К?КІРТ Ж?НЕ ОНЫ? ?ОСЫЛЫСТАРЫ АШЫ? САБА? (9 КЛАСС)


Сабақтың тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларды күкірт және оның қосылыстарымен,химиялық қасиеттерімен таныстыру.
2.Жоспарды пайдалана отырып, өз бетінше жауап беру біліктілігін қалыптастыру, негізгі ойды бөліп қорытындылап, салыстыра білуге үйрету.
3.Уақытты бағалауға,өз бетінше жұмыс істеп, қорытындылай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап әдісі
Пәнаралық байланыс: Биология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Б) Сабақтың жоспарымен таныстыру.
В) Сынып оқушыларын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау. (серпілген сауал, тест
«Өзіңді-өзін тексер»)
Серпілген сауал
(доп арқылы сұрақтарға жауап беру)
Бейметалдардың физикалық қасиеттері қандай?
Күкірттің электрондарының жалпы саны қанша?
Кремний қосылыстары Қазақстанның қай аймақтарында кездеседі?
Азоттың ауадағы үлесі қанша?
Тест «Өзіңді-өзін тексер»
№ Сұрақтар А Ә Б
1 1.Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі нешеге бөлінеді? 3 4 2
2. ҮІ топтың негізгі топша элементтеріқандай жалпы атаумен біріктіріледі? Халькогендер Галогендер Сілтілік элементтер
3 ОҒ2-дегі оттектің тотығу дәрежесі -2 +2 -1
4 Бейметалдар периодтық кестеде қай элементтен басталады? Бериллей Астат Хлор
5 Көміртегі бос күйінде ненің құрамында болады? Ауаның Алмаздың Мұнайдың
6 Кремний элементі бос күйінде қайда кездеседі? Силикатта Графитте Жер қыртысында
8 Көміртегі қосылыс күйінде болады? Мұнайдың құрамында Ауаның құрамында Жер қыртысында
9 Фосфор элементі еліміздің қандай жерлерінде кездеседі? Ақтөбе, Қаратау, Шымкент Қостанай, Жетіқара Екібастұз,Қарағанды
10 Азоттың қосылыстары не деп аталады? Сульфаттар Тұздар Нитраттар
Тест жауабы: 1.Б, 2.А, 3.Ә, 4.А, 5.Ә6.Б, 7.Ә, 8.А, 9.А, 10.Б
Бағалау шкаласы:
10-9 «5»
8-6 «4»
5-3 «3»
2-1 «2»
ІІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру
10033008255Күкірт және оның қосылыстары
00Күкірт және оның қосылыстары

1715770184150003531235182245004214879184298004293041920650
65728854648835
409746341289Күкірт оксиді
00Күкірт оксиді
-63356841688Күкірт
00Күкірт

2874645148590Күкірт қышқылы
00Күкірт қышқылы
429688138002Күкіртсутек
00Күкіртсутек

Периодтық жүйедегі орны және атом құрылысы
Күкірт VІ А топ элементі. Электрондық формуласы: S 1s2 2s2 2p6 3s2 3p4
Физикалық қасиеттері. Күкірт –сары түсті,қатты кристалды зат. Оның үш аллотропиялық түр өзгерісі болады: ромбтық,моноклинді,пластикалық. Қалыпты жағдайда күкірт молекуласы сақина түріндетұйықталған сегіз атомнан тұрады. Суда күкірт ерімейді,спирт пен эфирде нашар ериді;бензолда,күкіртті көміртекте және т.б.жақсы ериді.
Химиялық қасиеттері. Күкірт химиялық реакцияларда тотықтырғыш та,тотықсыздандырғыш та бола алады. Күкірттің жай заттармен әрекеттесу. Күкірт жоғары температурада сутекпен әрекеттеседі. Жоғары температурада күкірт фтормен және оттекпен әрекеттеседі(жанады).
Табиғатта таралуы. Күкірттің табиғи қосылыстары. Балқаш,Шығыс Қазақстан облысында сульфидтер( ZnS,PbS, FeS,т.б)күйінде болса,сульфаттары (СаSO4. 2 H2 O, Na2 SO4 .10H2 O, MgSO4 . 7H2 O) т.б болады. Күкірт қосылыстары мұнайда және тас көмірде де кездеседі. Бос күйіндегі күкіртті тау жыныстарынан балқыту арқылы алады.
Бейнетаспа көрсетіледі.
Сергіту сәті.
1.Екі буыннан тұратын химиялық элемент,
Бірінші буыны атау септігінің сұрағы,екінші буыны сан есім, бұл қандай элемент? (неон)
2.Бірінші буыны тасқын су, екінші буыны мал құлағындағы белгі.
Оқушы ,ойлан, бұл қандай элемент?(селен)
3.Табылса бұрын там-тұмнан ,қазір көп әрбір өлкеде.
Қымбат болды алтыннан ,қандай металл ертеде. (алюминний)
4.Сыныптан бір шықпайды,тимесең жұқпайды.
Жәрдемісіз бұл заттың,оқушы сабақ ұқпайды (бор)
5.Күмістей түсі жылтыр,өзі сұйық,буланбас,қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты,жылуды анық ,қандай зат;құрал жасар соны құйып?(сынап)
ІV. Топқа бөлу(суретті құрастыру арқылы) І топ «Оксидтер».
ІІ топ «Негіздер»
V. Топтық жұмыс (Берілген тақырып бойынша постер қорғау, топпен бірге).
VІ. Сабақты бекіту (гүл құрастыру, сөзжұмбақ)
Кері байланыс: «Екі жұлдыз, бір тілек»
VІІ. Үйге тапсырма: «Күкірт және оның қосылыстары тақырыбын»оқу,
«Күкірт» сөзіне сөзжұмбақ, ребус құрастыру.
VIII. Бағалау.
Аманкелді атындағы орта мектебі
-357505239395Ашық сабақ
00Ашық сабақ

Тақырыбы: Күкірт және оның қосылыстары.
Өткізген: Мұхамедияр З.И.
2015-2016 оқу жылы