Физика п?нінен Менделеев – Клапейрон те?деуі та?ырыбына саба? дайындамасы


Сабақтың тақырыбы: 4.6. Менделеев – Клапейрон теңдеуі .
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік Оқушылардың идеал газ күйі теңдеуінің физикалық мағынасын түсінуін қамтамасыз ету ; идеал газ күйі теңдеуінің дербес жағдайын үйренуін қамтамасыз ету; молекулалы- кинетикалық теория тұрғысынан газ заңдарын негіздеу , заңдардың әр түрлі координаталардағы графиктерін беру, оқушылардың білімін бағалауды жүзеге асыру.
2) Дамытушылық . Газ заңдарын қорытуда тәуелсіздігін , оқушылардың сөйлеу мәдениетіне дағдылануын, дербестігін дамытуды жалғастыру .
3) Тәрбиелілік .Оқушыларды жауапкершілікке ,ұжымшылдыққа , нақтылыққа тәрбиелеу .
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Көрнекі құралдар: диапроектор ,перфокарталар , үлестірме қағаздар .
Сабақтың барысы :
1. Ұйымдастыру .Оқушылармен амандасып ,сабаққа қатыстарын , бөлменің санитарлық-гигеналық жағдайын тексеру .
2. Үй тапсырмасын тексеру .Идеал газ . Молекулалы – кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі .
1. Идеал газ. А)Абсолют температураға тура пропорционал.
2.М К Т – ның негізгі теңдеуі. В) энергетикалық температураны Кельвинмен өлшенетін абсолют температурамен байланыстырады
3. Больцман тұрақтысының физикалық С) бірдей температура мен қысым кезіндемағынасы.газдың тең көлемдеріндегі молекулалар саны бірдей.
4.Газ молекулаларының орташа кинетикалық Д) р=энергиясы.
5.Авогадро заңының тұжырымдамасы. Е) молекулалары шексіз аз көлем алатын
Жауаптары: серпімді шарлар
1-Е,2-Д,3-В,4-А,5-С.
Өтілген тақырыпты қортындылау .
3. Жаңа тақырыпты оқып- үйрену.
Идеал газ күйінің теңдеуі
Термопараметлерді байланыстыратын теңдеу газ күйінің теңдеуі деп аталады. МКТ-ның негізгі теңдеуін пайдаланып, қорытып шығарайық.
р=пкт, п=
R=1,38*1023 *6,02*10 23 =8,31
Универсал газ тұрақтысы дегеніміз-заттың бір молінің температурасын 1К-ге арттыру үшін оған қанша жылу мөлшерін беру қажет екенін көрсететін физикалық шама.
РV= RT идеал газ күйінің теңдеуі деп аталады.Бұл теңдеуді тұңғыш рет орыс ғалымы
Д.И.Менделеев және атақты француз ғалымы Б.П.Клапейрон алды. Сондықтан бұл теңдеу Менделеев-Клапейрон теңдеуі деп аталады.Бұл теңдеу тәжірибеде тағайындалған бірқатар газ заңдарын жалпылайды.Қандай затты алғанымызға тәуелсіз болатын жалпыланған заңдарды ашу- физика ғылымының мақсаты.РV/Т=МТ түрінде жазсақ, онда теңдіктің оң жағында газдың мольдік массасына ғана тәуелді болатын тұрпақты шама тұрады. Сонда РV/Т=coпst
Қалыпты жағдайда Р=101325 Па , Т=273 К ,V=22,4 л/моль
R= 8,31 Дж/К*моль
Изопроцестер. Газдардағы өтіп жатқан көптеген процестердің ішінен газдың берілген массасы үшін қандай да бір термопараметрдің тұрақты болып қалатын кезіндегі процесс изопрцесс деп аталады.
Тұрақты температура кезінде өтетін процесс изотермалық (грек, isos- бірдей,therme- жылу) тұрақты қысым кезінде өтетін процесс изобаралық (грек ,isos –бірдей ,baros- ауырлық салмақ) деп аталады.Егер көлем тұрақты болса ,онда процесс изохоралық деп аталады.(грек, isos-бірдей және chosa- көлем) .
Изотермалық процесс. Ағылшын физигі Р.Бойль 1662 жылы және оған тәуелсіз француз физигіЭ.Мариотт тәжірибе жүзінде тұрақты температура кезінде газдың берілген массасы үшін оның қысымының газ алып тұрған көлемге көбейтіндісі тұраты шамаға тең болатынын тағайындады, яғни рV=coпst.. Бұл заң Бойль-Мариотт заңы деп аталады. Теориялық жолмен Бойль-Мариотт заңын Менделеев-Клапейрон теңдеуін газдың екі күйі үшін жазып, жеңіл алуға болады. Газдың бірінші күйі рV=m/M*RT,
екінші күйі үшін
Р=m/M*RT р=рV
Бойль-Мариотт заңы бойынша газдың берілген массасының қысымы изотермалық процесс кезінде көлемге кері тәуелді, яғни гипербола аламыз.рV координата жүйесінде алынған қисық идеал газдың изотермасы деп аталады.
