Математикалы? маятникті? к?мегімен еркін т?су ?деуін аны?тау.


Т.Рысқұлов ауданыҚұлан ауылыФизика пәні бойынша 9сыныпта жасалынған зертханалық жұмыс үлгісіПән мұғалімі: Сарсенбиева Айнагүл Махталықызы
9 сынып.
№3 Зертханалық жұмыс.
Математикалық маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау.
Жұмыс мақсаты: математикалық маятниктің тербеліс периодының T= 2 π√lg формуласы бойынша еркін түсу үдеуін анықтау.
Жабдық: зертханалық тұрғы,зертханалық жүктер жинағы,жіп,
сызғыш,метроном.
Жұмыс барысы:1.Парта шетіне тұрғы орнатыңдар. 2. Тұрғыға сақинаны бекітіп, оған жіпке байланған денені іліңдер.Дене еденне 3-5 см жоғары тұруы керек.
3. Сызғыш көмегімен жіп ұзындығын өлшеңдер. l=1.3м
4. Маятникті тепе-теңдік күйінен 5-8 см-ге ауытқытып,содан соң жіберіңдер.
5. Толық қырық тербеліс жасауға кеткен уақытты Δt өлшеңдер.
Δt=90,8с
6. Шардың тербелісінің Δt аралығын белгілеп, тәжірибені
бірнеше рет қайталаңдар және келесі формула бойынша
Δtорт орташа мәнін есептеңдер:
Δt= Δt1+Δt2+……….+ΔtNN
Мұндағы N –тәжірибелер саны
Δt=90,8с+90,8с+90,7с3 =90,8с
7.Тәжірибе өткізгеннен кейін Δtорт мәні бойынша тербеліс кезеңінің
орташа мәнін Торт есептеңдер.
Торт = ΔtортN Торт=90,8с40=2,27с
8.Тәжірибе нәтижелері бойынша gорт еркін түсу үдеуінің мәнін келесі формула
бойынша есептеңдер:
gорт= 4π2T2l gорт=4·(3,14рад)2·1,3м(2,27с)2 = 9,8 м/с29. Алынған нәтижелерді кестеге жазыңдар.
Тәжірибенөмірі l,м N Δt,с Δtорт, с Торт.с gорт,м/с2
1 1.3м 40 90,8с
90,8с 2,26с 9,8м/с2
2 1,3м 40 90,8с 3 1,3м 40 90,7с 4 1м 40 80с 82с 2с 9,8м/с2
5 1м 40 84с 6 1м 40 83с Қорытынды:Парта шетіне тұрғыны орнатып,тұрғы сақинасына жіпке байланған ауыр шар ілдім. Жүк еденен 3-5 см жоғары тұратындай етіп орналастырдым.Маятникті тепе-теңдік күйінен 5-8 см-ге ауытқытып,содан кейін жібере салдым.Маятниктің ұзындығын өлшеуіш сызғышпен өлшеп алдым.Толық 40 тербеліс жасауға кеткен уақытты секундомермен анықтадым. Шардың тербелісінің Δt уақыт аралығын белгілеп, тәжірибені бірнеше қайталадым,
келесі формула бойынша Δtорт орташа мәнін есептедім..
Δt= Δt1+Δt2+……….+ΔtNN , Δt=90,8с+90,8с+90,7с3 =90,8с. Тербеліс периодының орташа мәнін формула бойынша Торт = ΔtортN , Торт=90,8с40=2,27с таптым.
Тәжірибе нәтижелері бойынша gорт еркін түсу үдеуінің мәнін келесі формула
бойынша есептедім: gорт= 4π2T2l , gорт=4·(3,14рад)2·1,3м(2,27с)2 = 9,8 м/с2Алынған нәтижелерді кестеге жазып көрсеттім.