Т?рбие са?аты Ардагерлер же?ісі-бейбіт к?нні? жемісі жоспар


«Ардагерлер Жеңісі – бейбіт күннің жемісі!»
3«ә» сыныбында «Ардагерлер Жеңісі – бейбіт күннің жемісі!» Ұлы жеңіске
70 жыл толуына байланысты тәрбие сағаты өткізілді.
Сынып жетекшісі: Исмағұлова Р.С.
Ұлы жеңіс жасасын!
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстарып ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білу, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Ән: Ән ұран.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлардың суреттері.
Мұғалім: Соғыста Кеңес Одағымен  бірге біздің ҚР да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында мл қазақстандықтар болған. Ат ауыздығы мен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрпалы соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Алия Молдағұлова, Мәншүк Мәмбетовалар ерлік көрсетіп батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы екінші дүние жүзілік соғыстың даңқты жауынгері халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы
Балалар: Отан-туған жер туралы тақпақтар.
Оқушы: Отан үшін жанымызды беремізОтан үшіе барлығына көнемізОтанныңда анаңныңда алдындаОсы өмірде парызды өтеп кетемізОқушы: Сарқылмайтын қуатымТірегімсің сен ОтанМәнгі соғып тұратынЖүрегімсін сен ОтанОқушы: Туған жерде толамызЕртең жігіт боламызОтан ортақ үйімізКөңілді әнмен күйімізОқушы: Отан сенің ата анаңОтан досың бауырыңОтан өлкең АстанаңОтан аудан ауылыңОқушы: бақытты жүргеніңСенің арқан ұлы отанЕлің менің тірегімҚұшағыңды гүл атамОқушы: Асыр салған таласыпБіз туған ел баласыҚандай байтақ ОтанымЖан жағыма қарашы.
Оқушы; отаным кең көсілгенТөсінде ырыс өсіргенҚаптаған шалғай алып дәнБәрі менің несібемҰлы Отан  соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан М, Мәншүк М, Әлия М, Мәлік Ғ, Талғат Б, ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз.
Олар еліміздің жарқын болашығы жас ұрпақ өмірін, бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы соғысы жеңісінің жемісі. ӘРИНЕ СОҒЫС БОЛМАСЫН!
Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, өз жеріміздің патриоттары болайық.
Балалар, біздің шекараны кім қорғайды?
Балалар:- сарбаздар.
Шекарада солдат тұр.
Ел бақытын қорғап тұр.
Көңілденсін ағалар,
Амандық хат жолдап тұр.
Осымен «Ұлы жеңіс жасасын» атты тәрбие сағаты аяқталды.

Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
«Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы Есіл ауданының
№3 Явленка орта мектебі» КММ
Тәрбие сағаты:
«Ардагерлер Жеңісі – бейбіт күннің жемісі!»
Өткізген: 3«ә» сынып мұғалімі
Исмағұлова Р.С.
2014 – 2015 оқу жылы