Саба? жоспары Конституция ?аза?стан Республикасыны? негізгі за?ы.?о?ам ж?не мемлекеттегі ?арулы к?штер (10 сынып)


« » 2016ж
Сынып 10. Негізгі тараудың аты: Кіріспе. Конституция Қазақстан Республикасының негізгі заңы.Қоғам және мемлекеттегі Қарулы күштер.

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. АӘД курсы бойынша оқылатын тақырыптар.
Сабаққа бөлінетін уақыт: 1 сағат (40-45 мин.)
Сабақтың түрі: Хабарлау, таныстыру сабағы. Әңгімелеу.
Сабақтың мақсаттары:
1. Оқытулық: АӘД сабағының маңыздылығы мен міндеттері. Отанды сүю, қадірлеу,
Құрмет тұту, мақтан ету, Отан қорғауға әзір болу туралы түсініктер беру.
2. Дамытулық: Еліміздің алдында тұрған міндеттер мен жоспарлар. Ата-баба мұраты,
Елбасының болашақ ұрпаққа деген сенімі мен үміті. Ішкі және сыртқы
саяси жағдайлар.
Тәрбиелілік: Отанға шексіз берілу, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатар-
ында қызмет атқару абройлы да жауапты қызмет екенін түсіне білуге,
ата-бабалар ерлігін құрметтеуге, мақтан етуге тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс : Тарих. Құқық.
Көрнекіліктер: АӘД журналы, деректемелер жиынтығ

Сабақ өтілетін орын: Оқу кабинеті.
Қолданылатын әдебиеттер: 10 сынып оқулығы. Тарихи деректер жинағы.
Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақ алдында взвод бойынша саптануы. Взвод
командирінің сабаққа қатысушылар мен дайындықтары туралы
мәлімет беруі. Оқушылардың сыртқы бейнесі (әскериленген киінуі мен
алығын, үтіктелуін тексеру, ер балалардың шашы, аяқ киімдерінің
тазалығы, жағалықтары мен жеке гигеналық құралдарының
түгелдігін тексеріп, аяқ киімдерінің тазалығына жеке оқушыларға
ескертулер жасау) қаралады.
Сабақтың міндеті мен тақырыбы, өтілу орны туралы хабарлау.
Сабақ алдында 5-7 минуттық саяси хабарлама, тәуліктік кезекші
немесе алдын ала бөлінген оқушы жасайды.
2. Қайталау сұрақтары : Еліміздің тарихы қай кезеңнен басталады? Отан дегенді
қалай түсінесіңдер? Ерлік пен батырлықтың айырмасы неде?
Отаншылдық, Елін, Жерін сүю деген сөздердің мағанасы?

3. Жаңа материалмен таныстыру: ҚР ҚК қатарында қызмет ету- оның әр азаматының міндеті. Бұл – Еліміздің бейбітшілігі мен онда оның әрбір азаматының ерікті еңбектенуі, емалуы, бейбіт өмір сүруі үшін әскери қызметшілерге халықтың артқан мол сенімі.
4. Сабақты қорытындылауға, тақырыпты қамтуға арналған сұрақтар: Қазақтың батырлары, Еліміздің бастан өткізгендері, жер көлемі мен қазіргі халық саны, тұратын ұлттар саны т.б. деректер туралы не білесіңдер?...
5. Үйге берілетін тапсырма: ҚР ҚК армиясы, оның саны, мақсаты мен міндеттерін білу, «Мен ҚК қатарында қызмет атқаруға даярмын ба?, Отан қорғау мүмкіндігі саған жүктелген жағдайда сенің әрекетің қандай?, Ерлік пен көзсіз батырлық туралы ойың қандай?» және т.б. сұрақтарға шағын шығарма жазу. 3-6 бет.
6. Бағалау.Ескертпелер мен көңіл аударуды қажет ететін сұрақтар: АӘД сабағына әскериленген киіммен келу, ұқыптылық пен тәртіпті қатаң сақтау. Бірдей жазу дәптерін бастау. Командирлер міндеттерін нақтылау.