Особенности мониторинга образовательной деятельности на уроках истории учащихся Костанайского строительного колледжа


Сабақтың тақырыбы: АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ тарауы
Отбасының берекесі.
Сабақтың жалпы мақсаты: балалардың «отбасы», «сыйластық» деген құндылықтары туралы ұғымдарын кеңейту; отбасы туралы түсініктерін дамыту; отбасында бір - бірін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: СТО «Миға шабуыл», «Интервью», «Жүреміз, ойланамыз» әдістері, топтық, жеке, жұптық жұмыстар.
Күтілетін нәтиже:1. Отбасы туралы түсінік қалыптасады, оның ерекшеліктері туралы білетін мәліметтеріне қосымша мәліметтер қосады.2. Тақырыпты өз беттерімен түсінеді, талқылайды. Өзін сабақта еркін ұстайды, бір- бірін тыңдай біледі, өз ойларындағысын жеткізе алады. Өзін -өзі бағалай алады. 3. Отбасындағы әр адамның атқаратын қызметі мен отбасына тигізер пайдасын айтады. Отбасын сыйлау, құрметтеу керек екенін түсінеді. Отбасына деген сүйіспеншілік, құрмет қалыптасады.
№ уақыт Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Дерек көздер
1 2 мин Сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру «Жылы жүрек ізгілік тілегі» жүрекше
2 2мин Топқа бөлу Дорбадан үш түрлі кәмпиттерді таңдап алу арқылы бөлінеді Дорба, үш түрлі кәмпиттер
Сабақты бағалау критерилерімен таныстыру Аты жөні, үй тапсырмасы, қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс, сабақты бекіту, ұпай, баға Бағалау парақшалары
слайд
3 5 мин Үй тапсырмасына шолу «Жануарлар дүниесін қорғау»
«Интервью» әдісі (Оқушыларға сұрақтар беру, бір - бірін тексереді)
1.Жануарлар тобына нелер жатады? (жәндіктер, сүтқоректілер, балықтар, құстар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар )
2.Ең жүйрік жануарды ата (елік)
3.Жануарлардың өсімдіктерге қандай пайдасы бар? (тұқымын таратады)
4.Төлін тірідей туып, сүтпен қоректендіретінді қай топқа жатқызамыз? (сүтқоректілер)
5.Сүткөректілердің ең үлкен тобы нелер? (кемірушілер: тышқан, суыр, атжалман, кәмшат.т.б.)
6.Ең үлкен кесіркені ата: (сұр келес)
7.Қай жануарда аяқ жоқ? (жылан)
8.Ауру таратушы жәндктерді ата: шыбын, қандала, бүрге, маса.
9.Жануарлардың жер бетінде қанша түрі бар? (2миллион)
10.Үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар?
11. Пілдің ерекше мүшесін ата: (тұмсық)
12.Адамға ұқсайтын маймылдарды ата: (орангутан, горилла, шимпанзе)
13.Құстардың қанша түрі бар? (9 мың)
14.Қызыл кітапқа құстардың қанша түрі енді? (56 түрі) Сұрақтар
Жұптық жұмыс
Бағалау
(дұрыс жауапқа1 ұпай)
4 6мин Қызығушылықты ояту. «Отбасы» туралы слайд көрсету.
Сабағымыздың мақсаты: отбасы мүшелерін және олардың міндеттерімен танысу.
Отбасы дегеніміз бірге тұратын, бір-біріне қамқорлық жасайтын бір үйдің адамдары. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке — отбасы болып есептеледі. Отбасын бір сөзбен жанұя деп атаймыз.
Отбасының белгілі тұратын мекен-жайы және өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы мүшелерінің бәріде өз мүмкіндігінше іс атқарады: оқиды, жұмыс істейді, үй шаруасымен айналысады.
Отбасына қамқорлық республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.
— Осыдан Отан отбасынан басталады деп атайды. Әр оқушы көргендері бойынша және өзінің отбасы, ондағы салт -дәртүрлер туралы әңгімелейді.
«Миға шабуыл»
ата әже әке
Отбасы

апа іні

аға әке қарындас Жеке жұмыс.
Интербелсенді тақтадан отбасы туралы слайд көрсету, өлеңді хормен оқыту.
(Сұраққа жауап берсе 1 ұпай )
Оқулық
153-154беттер
5 7мин Мағынаны тану.
«Бастаңғы» өлеңін оқу.

Оқулықпен жұмыс. Өз ойларын сұрау:
Бұл өлеңнің мазмұнында не туралы айтылған?
Бастаңғы деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Мәтінді тізбектеп оқыту: 6 5мин «Жүреміз, ойланамыз» әдісі
Отбасы туралы мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіру. Әдептінің белгісі- иіліп сәлем бергені.
Өнер алды - бірлік,
Ырыс алды - тірлік.
«Сіз» деген - әдеп,
«Біз» деген - көмек. Әр топ басшылары келіп кеспе қағазға жазылған мақал - мәтелдерді таңдап алады.
7 5мин Постер жасау I-топ: қазақ отбасының әдеп ғұрпы (үлкенді сыйлау, үлкеннің ақылын тыңдау, кішіге қамқор болу, үлкен кісінің жолын кеспеу,т.б.)
II-топ: Отбасы мүшелерін атап, олардың атқаратын жұмыстарын жазу.
III- топ: Отбасында қандай салт дәстүрлер тойланады? Топтық жұмыс
слайд
Ақ қағаздар
Түсті маркерлер
8 2мин Сергіту сәті. «Көңілді күн» биі Бейнеролик
9 4мин Рефлексиялық бағалау кезеңі.
«Жағымды және жағымсыз іс әрекеттер» ойыны Шарты: жүргізуші отбасына,балаларға қатысты, олар үшін еш зияны жоқ жағымды бір сөз айтса, балалар құшақтарын айқара ашады, (күлкі, ашу, тамақ, жаңа киім, мектеп, төбелес, жақсы көру, өрт, ұрыс, сүйкімді, мейірімді, тас,т.б. ) Керекті сөздер
10 2мин Пікірталас Жақсы отбасы қандай болу керек?
«Отбасында жылылық жоқ» дегенді қалай түсінесіңдер? Сұрақтарға жауап алу.
11 2мин Бағалау. Формативті (кәмпит тарату, басбармақ, бір - бірін ауызша бағалайды)
Әр топ басшылары өзінің тобын бағалайды.
Критериалды бағаны қорытындылайды. Бағалау критерилері жазылған парақшалар Бағалау парақшалары
слайд
12 2мин Рефлексия
«Даналық ағашына» таңдап алынған жұлдызшаларға сабақтан алған әсерлерін жазып тақтаға іледі.
Кері байланыс
Не білдім?
Не білгім келеді? Қызыл түстісін таңдағандар анасын жақсы көреді, көк түсті — әкесін, сары түстілер әжесін, жасыл түсті — атасын жақсы көргендер.Бәрің де өздеріңнің отбасындағы адамдарды жақсы көреді екенсіңдер. Балаларға түрлі- түсті жұлдызшалар алсын деп ұсынылады.
Қызыл, жасыл сары, көк түстер
13 1мин Үйге тапсырма Мәтінді оқу, мазмұндау.
«Отбасындағы татулық» тақырыбында шағын шығарма жазу. слайд