?ткен к?ндер же?ісі — Т?уелсіздік жемісі ?деби монтаж


Дауыс:
Құс ұшса қанаты
Тұлпар шапса тұяғы даланың
Осынау кең байтақ жер –
Қазақ жері.
Шығыстан шыққан күн
Батысына кең даламды
Қимай-қимай батады.
Сондай әсем жер
Әскерлердің соғысы
Қуғындардың қонысы
Жұт пен қаттың мекені
Қорқыныштың мекені болғалы қашан.
Енді Алашыма ақ намысын үкілейтін 1
Мықтылардан үркімейтін күн туады.
Себебі дүниеде сән құрып
Жерді бағыттыстыратын
Мәңгілік елді қалыптастыратын
Шекесі торсықтай ұл келді.
Қазақ биі.
Бала:
Мен қазақпын! Ежелден - ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.
Билер:
Төле би:
Уа, халқым, осынау қиын- қыстау заманда ел басына қара бұлт төніп тұрған жағдайда, бірлігімізді көрсететін кез келді. Ел болып біріксек, ешқандай жау бізді ала алмайды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры
биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.
Қазыбек би:
Әр руға шабандоздарымызды жіберейік, халыққа хабар айтсын. Рулар арасындағы кикілжіңді артта қалдырып, айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп, қас жауымызға қарсы шығайық. Елдің елдігін, ерлігін сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, елді аман алып қалу үшін батырларымыз жорыққа аттанбақшы. Ел намысын қорғау, жерімізді бөліске түсірмеу батырларымыздың қолдарыңда.
Әйтеке би:
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Үкіге найза таққан елміз.
Дәм- тұзды ақтай білген елміз! 2
Досымызды сақтай білген елміз.
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,
Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.
Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз!
Туған жерді өзгелерге бермейміз, туған елді басқаларға билетпейміз. Үш жүз алаш бірігіп, жерімізді қорғаймыз!
Қазақ биі.
Бала:
Елімнің аспанын тағы да қара бұлт торлады.
Әйтеуір халқым оңбады.
Жанарсын, қайта сөнерсін.
Басыңа түскенді көрерсін
Мың өліп, мың тірілген
Елім –аай!!!
Әскери киім киген адамдар шығады
Музык номер «Землянка»
Дауыс
Елге қауіп төнбесін,Егестен адам өлмесін!Есен – аман болайық,Енді соғыс болмасын!Өртенбесін туған ел!Шайқалмасын асқар бел! Шайқалмасын шалқар көл!
Видео «Болмыс»
Көрініс «Желтоқсан оқиғасы»
Видео «Тұңғыш Президент. Тәуелсіз Қазақстан! (жаңа ролик)»
Музыкалық номер. Назиева Бекзат
2 бөлім. «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау
1-жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты алаш жұрты, салмақты қазақ жұрты!
2- жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Сіздердің тамашалағандарыңыз Ұлы Қазақ елінің тарихынан қазақ хандығының қалыптасуын, Ұлы Отан соғысы, 1986 ж Желтоқсан оқиғасын сахналандырылған қойылым.
Ендеше кешіміздің екінші бөліміне кезек берелік.
3
1-жүргізуші: 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заң қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан Тәуелсіздігі туралы заңды КСРО құрамындағы елдер арасында ең соңғы қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. 
2- Жүргізуші: Тұңғыш еліміздің егемендігін мойындаған соң ең алғаш президентімізді де сайладық. ҚР-ның президенті болып елбасы Нұрсұлан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Атаң заңға сай елдің бірлігі мен келешегі үшін тер төгуге жол алған елбасының елмен бірге ауыр жүк көтеріп келе жатқанына 25 жыл! 
1- жүргізуші:
Еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыратын «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» құрылды.
2-жүргізуші:
Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау салтанатты рәсімін өткізуге рұқсат етіңіздер!
ҰЛАНБАСЫ:
Сәлем, сәлем, сәлем
Жас Ұланды ел танысын
Көтерейік оң қолды
Мың алғысқа лайықсың сен
Көтерейік сол қолды
Көрсін әлем, естісін әлем
Өскелең елдің Жас Ұланын 4
Басқа оқушылар:
Ұлы Елдің өнегелі ұланымыз
Биіктерде шырқалады ұранымыз
Бабалардың өнегесін үлгі тұтқан
Жалындаған Жас Ұлан Біз боламыз (бірге)
1- жүргізуші:
2011 жылдың 6 шілдесінде «НҰР ОТАН» ХДП қолдауымен тұңғыш рет біртұтас «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Жасөспірімдер мен балалардың біріңғай «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануы ерікті түрде жүргізіледі және оларды ҚР ң заңдарына қайшы келмейтін ортақ мақсат біріктіреді.
ІІ жүргізуші:
Бұл күнде ортақ символикасы бар «Жас Ұлан» ұйымы туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз құттықтау сөзінде «Жас Ұлан» бүкіл Қазақстанға таралып, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге, оқудың және тәртіптің үлгісін көрсетуге, Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайтуға, еліміз үшін қызмет етуге, патриот болуға бәріңізді баулитын болсын! деп атап көрсетті.
1 жүргізуші:
Еліміздің осындай салмақты сөзінен туындайтын міндет бүгін сезіне отырып, Тәуелсіз ел аясында, бейбіт өмірдің, қамқор Отан-ананың құшағында бақытты балалық күндерін кешіп жүрген жас достарымызды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау салтанатына куә болмақ.
5
ІІ жүргізуші:
Кешімізге арнайы шақырылған құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:

І жүргізуші:
Олай болса, бүгінгі «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарын толықтырғалы отырған жасөспірімдерді ортаға шақырамыз.
Олар мектебіміздің мақтаныштары, үлгілі, озат, өнерлі де талантты, белсенді оқушылар.
ІІ жүргізуші:
Құрметті қонақтар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
(Рәсім өткізу)
Оқушылардың тақпағы
Уәде оқыту
Ұланбасы:
А Н Т 6
Біз, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отанымыздың – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымныздың талап етуге ант етеміз.

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрдеқалған мүшелері  «Ант етеміз!» деп 3 рет айтады. 
Қабылданған оқушылар:
ӘРҚАШАН ДАЙЫНБЫЗ
Бірге
ПАРЫЗЫМЫЗ – ұлы Отанға адалдық
БОЙЫМЫЗДА – бар өскіндік, шыншылдық
БАРША ЖАНҒА – үлгі өнеге боламыз
БІЗ ЖАС ҰЛАН – Отаным деп жанамыз

Фон (Жас ұланның гимні) 7
2 жүргізуші:
Құттықтау сөз мектеп директоры Тлеков Мереке Жолдыбайұлына беріледі
ӘН: «Жаса, Қазақстан!»
3 бөлім
1-жүргізуші:
Бабадан қалып жеткен көрегендік, Еркіндік жастығында өлең өрдік. Арқалап аманатын келіп жеткен, 25 жыл! Құтты болсын егемендік! 
2-жүргізуші: Иә, тарих толқынында толқып отырып, телегей теңіздей тасып жеткен мәртебесі биік тәуелсіздікке 25 жыл толды. Мереке құтты болсын! 
1-жүргізуші:
Көптеген елдер ертеңгі ел деп санайтын қазақ елі әлем назарында. 25 жыл ішінде Қазақ елі көптеген жетістіктерге жетіп, әлеміздің экономикасы қарыштап, әлеуметтік жағдайы дамып келе жатқан еліміз бүгінде 50 елдің қатарында. Бұл жасалған игі істер еңбек пен ерліктің, сарабдал саясаткер, көреген көшбасшы елбасымыздың арқасында.
Марапаттау рәсімі

2-жүргізуші:
Осындай игі істер мен жетістіктер біздің мектебімізде де бар. «Үздік оқушы», «Үздік дәптер», «Таңдаулы кабинет» аталымдарымен марапаттау үшін мектеп директоры Тлеков М.Ж. шақырамыз.
1-жүргізуші:
«Үздік күнделік», «Үздік спортшы», «Үздік суретші» аталымдарымен марапаттау үшін сөз Ақсоғым селолық округінің әкімі Хами А.Р. шақырамыз.
2-жүргізуші:
«Мерейлі жас», «Таңдаулы қызметші» аталым иелерінің есімдерін жариялау үшін сөз кәсіподақ ұйымының төрағасы Наурзов М.К.шақырамыз.
Музыкалық номер «Қазақ жастары»
1-жүргізуші:
Марапаттау рәсімін өткізу үшін ардагер-ұстаз, «Алтын алқа» иегері Саримова А.Х. мен ардагер-ұстаз шақырамыз («Мерейлі ұстаз», «Белсенді ата-ана», «Мерейлі отбасы»)
8
2-жүргізуші:
Марапаттау рәсімін өткізу үшін аудандық маслихат депутаты Жумашев М.К. шақырамыз. («Үздік тәрбие сағатының жоспары», «Үздік сынып», «Үздік ақын»)
1-жүргізуші: «Белсенді сынып жетекшісі», «Үздік шығарма», «Үздік сабақ жоспары», «Үздік мұғалім портфолиосы» аталымдарымен марапаттау үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сапарова Ш.Х. ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:
Сондай-ақ, тәуелсізігіміздің 25 жылдығына арналған «Елім менің аңсаған» атты байқауына қатысқан күміс көмей, жез таңдай жұлдызды жұптар Сандуған Беркінқыз мен Магазова Аида,
2-жүргізуші:
Жанар Даулетшиевна мен Амангелді Айгерім,
1-жүргізуші:
Айкөркем Талғатқызы мен Исанов Артур,
2-жүргізуші:
Нургул Мирмановна мен Тлекжан Мансур,
1-жүргізуші:
Айгул Тлегенқызы мен Нигмаш Лида, 9
2-жүргізуші:
Лунара Жанарбекқызы мен Хахарманова Айнара,
1-жүргізуші:
Гумар Магазович пен Назиева Бекзат,
2-жүргізуші:
Бірлән Мұхитқлы мен Хахарманова Алиса,
1-жүргізуші:
Галия Изимгалиевна мен Әди Батырхан,
2-жүргізуші:
Жаслан Самиголлиевич пен Қазекеш Ислам,
1-жүргізуші:
Дархан Тогжанович пен Сағидолла Нұрболатқа белсенділіктеріңіз үшін алғыс жариялаймыз. Өнерлеріңіз үстей берсін!
Музыкалық номер «Астана»

2-жүргізуші:
Жүз  жиырмадан  аса  ұлт  өкілдері  тұратын  осынау  қасиетті  мекенде , асқақтаған  өлкеде , кеншілігі  керемет , дархан  дастархандай  далада  , егіні  теңіздей  толқыған , төрт түлігі  маңыраған  , өндіріс  өркендеген  мекенде  өмір  сүруші  әрбір  адам  өз  Отанын
жанындай  сүйіп, оның  көк  байрағын  көкке  көтеруді  мақтаныш тұтады.
1-жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына  Жас өрендер желбіретіп нық ұста Ғасырларға жалғастырып елдікті Дақ түсірме ата-баба рухына. Үлгі бізге аталардың ерлігі Ұлағаты өнегесі еңбегі Тәуелсіздік туын ұстап жоғарыБүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі
2-жүргізуші: 10
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. бірге: Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
«Көк тудың желбірегені»