«Б?зыл?ан телефон» Жетекші б?л кезе?ні? де алдында?ылардай с?йлемей ?тетіндігін т?сіндіруі ?ажет. Барлы?ына бір сызы?ты? бойымен т?ру ?сынылады. Ж?ргізуші. «?азір барлы?тары?ыз бір-бірлері?ізді? арт- тары?ыздан т?рулары?ыз ?ажет. Е? со??ы ойыншы?а спортты


Сабақтың тақырыбы: ТАНЫСУ
Мақсаты:
«Келісім шартты» қорытындылау, топтан не күтетініңді диагностикалау, вербальды жəне вербальды емес
танысу.
Жетекші балаларға сабақтың мақсаты, оның ерек-
шеліктері жайлы айтады жəне сабақта белгілі бір мінез-құлық
ережесін қабылдауды ұсынады, ерекше түрде бұл ережелерді жетекшіге де қатысы бар екенін атап көрсетеді. Əр ереже балалармен талқыланады.
Күтілетін нәтиже:
Топта жұмыс жасай алады,
Ерекшеліктер туралы әңгімелей, талқылай алады.
Көрнекілігі: бейнематериал, Қолжазба күнделік. Таныстық туралы әңгіме үлгілері.
Түрі: Топтық, жеке жұмыстар. Автор орындығы әдісін пайдалану.
«Келісім шартты»:
1. Өзінің позициясын нақты анықтауда қатысудың өз
еркімен болуы: тапсырманы айтқың немесе орындағың келмесе
– оны орындама, бірақ шартты тыйым салатын белгінің
көмегімен айтуыңа болады.
2. Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптар болмайды. Сенің
айтып отырған пікірің дұрыс жауап болып табылады.
3. Ақпараттарды топтың ішінен шығармау. Сабақтан кейін
талқыламау.
4. Өтірік айтпау (жай ғана үндемей қалуға болады).
5. Егер де өзі сұрамаса басқа адамның айтқан ойын
бағалауға болмайды. «Келісім шарттың» барлық тармақтары
талқыланып болған соң, жетекші бұл ережелерді сақтауға
«салтанатты түрде уəде беруге» міндетті жəне мұны
жасөспірімдерден де, талап етеді. Сосын осы ережелер жазылған
плакатты тақтаға іледі де əрқайсысы астына қолын қояды. Осы
плакат барлық сабақтарда қатысушылардың көз алдында болуы
қажет. Осыдан кейін сабақтың басталу салты орындалады –
жалпы белгі немесе «келісім шарттың» қортындысын ескесалатын леп белгісі.
1-жаттығу. «Визитка»
Жүргізуші.
Əр адам өзін визиткадағы мəліметтер арқылы өзін басқа
адам ретінде ұсына алады.
Əр адамның өмірінде басшылыққа алатын бір ұраны неме-
се ережесі бар.
5-7 минут аралығында ойланып осы сөзді өз визиткаңызға
жазыңыз.
Əркім өзінің жазуын оқиды. Барлық жағдайларда да жетек-
ші эмоционалды қолдау көрсетеді. Сосын қысқа талдаужүргізіледі:
— жазбада негізінен не жайында айтылады;
— өзіміз жайлы басқа адамдарға не айтқымыз келеді?
Соңында жетекші өзінің визиткасындағы жазбаны көрсе-
теді. 2-жаттығу. «Мені шақыр...»
Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Жетекші балаларға
топта өздерін қалай атағанын қалайтындары бойынша қандай да
бір ат, лақап ат таңдап алуды ұсынады. Əрбір қатысушы ортаға
шығып қолмен қимыл жасай отырып аттарын айтады. Балаларалға бір қадам шығып, ишара белгісін қосып аттарды қайталап
айтады. Барлық топ өздерінің жаңа аттарын айтып шыққаннан
кейін ортаға жетекші шығып өзін таныстырады.
3-жаттығу. «Сенімді – арсыз – ұялшақ»
Жүргізуші ойыншыларға кезекпен шығып үш карточканың
біреуін алуды ұсынады. Карточкада былай деп жазылған:
біреуінде – «сенімді», ал екіншісінде – «арсыз», үшіншісінде –
«ұялшақ». Қатысушының қандай карточканы алғанын топ
білмейді. Қатысушының міндеті – көрсетілген адамның мінез-
құлқын бейнелеу. Ойыншының қандай мінез-құлықты көрсетіп
жатқанын топ табуы қажет.
Талқылау: қандай мінез-құлық оңай табылды? Не үшін?
Өзіне сенімді мінез-құлықтан арсыздықты ажырату оңай ма?
Айырмашылығы неде?