?рпа? т?рбиесі — болаша? т?рбиесі ата -аналар жиналысы


Бекітемін:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Б.Баяхметова
Ата-аналар жиналысының жоспары
Мектеп: «Көктүбек орта мектебі»КММ Сынып: 7
Мерзімі: 05.0.12017 Ата-аналар саны : 8
Мұғалім: Нугыманова Г.К
Ата-аналар жиналысының тақырыбы:
Ұрпақ тәрбиесі – болашақ кепілі
Мақсаты:
Жалпыадамзаттық құндылықтардың отбасылық тәрбиедегі маңыздылығын түсіндіру арқылы, рухани - адамгершілік тәрбие беру.
Міндеттері:
1. Ұрпақ тәрбиесі – болашақ кепілі, яғни жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде түсініктерін кеңейту;
2. Ата - аналардың құндылықтар жүйесін бала тәрбиесіне және тұлға бойын қалыптастыра білу дағдыларын дамыту;
3. Отбасында бірін –бірі аялауға, сүюге, қиыншылықты жеңе білуге, төзімділік, сыйластық, жақсылық жасау, ынтымақтастық сияқты рухани – адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Ресурстары:
слайд, музыка, жұлдызшалар, құндылықтар терегі, сауалнамалар, «Жақсы адамдар» әнінің әуені.
1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, ата-аналарды қарсы алу. Топқа бөлу (жұлдызшалар арқылы 2 топқа бөлу).
2.Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену».
Жоспар:
ІІ тоқсан қорытындысымен таныстыру
Аудан орталығына саяхат «Жер жомарты - Ақсуат»
2. Балаларды тәрбиелеудегі ата - ананың рөлі мен жауапкершіліктері (Баяндамашы: Г.Асетова)
Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі
Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі
Ата-аналарға арналған сауалнаманы жүргізу
Ағымдағы мәселелер
Шығармашылық жұмыс
«Мен және менің отбасым».
Ата - ана пікірін тыңдау.
Топпен ән айту «Жақсы адамдар» Талдау
Үйге тапсырма
Баланың сүйіспеншілік қасиеттерін оятатын сөздерді жиі айтыңыздар.
«Мен және менің отбасым» тақырыбына эссе жазу
Жиналыстың қорытынды сәті.
Отбасында жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге алып сүйіспеншілікпен балаларымыздың бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамытсақ нұр үстіне нұр болары сөзсіз.Бүгінгі қыз ертеңгі ана,ол шешеге қарап өседі. Бүгінгі ұл - ертеңгі әке. Ендеше, балаға жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктік қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етеріміз сөзсіз. Жақсы сөз жарым ырыс. Сөздің құдіретін түсінейік. Бауыр еті балаңызға тиісті жерде жылы сөздеріңізді көбірек айтып, оны жақсы көретініңізді есіне салып жүріңіз. Сонда көптеген мәселелерден аулақ боласыз.
Жиналыстан алған әсерлеріңізбен бөлісіп, мына құндылық ағашына ілейік.
Бәріңізге үлкен рахмет! Мұғалім _______________________

Директор ______________________