«Барлы? маманды?тар ?ажет, барлы? маманды?тар ма?ызды»


Ересектер тобының балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Күні: 24.11.2014 ж.
Білім беру саласы:«Таным»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар маңызды».
Мақсаты: Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айырықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Білімділік: Мамандық түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық:Мамандықтар туралы балалардың білімдерін кеңейтуарқылы балалардың сөздік қорын ,ой-өрісін, шығармашылық қиялын дамыту.Адам өміріндегі іс-әрекеттің маңызын көрсету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп ,қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелілік: Әр түрлі мамандық түрлеріне және еңбек адамдарына құрмет сезіммен қарауға қызығушылықтарын арттыру,үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс: Ата-аналарының жұмыстары туралы біліп келу.
Сөздік жұмыс: маман, тігінші, дәрігер, аспазшы,ұста, етікші,мұғалім, т.б.
Қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: мамандық иелерінің суреттері.
Билингвальдық компонент:тігінші-портниха, дәрігер-врач, шаштараз-парихмакер, профессия-мамандық.
Іс-әрекеткезеңдері Тәрбиешініңіс-әрекеті Балалардыңіс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушы Жылулық шеңбері. Қонақтармен амандасу. Үлкенге де Сіз
Кішіге де Сіз
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз.(Бас иеді).
Ұйымдастыру-іздестіру -Бігін ауа-райы қандай?
-Жылдың қай мезгілі?
Күз мезігілінде неше ай бар?
Қазір күз мезгілінің қай мезгілі?
Бүгін қай күн?
Өткен тақырыпты қайталау.
-Өткен тақырыпта біз сендермен не жайында таныстық ,балалар?
Дидактикалық ойын: « Көліктерді топтастыр».
Шарты: Арнайы көліктерді жасыл гаражга, жолаушы көліктерді сары гаражға, ал жүк көліктерді қызыл гаражға орналастырып қой.
-Балалар, сендер бүгін балабақшаға қай көліктің түрімен келдіңдер?
Көлікті кім жүргізіп келді?
-Сендердің ата-аналарың кім болып жұмыс істейді?
-Иә, біз бүгін сендермен мамандықтар жайында әңгімелесеміз. Сендер «мамандық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Балалар сендер мына күнделікті келіп жүрген , өздерің тұрып жатқан үйлерді салатын адамдар,ауырып қалсақ емдейтін адамдар, киімдерімізді тігіп беретін адамдар , бізге білім беретін адамдар, шашымызды әдемілеп қиып беретін және тамақ пісіретін адамдар бар.Бұл адамдарды бір сөзбен айтқанда мамандық иелері дейміз.Балалар, мына суретттерде кімдердің және нелердің суреттерін көріп отырсыңдар?
-Олар не стейді?
-Яғни, халыққа қызмет етеді.Оларды біз мамандық иелері дейміз.
-«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
«Еңбек етсең ерінбей ,тояды қарның тіленбей»-деп Абай атамыз айтқандай , еңбектенген адам қор болмайды,өз нанын тауып жейді.
-Қандай мамандықтар иелері еңбек етеді?
-Тағы қандай мамандық иелерін білесіңдер?
-Жарайсыңдар балалар. Мен қазір сендерге әріптер көрсетемін. Ал сендер сол әріптен басталатын мамандықтарды айтасыңдар.
А
Қ
М
С
-Жақсы ,балалар. Әлемде әр түрлі мамандықтар өте көп. Біреуің ертең ақын, екіншің инжинер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
-Қазір мен сендермен «Сөйлемді жалғастыр» ойынын ойнаймын.
Шарты: Мен сендерге сөйлемнің басын айтамын, ал сендер сөйлемнің аяғын аяғын табасыңдар.
-Үй салатын адам-құрылысшы.
-Тамақ пісіріп жатқан адамды-аспаз,
-Білім беретін адамды- мұғалім ,
-Киім тігетін адамды-тігінші,
-Ғарышқа ұшатын адамды-ғарышкер,
-Көлк жүргізетін адамды-жүргізуші,
-Емдейтін адамды-дәрігер деп мамандықтың түрлеріне қарап айтады.
-Ал бұл мамандықты меңгеру үшін көп оқуды, көп ізденуді ,қажымас қайратты, көп еңбекті талап етеді.Мамандық иесі болып шығу үшін арнайы оқу орындарында дайындап оқытады.Сонда ғана өздерің қалаған мамандық иесі болып шыға аласыңдар.
-Балалар қазір біз сендермен «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Үстелдің үстінде тұрған кескін қағазды құрастырамыз.
-Балалар сендерде қандай мамандықтардың суреттері шықты ?
-Сендер сол мамандық туралы не білесіңдер? (балалар тақпақ айтады).
Салқын, далада қар жауып тұр.
Үш ай бар: қыркүйек, қазан,қараша.
Ойын арқылы көліктерді өз гараждарына қояды.
Қойылған сұрақтарға ойланып толық жауап береді.
Ата-аналарының кім болып жұмыс істейтінін айтады.
Балалар мұқият тыңдайды.
Аспазшы, мұғалім, құрылысшы,жүргізуші.
Тамақ пісіреді, сабақ береді, үй салады, көлікті жүргізеді.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Өз ойларын айтады.
Білетін мамандық иелерін айтады.
Аспазшы,
Құрылысшы
Мұғалім
Сатушы
Балалардың жауабы.
Балалар тыңдап қандай мамандық иесі екенін анықтайды.
-Сатушы
-Жүргізуші
-Дәрігер
-Шаштаразшы
-Мұғалім
-Аспазшы.
Балалар мамандықтар жайлы білетін тақпақтарын айтады.
Рефлексивті-түзетушілік Ойын : «Сәйкестендір».
Шарты: Тақтада берілген мамандықты оған қажетті заттармен сәйкестендір.
-Жақсы балалар! Ал сендер болашақта қандай маман иесі болғыларың келеді? Балалар берілген тапсырманы орындайды.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Мамандық түрлерін білеуі, құралдарын атай білуі керек.
Нені игеру керек: Суретке қарап , әңгіме құрауды.
Нені біледі: Үлкендердің , мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі.