?азту?ан жырауб Мада? жыры (9сынып)


Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №18орта мектеп мемлекеттік мекемесі.
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Қосанова Баян Бисенбаевна.
Сабақтың тақырыбы:  Қазтуған жырау, Мадақ жыры
Сабақтың мақсаты:а) оқушыларға ХҮ ғасырдың жырауы Қазтуған Сүйінішұлы туралы, оның толғаулары мен кейінгі ұрпаққа жеткен шығармаларының тақырыптық мазмұнын ашу.
б) өтілген материалдарды тиянақты меңгеруге, ойлау белсенділігі, танымдық іс-әрекеттері мен шығармашылық қабілеттерін дамыта түсуге ықпал ету.
ә) жырау өлеңдерін, толғауларын оқыта отырып, туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. Адалдыққа, ойлылыққа, табиғатты аялай сүюге үйрету. Қазтуған жырлары негізінде ұлттық рух пен патриоттық сезімді тәрбиелеу, ерлік пен елдікті дәріптеу.
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабақ.
Сабақтың әдісі: талдау, салыстыру, болжау, дәлелдеу, ой бөлісу ,моделін жасау сөздік әдістері, ақпарат құралдарынан жинақталған мәліметтер, миға шабуыл, ой қозғау,
Сабақтың типі:  Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ түрі:  Ізденіс сабағы.
Оқыту формасы:  топтық, жеке
Көрнекілігі:  нақыл сөздер сызбалар, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс:  қазақ тілі, қазақстан тарихы
                                              Сабақтың барысы.  
       І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығы. (3 мин)
а) Оқушыларды шеңбер қылып тұрғызып бір-біріне ілтипат айту.
ә) 1-3 дейін санау арқылы топқа бөлу.
б) Әр топқа бағалау парағын таратып беру
1-слайд.   ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (7 мин)
1. Асан қайғы кім? Өлеңдерінің философиялық тақырып ерекшелігін атаңдар.
2. Асан қайғы толғауларының қазіргі өмірмен байланысы қандай?
3. Өлеңдерінен қандай көркемдік тәсілдерді көре аламыз?
4. Адам өмірі мен мінезі оның өзгерімпаздығы туралы Асан қалай айтқан?
5. Асан жырларындағы ел бірлігін сақтау жайлы қоныс іздеу идеясын айтыңдар.
6. Асан қайғы толғауларынан жатқа үзінді оқу.
      2 -слайд.             «Мадақ жыры» (1 мин)
Бұдырайған екі шекелі, Мұздай үлкен көбелі, Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті, Адырнасы шәй жібек оққа кірісті, Айдаса – қойдың көсемі, Сөйлесе – қызыл тілдің шешені, Ұстаса – қашағанның ұзын құрығы, Қалайылаған қасты орданың сырығы, Билер отты би соңы, Би ұлының кенжесі, Буыршынның бұта шайнар азуы, Бидайықтың көл жайқаған жалғызы, Бұлыт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан, Мұсылман мен кәуірдің Арасын өтіп бұзып дінді ашқан Сүйінішұлы Қазтуған!
Жырды мәнерлеп оқып беремін, жаңа сабақ тақырыбы анықталды. 
 3-слайд.                  ІІІ. Жаңа сабақ: Қазтуған жырау (10 мин)
   Келесі сәтте 3 оқушы келіп конвертерді бір-бірден алады. Оның ішінде берілген «Қазтуған жырау» толғаулары нұсқалары, зерттеушілері туралы   өзіндік ізденіс, зерттеу жұмыстарына шолу жасайды, мәліметтер алмасады.
       1-оқушы. Қазтуған Сүйінішұлы (1420, қазіргі Астрахан облысы Красный Яр қала маңы — ө.ж.б.) — жырау. Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың XV ғасырдағыайтулы жорық жырауы. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D1%81%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%8B"Әскербасы, батыр болған.Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып-өскен. Қазтуған жыраудың «HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9C%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D2%9B_%D0%B6%D1%8B%D1%80%D1%8B&action=edit&redlink=1"Мадақ жыры«, «HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D1%83%D2%93%D0%B0%D0%BD_%D0%B6%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B5%D0%BD_%D2%9B%D0%BE%D1%88%D1%82%D0%B0%D1%81%D1%83&action=edit&redlink=1"Туған жермен қоштасу» сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің «Түрік хрестоматиясында» (HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1862"1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан «HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D1%80"Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында, М.Мағауиннің «Алдаспан» кітабында (HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1970"1970) жарияланды
