Саба? жоспары Конституция ?аза?стан Республикасыны? негізгі за?ы. ?о?ам ж?не мемлекеттегі ?арулы к?штер (10 сынып)


«__ »____________20__ ж.
Сынып 10. Негізгі тараудың аты: 1 тарау. Қарулы Күштер ҚР егемендігінің
күзетінде.
Сабақтың тақырыбы: Конституция Қазақстан Республикасының негізгі заңы.
Қоғам және мемлекеттегі Қарулы күштер
Сабаққа бөлінетін уақыт: 1 сағат (40-45 мин.)
Сабақтың түрі: Баяндау, еркін әңгімелеу.
Сабақтың мақсаттары:
1. Оқытулық: ҚР Конституциясы баптарына тоқталу. ҚК қоғам үшін, халық үшін
алатын орны.
2. Дамытулық Конституция талаптарын түсіну, азаматтардың өз құқықтарын
білулеріне ықпал жасау.
3. Тәрбиелілік: Ата заңды құрметтеу, әскерилердің мемлекет алдындағы, халық
алдындағы орнын түсіну.
Пән аралық байланыс : Тарих. Құқық.
Көрнекіліктер: №1 бейнетаспа -15-20 мин.
Сабақ өтілетін орын: Оқу кабинеті
Қолданылатын әдебиеттер: 10 сынып оқулығы, деректер.
Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақ алдында взвод бойынша саптануы. Взвод
командирлерінің сабаққа қатысушылар мен дайындықтары туралы
баяндамасы. Оқушылардың сыртқы бейнесі (әскериленген киінуі мен
тазалығын, үтіктелуін тексеру, ер балалардың шашы, аяқ киімдерінің
тазалығы, жағалықтары мен жеке гигеналық құралдарының
түгелдігін тексеріп, аяқ киімдерінің тазалығына жеке оқушыларға
ескертулер жасау) қаралады.
Сабақтың міндеті мен тақырыбы, өтілу орны туралы хабарлау.
Сабақ алдында 5-7 минуттық саяси хабарлама, тәуліктік кезекші
немесе алдын ала бөлінген оқушы жасайды.
2. Қайталау сұрақтары : Әскери анттың моралдық-жауынгерлік қасиеттері туралы не айтылған, Әскери ант қалай пайда болды, жауынгерлік абырой,ар туралы не айтуға болады?
3. Жаңа материалмен таныстыру: ҚР Конституциясы баптарында Қазақстанды
141732072390демократиялық, құқықтық, зайырлы және біртұтас мемлекет ретінде сипаттайды. Онда жеке меншікке қол сұқпауға, жеке кәсіпкерлікпен айналысуға ерікті болу, бәсекелестікті қолдау туралы айтылған. Сол сияқты көп партиялылыққа, діни сенімдерге шектеу қойылмайды. Адамның жеке басы мен онық құқығының бұзылмауына, бостандығына қол сұқпауға баса назар аударылады. ҚР Конституциясында демократияның мәні - «халық билігі», халық егемендіктің иесі,үкіметтің негізгі тірегі.
00демократиялық, құқықтық, зайырлы және біртұтас мемлекет ретінде сипаттайды. Онда жеке меншікке қол сұқпауға, жеке кәсіпкерлікпен айналысуға ерікті болу, бәсекелестікті қолдау туралы айтылған. Сол сияқты көп партиялылыққа, діни сенімдерге шектеу қойылмайды. Адамның жеке басы мен онық құқығының бұзылмауына, бостандығына қол сұқпауға баса назар аударылады. ҚР Конституциясында демократияның мәні - «халық билігі», халық егемендіктің иесі,үкіметтің негізгі тірегі.

Халық өз билігін тікелей өз өкілдері арқылы жүргізеді. Халық атынан сөйлеу тек ел Президенті мен Парламентке құқығы берілген. Лауазымдық қызметке тағайындау ҚР Конст-сы белгіленген тәртіптік рет пен заң жүзінде іске асырылады. Конст-да «діни бірлестікке шектеу қойылмайды және мемлекеттен бөлінген. Мемлекет қандай да бір дінге н-се атеизмге артықшылық бере алмайды» делінген. Қазақстан Конст-ның заңдылық күші бар, ол дегеніміз –заңдар мен құқықтық актілердің Конст-лық мәтінінде- негізгі заңға қайшы келмеу айтылған, барлық заңдар ресіми түрде жарияланады, жарияланбаса күші болмайды. Қазақстанда Парламент пен Президентті халық сайлайды. Президент 7, Парламент (Мәжіліс) 5 жылға сайланады.
Парламент қос палаталы (мәжіліс және сенат).ҚР мемлекеттік және қоғамдық құрылысындағы түбегейлі өзгерістер армияның қоғам мен мемлекеттегі орны жөніндегі мәселені жаңаша қоюды талап етеді. «Армия саясаттан тыс» -деген ұғымға қарсы. Армия қоғамның бір бөлігі, мемлекеттік механизмнің бір элементі, саясаттан тыс емес, субьектісі бола алмайды. Армия – мемлекеттің жоғарғы заң шығарушы және атқарушы органдары белгілеген саясатты жүзеге асыру құралы. Армияғс азаматтық бақылау жасау - өркениетті мемлекеттің дұрыс өмір сүруінің сөзсіз шарты, оған есеп береді. Негізгі заңда елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын ҚК жүзеге асыратыны айтылған. Қазақстанда жауынгерлердің құқығына шектеу қойылмаған, олар сайлауға, сайлануға құқылы. Конст. негізінде ә.қ. кез келген дінге сене алады, бірақ өз дінін уағыздауға, насихаттауға, басқа діни сенімдегілерге үстемдік көрсетуге, төмендетуге құқығы жоқтығы айтылған. Ал 1997 жылдың 11 ақпанынан АЖӘ академиясы болып өзгертілді. Қосымша «командалық-штабтық, оперативтік-тактикалық, мотоатқыштар және танк әскерлері» мамандықтары қосылды. С.с. Құрлық әскері институты, Шет тілі институты, әуе қорғаныс қүштері т.б. 7-8-ге жуық жоғарғы әскері оқу орындары ҚР ҚК қызмет атқаратындар даярлайтын әскери оқу орындары жұмыс істейді.
Құрлық әскер құрамына арнайы әскерлер мен құрамалар топтастырылған. Әскер түрлеріне мотоатқыштар(БТР;БМП, Танк), танк және артеллерия, арнайы әскерлерге – инженерлік, химия, байланыс, радио және радиотехникалық, автомобильдік және т.б. жатады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери салаларының
айырым белгілері



4. Сабақты қорытындылауға, тақырыпты қамтуға арналған сұрақтар: ҚР Конст-лық құрылымы дегеніміз не, ҚК рөлі мен орны.
5. Үйге берілетін тапсырма: т1.4. сұрақтарға жауаптар беру. 26-31 бет.
6. Бағалау.Ескертпелер мен көңіл аударуды қажет ететін сұрақтар: Тапсырмаларды дер кезінде орындау. Әскери қарым-қатынас талаптарын орындау.

АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы
Е.Ахметов