«?аза?станды? жол — 2050: Бір ма?сат, бір м?дде, бір болаша?» ?аза?стан Республикасыны? Президенті Н. ?. Назарбаевты? ?аза?стан хал?ына жолдауын ?олдау


«Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын қолдау барысында Республикалық Матрица.KZ қоғамдық саяси порталы және Республикалық 45minut.kz Ұстаздар басылымы «БОЛАШАҚТЫ БІРГЕ ЖАСАЙМЫЗ» Республикалық конкурсына арналған ата-аналарға арнап өткізген жиналыс.
Аты – жөні: Нурмухамбетова Сауле Советхановна- бастауыш сынып мұғалімі, санаты: жоғары
Мекен – жайы: ШҚО, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы,
Абай көшесі 9/2,телефон 872 347 42-697
E-mail: saule.sovethanovna@mail.ru
Жолауды жүзеге асыру үшін ата-аналардың көзқарастары мен болашаққа деген сенімдерін оятып қана қоймай, олармен жұмыс жасау міндеті тұр. "Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек",-деген Елбасымыздың сөзі бізді алдыға жетелейді және де осы сөзді ұранымыздай естен шығармауымыз керек. Жоспарымыз айқын, болашағымыз жарқын, атқарылатын ауқымды жұмыстар жеткілікті. Бір мақсат, бір мүдделі болашақ үшін бар күш-жігерімді салып, білімімен біліктілігімді көрсетіп, өз үлесімізді қосуға дайынмын. Сіздерге 2-сынып ата-аналарына әзірлеп өткізген ата-аналар жиналысының жоспары мен көрсетілген презентацияны ұсынып отырмын.Биылғы Жолдау-"Қазақстан жолы-2050" стратегиясын орындалуға бағытталған ұзақмерзімді нақты бағдарлама. Жолдауда білім беру оның саласын әлемдік деңгейге көтеру үшін білім қызметкерлеріне жағдай жасап, мұғалімдерге үлкен міндеттер жүктеп отыр. Білім беру саласында оқыту бағдарламасын жетілдіру туралы нақты айтылды. 30 елдің қатарына ену үшін жұмылып жұмыс жасауымыз керек. Жолдауда "...сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс",-деп көрсеткен. Қазіргі таңда бұл жұмыстар атқарылып та жатыр. Атап айтқанда, Кембриждік бағдарлама бойынша мұғалімдер біліктіліктерін арттыруда. Соның бірі-менмін. І деңгейлі курсы оқып бітірдім. Енді алған білімді ұжымда, өз сабақтарымда пайдаланып, әріптестеріммен бөлісудемін.
Ата-аналар жиналысының тақырыбы «Қазақстандық жол - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»
Қ Р Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Жиналыстың мақсаты: Ата-аналарға Жолдаудың негізгі идеясын түсіндіру; саяси-патриоттық білімдерін жетілліру;
Қолданылатын әдістер түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап,.
Қолданылатын стратегиялар Түсіндіру, ой қозғау
Ресурстар Презентациялар, слайдтар, "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы"- 17 қаңтар 2014 жыл. "Егемен Қазақстан" газеті
Барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Ата-ананың іс-әрекеті
1.Психолгиялық дайындық
Топтарға бөлу Геометриялық фигуралар арқылы өз орындарын табу.
Бір-бірлерімен амандасу.
2. Білу деңгейі
-Мағынаны тану кезеңі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы туралы айту Талдау
3.Талдау.
Презентациялар көрсету
Слайдтар. №1,2,3 тоқталу
Сұрақтар қою. ой бөлісу
Слайдтар №4,5,6,7,8,9
Сұрақтар қою. ой бөлісу
Слайдтар №10-12

Ойларын айтады. Талқылайды.
4. Қорытындылау Сұрақтар қою. ой бөлісу Ойларын айтады