Ашы? саба? Азот оксидтері


Сабақтың тақырыбы: Азот оксидтеріСабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа инновациялық технологияларды қолдану, теориялық жеке- дара өз білімдерін тиімді пайдалану. Жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік туғызу. Тәрбиелік: алған білімдерін өмірде пайдалана білу, өзіндік ой қорытуға, жан-жақтылыққа тәрбиелеу, қауіпсіздік ережелерін есте сақтау, сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру. Дамытушылық: оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, өз-өзіне деген сенімін күшейтіп, таным қабілетін дамыту, мұғалім - бағыттаушы, оқушы – ізденуші рөлін атқару.
Сабақтың әдісі: СТО тест есептер шығару теңдеулер құру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: азот, кесте, слайд презентациялар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
-  оқушылармен сәлемдесу;
-  оқушы санын түгендеу;
-  оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
-  оқушыларға жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Физикалық қасиеттері
І кезең. "Ой шақыру"                                            
Қолданылуы

Алынуы
АЗОТ

Химиялық қасиеттері

II кезең.«Қызығушылығын ояту» үш түрлі тапсырмасымен жүргізіледі.
а) Семантикалық карта толтыру, оқушы азот оксидтерін, тұздарын, қышқылдарын ажыратады.
N2 HNO3 NO2 NaNO3 HNO2 NO Ca(NO3)2 AgNO3
тұздары              
қышқылдары              
оксидтері             
                       
ІІІ. Жаңа сабақ."Азот оксидтері." Азот оттекпен әрекеттесіп бірнеше оксидтер түзеді.
N2 O, NO, N2 O3 , NO2, N2 O5
Азот (I) оксиді N2 O – түссіз, әлсіз иісті, тәттілеу дәмі бар газ, суда нашар ериді. Қышқылмен де, сілтімен де әрекеттеспейді. Медицинада «КӨҢІЛДІ ГАЗ» деген атпен белгілі. Ол жүйке жүйесіне әсер етеді, тітіркендіреді. N2 O қосылысы жеңіл операция жасағанда жансыздандыру үшін қолданылады. Азот (II) оксиді N O- түссіз суда еритін тұз түзбейтін оксид. Азот (III) оксиді N2 O3 – қара көк түсті сұйықтық, төменгі температурада ыдырайды.N2 O3 = NO+ NO2 Сумен әрекеттесіп азотты қышқыл HNO2 түзеді. N2 O3 +H2O= 2HNO2 Азот (IV) оксиді NO2 — өзіне тән иісі бар қоңыр түсті газ. Буы улы, онымен тыныс алғанда адам уланады. 21,30С-та сұйылады, 9,30С-та түссіз кристалдық массаға айналады.
Практикалық жағынан маңыздылары азот (ΙΙ) және азот(ΙV) оксидтері болғандықтан біз оларға кеңірек тоқталамыз. Азот (II) оксиді N O
Алынуы: N2+O2 = 2NO
4NH3 + 5O2 = 4NO+6 H2 O
3Cu+ 8HNO3 = 3Cu(NO3)2 +2NO +4H2O (сұйытылған)
Қалыпты жағдайда ауада жеңіл тотығады. 2NO+O2 =2NO2 газ
Азот (IV) оксиді NO2
Алынуы. NO2 +O2 =2NO2 газ
Cu+ 4HNO3 = Cu(NO3)2 +2NO2 +2H2O (концентратталған)
IV кезең. "Ой толғаныс кезеңі". Сергіту
"Сандарды сөйлетейік " ойыны ойналады.
Ar(N) = 14
Реттік нөмірі – 7
1772 ж. азотты алғаш рет ағылшын химигі Д.Резерфорд ашқан жылы болып есептеледі.
Азоттын электрондық формуласы 1s22s22p3
Vкезең. "Білімді тиянақтау " 
Есептер шығару. Химиялық теңдеулер құру.
1тасырма Сұйытылған азот қышқылы 6,4 гр мыспен әрекеттескенде қанша литр (қ.ж.) азот ІІ газы бөлінеді?
2 – тапсырма. Мына айналымдарды жүзеге асырыңдар:
N=NH3= NH4 CL
3 – тапсырма. N=NO=NO2=HNO3 =KNO3
4 – тапсырма. 15г азот (ІІ) оксидін тотықтырғанда қанша грам азот (IV) оксиді түзіледі.
VI кезең. Сабақты қорытындылау. Химиялық диктант.
HNO3 тотығу дәрежесін__+5___ көрсету.
Азоттың сутекпен қосылысы __аммиак________.
Азоттың тұздарың ___нитраттар________ деп атайды.
Азоттың оксидтерін жаз______________.
Азот IV (NO2) оксидінің құрамындағы азоттың массалық үлесі? ____30,4_______
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру. Азот оксидтерінің халықшаруашылығындағы, адам тұрмысындағы маңызы туралы мағлұматтар жинап келу. 85 бет С-2-3 есеп