Сыныптан тыс ж?мыс:?аза?стан Республикасыны? р?міздері




Бастауыш сынып мұғалімі:
БЕГЖАНОВА Г.Қ.
2017 жыл
Сабақ мақсаты:
1.Білімділік:
Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен таныстыру.ҚҰлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау.
2.Дамытушылық:
Оқушылардың алған білімдеріне сүуене отырып,олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін құрметтеу рухында тәрбиелеу
3.Тәрбиелік:
Оқушыларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенің, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін, ой-өрісін кеңейту, сана-сезімдерін Отанды сүю, халқымыздың прогресшіл дәстүлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу.
Көрнекілік құрар:ҚР саясы картасы, рәміздері, тақырыпқа байланысты кітаптар.
Сабақ барысы.
1- жүргізуші: Құрметті оқушылар бүгінгі жиынымыз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған.
Әнұран.
2- жүргізуші:
Рәміз
Рәміздерім- елдігімнің белгісі,
Білу керек бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба.
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.
Н.Қалқа.
Мұғалім: «Қазақстан Республикасы-кең байтақ, тәуерсіз мемлекет. Әрбір мемлеттін төл белгі-рәміздері бар.Біздің рәміздеріміз – көкте желбіреген көк ту. Алып таңба және асқақтаған әнұранымыз.»
Мағынаны тану. Жер бетінде мемлекет атауылының қай-қайсында да мемлекеттік белгілері-рәміздері бар. Рәміздер дегеніміз-белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге жанама сипаттап көрсетуден туатын сырт таңба, эстетикалық категория, шартты белгі.
Мысалы: ақ көгершін-бейбітшілік символы. Тәуелсіз елдің елдігін, еркіндігін танытып тұратын айрықша мәнділері-Елтаңба, Ту және Әнұран.
Ендеше бүгінгі сабағымыздың басты мақсаты-Ел рәміздері туралы не білеміз, не керек деген сұрақтарға жауап табу.
1-жүргізуші:« Мұны әркім білуі тиіс»
Таңбалар мен белгілерді зерттейтін ғылым қалай аталады? (Геральдика)
Мемлекеттік рәміздер жобасы қандай әдіспен таңдалды? (байқау)
Гимнді грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?(Ұран, ұран салу)
Мемлекеттік ту қай жылы қабылданды? (1992 жылы)
Алматы қаласының бас суретшісі, Чехословакияда өткізілген халықаралық дизайнерлер байқауының бас жүлдегері,мемлекеттік тудың авторы кім?(Шәкен Ондасынұлы Ниязбеков)
Ең көп гимн қай елде? (Жапонияда)
Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші Жандарбек Мәлімбекұлы Мәлімбеков ненің авторы?(Елтаңбаның)
Әнұранавторы Н.Назарбаевтың қандай әндері бар? («Үшқоныр», «Менің елім»)
«Балауса», «Жарық пен жылу», «Мезгіл әуенднрі», «Ақ шағыл», т.б. кітаптарының авторы Жұмекеннің толық аты-жөні? (Жұмекен Сабылұлы Нежімеденов)
2- жүргізуші: ҚР мемлекеттік рәміздерінің сипаттамасын және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының 9-бабынан.
1-жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадырлеуіміз , қастерлеуіміз керек» деген.
2- жүргізуші: Әрбір азамат Қазақстанның Туын ,Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. «Еліміздің сыналатын бір тұсы осы» деген терең тебіреніске толы арнау сөзін қазақ елінде тұратын және өз Отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түпкірінде сақтап, қашан да жадында ұстауы қажет.
1-жүргізуші: Бұл баршамыздың туған ел алдындағы перзенттік борышымыз. Құрметті оқушылар елім, жерім, Отаным десең Елтаңба, Әнұран, Туды құрметте! Биікте ұста!