      2-оқушы.Халық Қазтуғанды әрдайым еске алып, қадір тұтады. Ол туралы талай аңыздар айтылған. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақтың батыры. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83"Жырау қайғы айтып еш түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап , асқақ жыр шертеді, ескі елдік бөлінбес бірлік қайтпас ерлік дәстүрін уағыздайды. Ойын-тойы көп жастық шақты еске алып, оптимистик пікірлер ұсынады. Нарындай құнарлы, жайлы кең қоңыстың қасиеттерін асыра ардақтайды.
Жырау өзі жасап отырған тұрмыс-тіршілігіне дән риза. Көк майсаға қонған бай ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық сурет елес береді. Туған жерін шын сүйген жас батыр бейнесін сомдайды. 
4- слайд.Толғаулары: (5 мин) 1топ  «Мадақ жыры», 2топ «Белгілі биік көк сеңгір» 3 топ «Жембойылықтар»
5-слайд.    Видеороликтен әнші, жыршы, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухановтың  орындауында  (1 мин)
                             «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауы тыңдатылады.
6-слайд.  Бұл бөлімде «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауын топ болып өлең құрылысына талдайды. Толғаудың басты идеясына, каһарманына, жанрына, ақынның айтар ойына, буын саны, бунақ саны, ұйқас түрі, көркемдегіш тәсілдерге тоқталады. «Алаң да алаң, алаң жұрт» 
Алаң да алаң, /алаң жүрт, 9
Ақала ордам /қонған жұрт, 9
Атамыз біздің /бұ Сүйініш 9
Күйеу болып /барған жұрт,
  Анамыз біздің /Бозтуған          8
Келіншек болып /түскен жұрт,8
Қарғадай мынау /Қазтуған /батыр туған жұрт, 13
Кіндігімді /кескен жұрт,    8
Кір-қоңымды /жуған жұрт,7
Қарағайдан садақ /будырып,
Қылшанымды/ сары жүн оққа/ толтырып,12
Жанға сақтау/ болған жұрт. 7
Салп-салпыншақ/ анау үш өзен 9
Салуалы /менің ордам/ қонған жер,11
Жабағылы/ жас тайлақ       7
Жардай атан /болған жер, 7
Жатып қалып/ бір тоқты, 7
Жайылып мың қой /болған жер,8
Жарлысы мен /байы тең, 7
Жабысы мен /тайы тең, 7
Жары менен /сайы тең, 7
Ботташығы /бұзаудай, 7
Боз сазаны /тоқтыдай,   7
Балығы тайдай/ тулаған, 8
Бақасы қойдай/ шулаған, 8
 Шырмауығы /шөккен түйе /таптырмас, 11
Балығы /көлге жылқы /жаптырмас, 10
 Бақасы мен /шаяны 7
 Кежідегі адамға /7
  Түн ұйқысын /таптырмас, 7
Қайран менің /Еділім,  7Мен салмадым,/ сен салдың, 7Қайырлы болсын /сіздерге  
Менен қалған /мынау /Еділ жұрт!… (5 мин)
Сергіту сәті: Оқушылыр ақ параққа суреттер салады. (2 мин)
7-слайд.  Кез келген бір әріпті Қазтуғанша сөйлету .( бір әріптен тұратын бір шумақ өлен шыңару Тәуелсіздігіміздің 25 жыл толуына ) (3 мин)
        Ө  Ұ  Қ  Ү  Ғ  І  Ә  Е  У  К  Н  Г  Ж   Ы  Л  Ш  Б  Т  И  М  Д  О  С
8- слайд. Бекіту. (3 мин)
               Болжау             Дәлел           Қорытынды
«Қазтуған — жорық жырауы» «Балдағы алтын құрыш болат» Батырлықты, елдікті,  ерлікті дәріптейді.
«Қазтуған-нәзік лирик» Салп-салпыншақ анау үш өзен» (туған жерге деген махаббат) Жырларының арқауы – туған елі, кіндік кескен, кір жуған жері.
«Қазтуған-шебер суреткер  «Салп-салпыншақ анау үш өзен», «Алаң да алаң, алаң жұрт». Теңеу, метафораларды шебер пайдалана білген: «Қарғадай мынау Қазтуған», «ботташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай…», «Балығы тайдай…» т.б.
      9 - слайд.  Қорытынды.  Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер? (егемендік туралы, бірлік туралы, отансүйгіштікке шақырар едім) (1 мин)
10 -слайд.  Үйге тапсырма. (1 мин)
Қазтуған жыраудың өмірін оқып, «Мадақ» өлеңін жаттау.
І топ. Қазтуған жырларындағы Асан қайғы сарыны қалай көрініс тапқан?
ІІ топ. Қазтуған шығармаларының кейінгі жырауларға әсері қандай?
ІІІ топ. ХІХ ғ. көрнекті ақыны Мұрат Мөңкеұлы Қазтуған туралы көп толғап, оның пікірлерін талмай уағыздап өткен, дерек көздері.
(2 мин)
Бағалау Стикерлер таратылады.
1.Бүгін мен не үйрендім?
2.Сабақтан алған әсерім?
3.Бүгінгі көңіл-күйім? Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыруэпифора
 
градация
 
теңеу
инверсия
аллитерация
шендестіруБағалау Стикерлер таратылады.
1.Бүгін мен не үйрендім?
2.Сабақтан алған әсерім?
3.Бүгінгі көңіл-күйім? Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыруБағалау Стикерлер таратылады.
1.Бүгін мен не үйрендім?
2.Сабақтан алған әсерім?
3.Бүгінгі көңіл-күйім? Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыруБағалау Стикерлер таратылады.
1.Бүгін мен не үйрендім?
2.Сабақтан алған әсерім?
3.Бүгінгі көңіл-күйім? Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру