4-сынып Д?ниетану Егеменді еркін ел саба? жоспары


Пәні: Дүниетану
Сыныбы: ІҮ.
Сабақ тақырыбы: Егеменді еркін ел
Сабақ мақсаты: 1) Қазақстан Республикасының егемендігін жариялауы, мемлекеттік тәуелсіздігін алуы туралы мәліметтер беру, егемендік пен тәуелсіздік жөнінде оқушылардың ұғымына сай жалпы түсінік беру;
2) тарихи дамудың баламалы жолдарын саралай білуге қызықтыру, оқушылардың тілін дамыту, ақпараттарды игеру қабілеттерін дамыту;
3) Қазақстандық отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілгі: Кеңес Одағы саяси-әкімшілік картасы, дүниежүзі саяси картасы, батырлар суреті
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест
Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Амансың ба, Алтын күн?
Амансыз ба, достарым?
Нұрын шашып жеріме
Көктем келді шырайлы
Егеменді елімнің
Таңы атты арайлы.
Ертеңіне үмітпен
Болашағы қарайды.
ІІ. Өткенді пысықтау. А) Ой шақыру Тарау аты, үй тапсырмасы еске түсіріледі.
Сұрақтар:
1. Қазақ тарихында 18 ғасырдың алғашқы жартысында болған өте қиын кезеңді ата. ( Жоңғар шапқыншылығы)
2. Жоңғария мемлекеті қазіргі қай елдің жерінде болды? (батыс Қытайда)
3. Қазақ және жоңғар хандықтарының қарулы қақтығыстарына нелер себеп болды?
4. Қазақ – қалмақ соғысындағы негізгі қаруларды ата. ( қылыш, семсер, найза, айбалта, шоқпар )
5. Жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақ батырларын ата.
Ә) Біліміңді сынап көр! Мәтін бойынша тест орындалады.
Б) Ой толғау. Қазақ батырларының аңсаған армандары не еді?
ІІІ. Жаңа сабақ
Мұғалім: Ата-бабаларымыз аңсаған арманы тәуелсіздік, егемендік еді. Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз «Егеменді еркін ел» деп аталады.
Егемендік, егеменді, егемен деген сөздерді айтып жатамыз, мағынасын түсініп алайық.
Егемендік - бір мемлекеттің ішкі істерінде ешбір мемлекетке тәуелді болмауы және сыртқы саясат жүргізу еркіндігі, тәуелсіздігі.
Егемен - өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.
Мұғалім: - Балалар, біздің еліміздің тәуелсіздік алғанына неше жыл болды?
Тәуелсіз алғанға дейін біз қай ел атандық, білесіңдер ме?
Мағынаны тану. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) – империя
15 одақтас республикалар
Қазақстан тәуелді, орталыққа бағындырылған
1980 жылдардағы демократиялық қайта құрулар
1990 жылы 25-қазанда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының
Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды.
Декларация – жұртшылыққа бір шаруа жайлы жария ететін ресми
Мәлімдеме.

1991 жылдың 10 желтоқсанынан Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан деп атала бастады.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Тәуелсіздігі туралы ҚР Конституциялық Заңы қабылданды.
ІҮ. Сергіту сәті.
Ү. Өзің пайымда.
1. Қазақ халқына тәуелсіздік оңай келді ме? Олар не істеді? Кімдер құрбан болды?
2. Кеңес Одағының құрамында болғанда Қазақстан неліктен шет елдермен тікелей байланыста бола алмады?
3. Халықаралық қатынастар қандай елдердің арасында ғана болады деп ойлайсың?
4. Қазақстан халықаралық қатынастар жасау үшін не істеді?
5. Біздің тәуелсіздігімізді нелер білдіреді?
ҮІ. Ой ширату. Топтық жұмыс
І топ. «Менің елім – Қазақстан»
ІІ топ. «Мен – егеменді елімнің болашағымын»
ІІІ топ. «Біздің тілегіміз – еркіндік»
Әр топ өздеріне берілген тапсырманы талқылап өз пікірлерін айтады.
ҮІІ. Сабақты беркіту.
Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстан қай елдің қарамағында болды?
Егемендік дегенді қалай түсінесің?
ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігін қашан жариялады?
Демократия деп нені айтамыз?
Тәуелсіз ел болу мен тәуелді ел болудың айырмашылығы бар ма?

ҮІІІ. Қорытынды.
Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына неше жыл?
Тәуелсіздігіміздің баянды болуына кімдер атсалысуда?
Тәуелсіздікті сақтап қалу жолында не істер едіңдер?
ІХ. Үйге тапсырма 149-151 бет, №6 тапсырма
Х. Бағалау. (Оқушылар бағалау бетшелеріндегі жинаған ұпайларынан қорытынды баға шығарып, өздерін бағалайды)