?осымша білім беру мекемесінде ?йірме ж?мысын ?йымдастыруды? т?рі


«М.М. Катаев атындағы Оқушылар Сарайы» КМҚК. Павлодар облысы, Павлодар қаласы.
Ахантаева Сайран Болтақызы. Бірінші санатты Қосымша білім беру педагогы.
-3238510096500Мақала: Қосымша білім беру мекемесінде үйірме жұмысын ұйымдастырудың түрі
Бүгінгі таңда Қазақстанның білім беру жүйесінде тәрбие және білім беру мазмұнын жаңа сапалық дәрежеге көтеру өзекті және маңызды мәселе болып отыр. Өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесі әр кезде де қоғамның дамуы мен жетілуінің алғы шарттары болып табылады. Сондықтан болар, ұстаздың шәкіртке берген білімі күміске, ал тәрбиесі алтынға теңелген.Үздіксіз білім беру жүйесінің ажырағысыз бөлігі болып саналатын қосымша білім беруге бүгінде үлкен мән беріліп, мектептен тыс мекемелер қызметін жаңа сапада ұйымдастыру қолға алынуда.
Балаларға қосымша білім беру - үздіксіз білім берудің ажырамас бөлігі, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жеке тұлғаны өздігінен дамытуға, шығармашыл, дарынды балаларды анықтауға, оларға қолдау көрсетуге және балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған көп деңгейлі білім жүйесі.
Қазіргі қоғам жалпы ұстаз қауымына жаңа талаптар қойып отыр. Мұғалім - рухани дамыған, шығармашыл тұлға, кәсіби дағды мен педагогикалық шеберлік иесі, жаңалыққа құштар, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді әдістерін іздестіруші маман.  Мұғалім өз пәнін шебер меңгеруімен қатар, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, оның нәтижелерін алдын ала болжап, кемшіліктерін түзете білетін құзыретті тұлға болуы тиіс.
Педагогикалық сөздікте: «Оқуды ұйымдастыру формасы- оқудың -әдіс тәсілдерін тиімді қолдануды жүзеге асыру үшін оқушыларды топтастыру» деп анықтама берілген. Оқытуды ұйымдастырудың формалары-белгілі бір тәртіп пен режим негізінде жүзеге асырылатын оқыту процесін ұйымдастыру тәсілі. Мектептердің даму тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдамалары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары белгілі. Оның дамып жетілуі, қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты.
Қосымша білім беру педагогтардың тәжірибелері бойынша оқытуды ұйымдастырудың формаларын былайша топтастырылады: жеке (бір ғана оқушымен жұмыс істейді); топтық: оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады. (оқытудың бұл түрлі орта ғасыр мектептерінде қолданылған). Топтағы балалардың жасы ғана емес, білім деңгейі де әртүрлі болғандықтан көп деңгейлік тапсырма, саралап оқыту, модульдік және басқа да инновациялық әдіс және технологияларды қолданамыз. Оқушылардың білім сапасын анықтауда тест сұрақтары мен тапсырмалары, шығармашылық жаттығулардың орны бөлек.
Менің қазақ тілі үйірмемнің басты мақсаты - балалардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, оны тәжірибеде белсенді қолдану болғандықтан мен тіл дамытуға ерекше көңіл бөлемін.Оқушылардың сөздік қоры өте аз, төмен деңгейде, сондықтан сөз байлығын молайту мақсатымен келесідей ойындарды жиі пайдаланамын.
Квадрат ойыны:
Ғ А Л Ы М
Ойынның шарты: Ойыншылар кезекпен бір әріп қосып отырып, жаңа сөз ойлап табуы тиіс, сөзді қиғашынан құрауға болмайды; сөз неше әріптен құралса, ойыншы сонша ұпай жинайды, көп ұпай жинаған ойыншы жеңіске жетеді. Ескертетін жәйт: сөздің аудармасын міндетті түрде білу керек! Білмесе, ұпай алмайды.
Келесі ойынның шарты: берілген сөздің әріптерімен артық әріп қоспай, топ балалары сөз құрайды. Әуелі белгілі уақыт ішінде әркім өзі құрастырады, ескерілетін жәйт: сөздің аудармасын білу шарт, содан соң ең көп сөз құраған бала құрастырған сөздерін оқиды. Кейін қалған балалар айтылмай қалған сөздерін қосады. Бір ойын кезінде орта есеппен 70-80 –ге дейін сөздер құрастырылады. Біріншіден оқушылардың сөздік қоры байиды, екіншіден грамматикалық сауаты тексеріледі және нығаяды. Балалардың қызығушылығын арттыратын бұл ойын, олардың зейіні, еске сақтау қабілеті және басқаны тыңдай білу, қатесін аңғару сияқты қабілеттерін дамытады.Сонымен қатар балалар сауатты жазуға мән береді.
Сондай-ақ грамматикалық тақырыптарды өтуде ойынның маңызы зор. Мысалы, сан есімді өткенде лото ойынын ойнағанды балалар қатты ұнатады. Төменгі сынып оқушыларымен есептік және реттік сан есімдерді қайталап, тақырыпты бетітуге таптырмас ойын. Әдеби лото ойыны да оқушылардың сүйікті ойындарының бірі.
Ұқсас сөздермен ұйқастар құрау жасы кіші балалардың қызығушылығын арттыра түседі. Мысалы мынадай ұйқастар:
Камень-тас,бровь –қас; Масло-май, богатый –бай; Рука-қол, дорога-жол;
Грамматикалық ойындармен бірге балалар қазақ халқының ұлттық ойындардың түрлері асық, оның ішінде бес тас, хан талапай, орамал тастау, сақина жасыру сияқты ойындар да ойнатылады.
Үйірмеге бірнеше жыл қатысатын балалар ғылыми жоба, зерттеу жұмысын жазуға талпынып жүр. Олар келесідей тақырыптар бойынша зертеу жұмысын жүргізді: «Үндестік заңына бағынбайтын сөздер», «Халық ауыз әдебиетінде (мақал-мәтел) жиі кездесетін сан есімдер», «Қазақ және орыс тілдерінде мағыналары ұқсас мақалдар».
Тіл дамытуда мәтінмен жұмысқа көп көңіл бөлінеді. Мәтіннен қиын сөздерді тауып, олардың мағынасын терең игеру үшін сөз тіркесін,сөйлем құрау. Мәтіннің сөйлемдеріне сұрақ қою. Негізгі ойды анықтау. Соңында мазмұнын айту немесе негізгі ойды ашатын мақал айту.
Тәрбие жұмысы әр сабақта оқушылардың тілін жетілдіру және тереңдетумен қоса жүргізіледі.Тақырып бойынша теориямен қатар қазақ халқының тарихы,салт-дәстүрлері, ұлттық дүниетанымы туралы үнемі қосымша танымдық материалдар беріледі.Қазақ халқының бай, көркем тілін меңгеру және оның қолданыс аясын кеңейту мақсатында ауыз әдебиетінің мол қорын: жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді пайдаланамыз. Мемлекеттік, ұлттық және діни мерекелер қарсаңында топтор арасында жарыс, сайыстар өткізіледі. Мұндай шараларға топтың балалары белсенді қатысады. Олар үйірмеде үйренгендерін, ауызекі сөйлеу дағдыларын, сұрақ қою, жауап беру, сол сияқты байтақ еліміз – Қазақстанның жері, табиғаты, атақты адамдары мен батырлары туралы білдерін мәнерлеп айтуға күш салады.