?аза?стан Республикасыны? Президенті Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаевты? 2015 жыл?ы 30 ?араша к?ні ?аза?стан хал?ына арна?ан Жолдауына пікір.


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қараша күні Қазақстан халқына арнаған Жолдауына пікір.
387353111500 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайын дәстүрге айналған Қазақстан жұртшылығына арнаған жолдауын №14 орта мектеп-гимназиясының ұжымы зор ықыласпен тыңдады. 25 жылға жуық тарихы бар Тәуелсіздігіміздің өткен кезеңдерін қорытындылайтын сәттің туғандығын хабарлады. Жолдауды тыңдай отырып, тәуелсіздіктің алғашқы қиын кезеңдерінен бастап, бүгінгі күнге жеткен жетістіктеріміздің қиын да қилы сәттері бір мезетте көз алдымыздан жүріп өткендей әсерде болдық.
1143017281500 Жолдаудың ең негізгі мақсаты – әлемдік дағдарыстан сүрінбей өтудің өзекті мәселелерін атап өтіп, сындарлы жолдарын көрсетіп берді. Әлемдік дағдарыстың болатындығын Елбасы осыдан 2 жыл бұрын « Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында, Нақты 100 қадамды анықтау арқылы Үкімет пен халыққа ескертіп, дағдарыстың алдын алу мақсатында бірқатар тапсырмалар берілгенін білеміз. Қазіргі кездегі қоғамдағы болып жатқан жағдайлар Елбасымыздың нағыз көрегендігі мен мықты стратег екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Елбасы қай жолдауында болмасын халықтың жағдайы мен мемлекетіміздің ішкі-сыртқы саясатына қатты алаңдайтындығын айта отырып, Қазақстан Республикасын озық 30 мемлекеттің қатарына қосып, Мәңгілік Елге айналдыру идеясын жүзеге асыруды міндеттейді. Бүгінгі Жолдаудан да осы міндеттер Елбасымен бірге халық болып жұмылғанда ғана іске асатынына көзіміз жетті.
Елбасы өз сөзінде Алматы облысында жасалып жатқан ізгі істерді үлгі етіп, облысымыздың басшысы А.Ғ.Баталовтың есімін атап өткендігі мақтаныш сезімін тудырып, жауапкершілігімізді арттырды. Президент міндеттерінің іске асқандығының дәлелі - №14 орта мектеп-гимназиясы 2014-2015 оқу жылында күрделі жөндеуден өткізіліп, оқу кабинеттері заманауи технологиялармен жабдықталды. Мектеп түлегі Айымбетов А.А. ғарышқа ұшуына Елбасымыздың зор үлес қосқандығын білеміз. Жолдауда мысалдар келтіре отырып, тапсырмалар мен міндеттемелерді нақты айқындап берді. Н.Ә.Назарбаевтың Жолдау барысында халықтық нақылдармен ойын түйіндеуі ұжымның терең ойлануына, алдағы тұрған міндеттердің зор жауапкершілігі бар екендігін сездірді. Білім саласының қызметкерлерінің жағдайы Елбасы назарынан тыс қалған емес. Биылғы 2016 жылдың қаңтарынан бастап, ұстаздың жалақысын 29%-ға көтергелі отыр. Бұның өзі бізге зор жауапкершілікпен жұмыс істеуімізге серпін береді. Әсіресе, оқушы, студенттерге техникалық білім алу керектігіне баса назар аудартты.
Біз Елбасымен біргеміз, Үкімет берген тапсырмаларды орындауға әзірміз.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Г.Алмашева.
№14 орта мектеп-гимназиясы.
Талдықорған қаласы.№14 орта мектеп-гимназиясы 1в сынып оқушысы Қуаныш Мағзум туралы мәлімет.
Қуаныш Мағзум 28.07.2008 жылы туылған, 2015-2016 оқу жылында 1в сынып қабылданды.
Әлеументтік жағдайы бойынша аз қамтылған, көп балалы жанұя тізіміне енгізілген. Жанұя «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеументтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде аз қамтылған отбасы ретінде тіркеуде тұр,18 жасқа дейінгі балаларға берілген мемлекеттік жәрдемақы түрін алады.
Отбасында бір мүгедек бала бар. Ата-анасы бірге тұрмайды. Анасы бала тәрбиесімен өзі айналысады.
Қазіргі уақытта №8 орта мектебінде химия пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды.
Қуаныш Мағзум тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгізілген. Мектеп арендаторы тарабынан ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Қазан айында жалпыға бірдей білім беру қорынан қыстық аяқ киім берілді. Желтоқсан айында Қуаныш Мағзумға бастауыш сынып ата-аналары тарапынан көмек ретінде қыстық куртка алып беру жоспарланды.
Мектеп директоры Г.Еспанова.