Бернулли те?деуі та?ырыбында ашы? саба?


Күні: Пәні: Гидравлика
Тақырыбы: Бернулли теңдеуі.
Негізгі мақсаты: Білімділік: Энергияның сақталу заңы негізінде сұйықтар мен газдардың қозғалысын зерделеуді, Бернулли принципінің тұрмыста және техникада қолдану жағдайларын білу, Бернулли теңдеуіне, үзіліссіздік теңдеуіне есептер шығаруды меңгеру.
Тәрбиелік: Өзін-өзі бағалауға, жұппен жұмыс жасауға, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өз бетінше ізденіп жұмыс жасауға, ойын толық жеткізе алуға, өз бетінше шешім қабылдауға баулу.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар сұйықтар мен газдардың қозғалысын зерделейді. Бернулли теңдеуімен танысады және Бернулли принципінің тұрмыста және техникада қолдану жағдайларымен танысады. Бернулли теңдеуіне, үзіліссіздік теңдеуіне есептер шығаруды меңгереді. Сұйықтар мен газдардың қозғалысы туралы ой-өрістерін кеңейтеді.
Түйінді идеялар: Сұйықтар мен газдардың қозғалысы. Идеал сұйық. Тұтқыр сұйық. Бернулли теңдеуі. Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли принципінің тұрмыста және техникада қолданылуы. Ұшақ қанатының көтеруші күші
Дереккөздер: Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы /Т.М. Башта, С.С. Руднев, Б.Б. Некрасов и др./ – М.: Машинажасау, 1982. – 423 б. –37 – 57бет;
Шлипченко З.С. Насосы, компрессоры и вентиляторы. – Киев: Техника, 1976. – 368 б. –51 – 60 бет;
Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие по гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск: Жоғары мектеп, 1976. – 416 б.– 57 – 60 бет.
Қажетті көрнекі-құралдар: Интерактивті моделдер, негізгі иллюстрация.
Слайд. «Бернулли принципінің тұрмыста және техникада қолданылуы» . Өзін-өзі және өзгені бағалау парақшалары, ортақ критерий парақшалары,
І кезең. Төмендегі көпір тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді
«Көпір» тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары 1. Неліктен екі кеме бір-біріне жақын жүзіп бара жатқанда олардың бірі екіншісі өткенше тоқтап тұруы қажет?
2. Жоғарыдағы құбылысты қалай түсіндіреміз?
3. Сұйықтар дегеніміз не?
4. Ағыстың қандай түрлері бар?
Демонстрациялық тәжірибе
«Екі жолақ қағаз»

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын дері толтырады (30минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10минут).
«Білу» тапсырмалары 1. Идеал сұйық. Тұтқыр сұйық
2. Ағыстың түрлері

3.Үзіліссіздік теңдеуі. S1⋅v1= S2⋅v2
4. Теңізде, мұхитта, каналда және көлдерде ағыстың қандай түрлері болады?
5.Бернулли тұжырымы.

6. Неліктен екі құбырда су екі түрлі (үлкен және кіші) жылдамдықпен ағады?
Түсіну тапсырмалары 1. Идеал және нақты сұйықтардың элементар ағыншалары үшін бернулли теңдеуін жазыңыз. (Сұйық ағыны үшін)
2.Ағынның орташа жылдамдығы және тірі қима арасындағы өзара байланыс қандай?
3. Бернулли теңдеуінің геометриялық және энергетикалық мәні, олардың өлшем бірліктері қандай?
4. Гидравликалық, пьезометрлік және геометриялық көлбеулік нені сипаттайды?
5. Сұйық қозғалысы кезіндегі геометриялық, пьезометриялық және ағынды сызықтардың орналасу мүмкіндігін түсіндіріңіз?
ІІІ кезең (жеке жұмыс)
Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау кезеңі
І деңгейлік тапсырмалар
(5балл)
«Кері байланыс»
Теория
«Білу»
Практика 1.Олардың әр қайсысы ағын бағыты бойынша горизонтальды бола ала ма?
2. Кариолис коэффициентінің сандық мәні неменеге байланысты болады?
3. Сұйық шығынын өлшеу тәсілдері мен әдістерін атап көрсетіңіз?
4. Ағыстың тірі қимасының өлшемін өзгерткен кезде сұйық ағынындағы қысым өзгере ме?
5.Есептерді шешіңіз.

Толық қимада жұмыс істейтін құбырдың гидравликалық радиусын анықтаңыз, егер оның диаметрі болса.
ІІ деңгейлік тапсырмалар
(4 балл)
«Түсіну» тапсырмалары
1. Бернулли теңдеуінің геометриялық және энергетикалық мәні, олардың өлшем бірліктері қандай?
2. Гидравликалық, пьезометрлік және геометриялық көлбеулік нені сипаттайды?
3. Сұйық қозғалысы кезіндегі геометриялық, пьезометриялық және ағынды сызықтардың орналасу мүмкіндігін түсіндіріңіз?
4.Ашық каналдың гидравликалық радиусын анықтаңыз, оның ені және тереңдігі .
ІІІ деңгейлік тапсырмалар
(3, балл)

«Жинақтау» тапсырмалары
1.Вентури суөлшегіші орнатылған құбырөткізгіштегі сұйық шығынын анықтаңыз. Құбырөткізгіш диаметрі , суөлшегіштің қысылған бөлімінің диаметрі , пьезометр көрсеткішінің айырмашылығы .
2. және құбырөткізгіштерге арналған суреттерде тегеуріннің және пьезометрлік желінің сұлбасы көрсетілген:
а. идеал сұйық ағысы;
б. нақты сұйық ағысы.

3.Судың теориялық шығынын анықтаңыз, егер Вентури суөлшегішіндегі үлкен және кіші қималардағы тегеурін айырмашылығы Құбыр диаметрі , суөлшегіштің цилиндрлік бөлімінің диаметрі .
Бағалау
Үйге тапсырма беру Жинаған ұпайларын қорыту.
Ашық журналға түсіру
Жеке журналға тіркеу
Үйге орындауға қалған тапсырмаларды беру