Себеттегі алма мектепалды даярлы? сыныбыны? ?йымдастырыл?ан о?у ?рекетіні? технологиялы? картасы


Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Шығармашылық
Бөлім: Сурет салу
Тақырыбы: Себеттегі алма
Мақсаты: балаларды бір-бірін қалқалап тұрған заттардың суретін дұрыс бере білуге және дәстүрден тыс жолдармен орындауға үйрету;саусақпен алмалардың суретін салу. Шығармашылық ,ойлау қабілеттерін дамыту.
Гуашпен жұмыс жасағанда ұқыпты,тиянақты болуға дағдыландыру.
Көрнекілік пен құралдар: сурет, жұмыс дәптерлері, түрлі түсті қарындаштар.
Сөздік жұмыс:себет
Билингвальдік компонент:алма-яблоко,себет-корзина
Әрекет кезеңі Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
1 2 3
Уәждемелік-түрткілік «Ғажайып дорба»дидактикалық ойыны. Дорбадан алған жеміс-көкөністі сипаттайды
(түсі,пішіні,дәмі).
Ұйымдастырушылық ізденістік Жұмбақ жасыру:
Көкпеңбек еді көктемде,
қызарды күзге жеткенде.
-Алма туралы не білесіңдер?
-Алманың түсі қандай?
-Пішіні қандай?
-Алманың дәмі қандай?
Алма
Мен алмамын, алмамын.
Таңдай жұлар бар дәмім.
Игровизормен жұмыс.
Сергіту сәті «Алма»
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенің,дәмдісін
Анамызға сыйлайық.
Алмасы бар себетті жұмыс үстеліне қойып,бірнеше алманы себеттен шығарып қою.Алмалардың себеттің ішінде,үстел үстінде қалай орналасқанына назар аудару.
Жай қарындашпен себетті белгілеу. белгілеу.
Көрінбей тұрған алмаларды есепке ала отырып, бір-бірін қалқалап тұрған себеттен жартылай көрініп тұрған аламаларды белгілеп алу.
Себетті түрлі түсті қарындашпен бояу.Ал алмаларды саусақ арқылы гуашьпен бояу.
Көмек қажет балаларға бағыт беріп отыру. Жұмбақты шешеді:
-Алма.
Сұрақтарға жауап береді.
Тыңдайды.
Қайталайды.
Алмаларды санап,белгілейді.
Сергіту сәтін жасайды.
Сөздерге сәйкес қимыл жасайды.
Мұқият тыңдайды,қарайды.
Жай қарындашпен себетті белгілеп.
Көрінбей тұрған алмаларды есепке ала отырып алмалардың суретін салады.
Себетті түрлі түсті қарындашпен бояйды.
Ал алмаларды саусақ арқылы гуашьпен бояйды.
Рефлексиялық-жинақтаушы Топпен жұмыс.«Алма жинау»ойыны.
Салынған суреттерден көрме ұйымдастыру.
Бағалау, талдау жұмыстары.
Балаларды мақтау,мадақтау. Балалар топқа бөлініп(қыздар мен ұлдар тобы) алмаларды жинайды.
Балалар ұнаған суреттерді атайды.
Қорытыңды бөлім:
Қабылдайды: алма-жеміс екенін
Түсінеді: алма түрлерін,жемістің пайдасын
Қолдана алады: түрлі түсті қарындашпен суретін салу,саусақпен бояуды.
Алмаларды санап,белгіле.









5965190321119500-635254000
33655053340003718560571500
25768303676650053117751016000
9004303556000
1577975141351000379603048768000
4383405889000
36436306457950024676102476500