС-2,1; КДП-4,0 шөп шапқыш косилкалары, ГП-6 шөп жинау тырмасы, ПРП-1,6 шөп тайлау машинасы, ПФ-0,5 шөп тайлауыш, ВНШ-3,0 аспалы ысырма машиналары.
Стеллаж, слесарь столы, камплекті гайка кілттері, балға.
Рет саны Кезең. Орындалатын жұмыстар. Берілетін уақыт
1 І. Сабақты ұйымдастыру:
1.Студенттердің сабаққа қатысын тексеру.
2.Жөндеу жұмысын жүргізу сабағына сай арнаулы киім киулерін тексеру.
3.Кезекші звеноны тағайындау. 15 мин
2 ІІ. Кіріспе нұсқау:
1.Студенттерді тапсырмалармен таныстыру.
2.Сабақтың мақсатын түсіндіру.
3.Шөп шабу жән жинау машиналарын жөндеген, реттеген кездерде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау жөнінде нұсқау өткізу.
4.Звеноларды жұмыс орындарына бөлу және оларға инструмент құралдарды беру. 30 мин
3 Ағымдағы нұсқау:
1.Қарау. Берілген тапсырма бойынша әр звено студенттерінің жұмыс орындарына дұрыс орналасуын қарау.
2.Қарау. Студенттердің КС-2,1; КДП-4,0 шөп шабу машиналарының құрылысын оқып, шатун гайкасын ағытып орақты алып, саусақтарды, қысқыш табандарды дұрыс түсіріп жатқандығын қарап, бақылау.
3.Қарау. Студенттердің ГП-6 көлденең тырнауыштардың құрылысын және жұмысын оқып, саусақтарын дұрыс ағытып жатқандығын қарау.
4.Қарау. Студенттердің ПРП-1,6 шөп тайлауыш машинасының құрылысын және жұмысын оқып, шінара агрегаттарын дұрыс бұзып жатқандығын қарау.
5.Қарау. Студенттердің ПФ-0,5 фронтальды аспалы тиеуішін, ВНШ-3,0 аспалы ысырма машналарының құрылысын және жұмысын оқып, шінара бұзу жұмыстарын дұрыс жүргізіп жатқандығын қарау.
6. Қарау. Студенттердің шөп шабу және жинау машиналарында қандай ақаулардың болатындығын анықтауларына көмектесу.
7. Қарау. Студентердің шөп шабу және жинау машиналары агрегаттарын қайта дұрыс жинап жатқандығын қарау, бақылау, көмектесу.
8.Қарау. Студентердің шөп шабу және жинау машиналары агрегаттарын орындарына дұрыс бекітулерін қарау, қадағалау, көмектесу.
9.Қарау. Шөп шабу және жинау машиналары агрегаттарына ретеулерді дұрыс жүргізіп жатқандығын қарау, қадағалау, көмектесу.
10.Жұмыстың аяғында студенттердің жұмыс орындарын дұрыс жинауын қарау, инструменттерді, құрал жабдықтарды қабылдау.
11.Студенттердің істеген жұмыстары бойынша қысқаша есеп жаздырту. 3сағат10 мин
4 Қорытынды нұсқау:
1.Сұрақтар қою арқылы студенттердің білім деңгейлерін тексеру.
2.Студенттердің жұмыстарын бағалау және атау.
3.Келесі сабақтың тапсырмаларын бөліп беру, жаздырту. 20 мин
5 Үйге тапсырма беру:
1. Ю.И. Воронов, Л. Н. Ковалев "Ауыл шаруашылығы машиналары" 401-440 бет.
15 мин
Звенолардың ауысу кестесі.
Звено №1 6 10 9 8 7
№2 7 6 10 9 8
№3 8 7 6 10 9
№4 9 8 7 6 10
№5 10 9 8 7 6
№2 топ. "Фермер шаруашылығы"