Ашы? саба? ?аза?стан республикасыны? ?за? мерзімдік даму ба?дарламалары


9 сынып Қазақстан тарихы
Тақырыбы: «Қазақстан республикасының ұзақ мерзімдік даму бағдарламалары».
Сабақтың мақсат-міндеттері:
Білімділік: Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік даму «Қазақстан 2030», «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламаларына, жыл сайынғы Жолдауларына талдау жасай отырып, еліміздің болашақтағы даму бағыты жайлы түсінік қалыптастыру .
Тәрбиелік: Даму бағдарламалары туралы айта отырып, болашақта сол бағдарламаларды жүзеге асыратын жастар екендігін, болашақ жастардың қолында екендігін айта отырып, Отан алдындағы жауапкешілік сезімін ояту.
Дамытушылық: Өздігінен білім алуға бағыт бере отырып, өзін-өзі дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасау қасиеттерін дамыту.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, оқу-құралдарын түгендеу, балалар назарын сабаққа аудару).
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
1.Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың көптеп пайда болуына және олардың белсенділігіне әсер еткен қандай фактор?
2. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы туралы не білесіңдер?
3. «Азат» азаматтық қозғалысының мақсаты не еді?
4. «Славян» қоғамы, «Видергебурд» ұйымының мақсаттары қандай еді?
5. 1993 жылғы сайлау қарсаңында қандай саяси партиялар құрылды?
ІІІ Үй тапсырмасын қорытындылау
ІУ Жаңа сабақтың мақсат, міндеттерін айқындау
У Жаңа білім беру кезеңі
«Қазақстан 2030» стратегиясы
«Қазақстан 2050» стратегиясы
ҚР Президентінің Жолдаулары
Қазақстан-2030 Стратегиясы ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. 1997 жылы қазанда қабылданған Президент Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. «Қазақстан 2030» стратегиясында қоғамның ұзақ мерзімжі басым мақсаттары – жеті бағыт бөле көрсетілді. Олар: 1.Ұлттық қауіпсіздік; 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы; 3. Экономикалық өрлеу; 4.Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты; 5. Энергетика ресурстары; 6. Инфрақұрылым, көлік және байланыс; 7. Кәсіпқой мемлекет.
2012 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жолдады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына Жолдау жолдайды. Ол өзінің бастамасын АҚШ-тан алған болатын.
УІ Пысықтау сұрақтары:
1.Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, елдің тұтастық келбетін сақтап қалу қиын. Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі дейді. Қазіргі кезде Қазақстандағы ұлтаралық қатынастарды реттеуде, тұрақтылықты қамтамасыз етуде бұл стратегиялардың маңызы қандай?
2. «Қазақстан-2050» стратегиясы бойынша дамыған 30 елдің қатарына кіру мүмкіндігін қалай бағалайсың?
УІІ Қорытынды
Елбасымыз бұл ұзақ мерзімдік даму бағдарламаларын болашақ ұрпақ алдындағы біздің жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалады. Ал болашақ ұрпақ мына сендердің де Отан алдында өз жауапкершіліктеріңді сезініп, еліміздің тағдыры сендердің қолдарыңда болатынын білуге тиіссіңдер.
УІІІ Бағалау
УІІІ Үй тапсырмасын беру: параграф 52. Оқу. Баспасөз материалдарын пайдаланып 2015 жылғы Президент Жолдауын оқып келу.