Изобаралық процесс.Француз физигі Гей-Люссак 1802 жылы тәжірибе жүзінде тұрақты қысымда газдың берілген массасы көлемінің температураға сызықты тәуелді болатынын тағайындады, яғни V1/V2=Т1/Т2. Бұл заң Гей –Люссак заңы деп аталады.
V1/V2=Т1/Т2.Гей- Люссактың өзі бұл заңды V=V0(1+t) түрінде алды. –көлемдік ұлғаюдың температуралық коэффициенті.
Идеал газ көлемінің температураға тәуелділігі изобаралық процесс кезінде сызықты болатындықтан, бұл процестің Vt координаталарындағы графигі изобара деп аталатын түзуді береді.
Изохоралық процесс. Бұл процесті француз физигі Ж. Шарлдь зерттеген.1787 жылы ол тәжірибе жүзінде тұрақты көлемде берілген газ массасының қысым оның температурасына тура пропорционалл болатынын тағайындады, яғни р1/р2=Т1/Т2. Бұл- Шарль заңы.Изохоралық процесс кезіндегі газ қысымы мен температурасының арасындағы тәуелділік сызықты болып табылады.рТ координаталарында бұл түзу изохора деп аталады.
Осы үш заңмен қатар тағы да маңызды екі заңды атап өту керек. Оларды итальяндық физик А.Авогадро және ағылшын физигі Д.Дальтон ашты.
А.Авогадро /1811 жылы мынадай болжам айтты: бірдей қысым мен температурада газдың бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны тең. Физиканың даму барысында бұл гипотеза дәлелденді. Мұны молекулалы- кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін пайдаланып дәлелдеуге болады. р=пкТ ,п=N/V,рV=NkT N=РV/кТ
1801 жылы ашылған Дальтон заңы газ қоспасының қысымын және қоспаның жеке компоненттерінің жалпы қысымға беретін нақты «үлесін» анықтайды . Өмірде біз таза газды емес , газ қоспасын кездестіреміз.Мысалға, ауа азоттан, оттектен, көмірқышқыл газынан және басқа да көптеген газдардың қоспасынан тұрады.Дальтон осындай газ қоспасының қысымын анықтауды мақсат етті.Бұл үшін ол парциаль (үлестік) қысым деген жаңа ұғым енгізді. Үлестік қысым деп газ қоспасының әрбір газы осы көлемді жалғыз өзі алатын кездегі қысымды айтады.Дальтон газ қоспасының қывсымы осы қоспаға кіретін барлық газдардың үлестік қысымдарының қосындысына тең болатынын тағайындады,яғни р=р1+р2+...+рп .Міне, бұл Дальтон заңы деп аталады.
4.Бекіту. Топты үшке бөлеміз.
1. Топтастыру 1-ші топқа Идеал газ

2- ші топқа Универсал газ тұрақтысы
3- ші топқа изопроцестер
2 .Изопроцестер.
1 топ изотермиялық
2 топ изобаралық
3 топ изохоралық
әр процеске тән заңдарды жазуы керек.
3. Графиктермен жұмыс.
Изотерма , изобара ,изохора .
4. Тест орындау.
1. Идеал газ күйінің теңдеуі төмендегі қатынастармен өрнектеледі
1) р = пкТ ; 2) р V= m/M*RT ; 3) рV/T =кm/m0 ; 4)рV /Т=кN.
А) 1 ; В) 2; С) 3 ; Д) 4.
2.Авогадро тұрақтысының Больцман тұрақтысына көбейтіндісі қалай аталады ?
А) Авогадро- Больцман тұрақтысы ; В) Күй тұрақтысы ; С) Универсал газ тұрақтысы ; Е) Жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.
3. Гей- Люссак заңының формуласы былай өрнектеледі
А) VT=const ; В) V=V0(1+Т); С) Р=Р0(1+Т); Д) PV/T=RT
4.Больцман тұрақтысының өлшем бірлігін атаңдар;
А) Дж/К; В) Дж/ Моль*К ; С) Дж/Моль ; Д)Дж*К.
5.Тұрақты көлем кезіндегі газ күйінің өзгерісі қандай процесс деп аталады ?
А)Изотермалық; В ) Изобаралық ; С) Изохоралық; Д )Адиабаталық.
Жауаптары: 1.В ;2.С; 3.В ; 4. А ; 5.С.
5. Үйге тапсырма беру. 4.6.
Венн диаграммасын толтыру .Изотермалық , изобаралық, изохоралық.